ПАТОЛОГИЯЛЫҚ КҮМӘНДАНУ
(грек. рathos – азап, ауру) – нақты не-
месе ықтимал қолайсыздық пен қиын-
шылыққа төзуге ипохондриялық то-
рығушылық. Мәселен, асқазанның сәл
де болса мазалауы не тері қабатын-
дағы кінәрат субъектіні қатерлі ауру-
ға шалдықтым деген азап ойға жете-
лейді. Бұған сондай-ақ күмәншілдік,
жеңіл-желпі нәрсенің өзін егжей-тег-
жейлі талдау, оған мән берушілік, бе-
йімділік және басқа да мінез ерекше-
ліктері себепші болады. Патология-
лық күмәнданудан психотерапевтік
ақылға қонымды кеңесі арқылы
арылтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |