ПӘТУА (консенсус; лат. сопsensus –
келісу, бірауыздылық) – 1) даулы мә-
селелер бойынша дауысқа салмай
келіссөз барысында ортақ келісімге
келу. Оқу-білім мекемелерін басқару
процесінде шешім қабылдаудың бір
амалы; 2) белгілі бір іс жөніндегі бі-
тім, тоқтам, келісім; ислам дінінде
шариғат бойынша керекті мәселе, іс
жөнінде дінбасы муфтидің, бас қа-
зының шығарған қарары, шешімі,
тоқтамы, қорытындысы. Мұсылман-
дар үшін пәтуа – бұлжытпай сөзсіз
орындалуға тиісті заң, міндет, парыз.
Пәтуа, әдетте, қағида, ереже, нұсқау
түрінде жазылып, мұсылмандарға
жария етіліп, таратылып отырған.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТ-
ТЕР – мұғалімнің педагогтік қызмет-
те жоғары нәтижелерге жетуін қам-
тамасыз ететіндей даралық-психоло-
гиялық ерекшеліктері мен кәсіптік
тұрғыдан маңызды қасиеттерінің жал-
пылама жиынтығы. Педагогикалық
қабілеттердің мынадай түрлері сара-
ланады: гностикалық (танып білу жә-
не одан ләззат ала білу), дидактика-
лық (түсіндіре білу, білім бере үйрете
білу), коммуникациялық, (қарым-қа-
тынас, ынтымақтастық жасай білу),
конструктивтік (оқу-тәрбие мате-
риалын іріктеп ала білу, жобалай, жа-
сай білу), ұйымдастырушылық (шә-
кірттерін әр алуан қарекет түрлеріне
еліктіріп, тарта білу, қатысушылар-
дың бәрін біріктіріп, олардың мүд-
делерін қойылған мақсатты орындау-
ға бағыттай білу), перцептивтік (ба-
ланың ішкі жан дүниесін ұғына білу,
олардың сезімдері мен жай-күйін тү-
сіне білу, эмпатияға қабілеттілік),
болжамдаушылық (педагогикалық
көрегендік жасай білу, педагогика-
лық қызметтегі өзара әрекеттестік
Достарыңызбен бөлісу: |