Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет58/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

АНАЛИТИКАЛЫҚ  ПСИХОЛО-

ГИЯ – (1913) К.Юнг негізін салған 

тереңдік психологияның бағыты. Ол 

психиканың  автономды  өзіндік  рет- 

телуші жүйе ретіндегі идеалистік тү- 

сінікке негізделеді. Бұл бағыттың тео- 

риялық  тұжырымы  бойынша  адам 

психикасы  саналы  мен  санасыздық- 

тың өзара компенсациясына негізде- 

леді. Ал олардың интеграциясы – тұл- 

ғаның  тұтастылығына,  оның  жеке-

даралануына жетудің жолы. А.п. пси- 

хопатология және психотерапияға, со- 

нымен қатар, философия, антрополо- 

гия, мәдениет тарихы, этнология, ми- 

фологияға ықпал етеді.

АНАЛОГИЯ – тиісті, лайықты, ша- 

малас, сай келушілік. Объектілер ара- 

қатынасындағы  кейбір  ұқсастықтар. 

А. таным әрекетінде гипотезаны (жо- 

рамалды)  ұсыну  үшін  пайдаланады. 

А.  арқылы  ойлау  ғылыми  жаңалық- 

тарға жеткізуі мүмкін. А. – жекелікке 

қарай  дамитын  нәтижелі  ой  қоры- 

тындысы. Аналогия – ұқсастық. Ұқсас 

нәрселерді салыстыра отырып зерттей- 

ді, аналогия арқылы жасалған қоры- 

тынды мәліметтер болжамды сипат- 

та болады.

АНАЛЬГЕзИЯ  –  ауруға  деген  сез- 

гіштіктің  төмендеуі  немесе  мүлдем 

жойылуы.  А.  анальгетик-дәрілерін 

қолдану арқылы немесе ауру көзімен 

байланыспаған объектілерге (музыка, 

шу және т.б.) шоғырлану, сондай-ақ 

сендіру, өзін-өзі сендіру немесе гип- 

ноздың көмегімен жүзеге аса алады. 

А. жалпы немесе нүктелік массаждың 

да көмегімен, сондай-ақ жылу неме- 

се суықты дененің белгілі бір нүктеле- 

ріне басу арқылы жасалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет