435
нәтижелерін болжай білу), суггестив-
тік (мұғалімнің эмоциялық, ерік-жі-
герлік иландырушылық ықпалы, нық
айтылған жігерлі сөзбен қажетті әсер
нәтижесіне жете білу қабілеті), экс-
прессивтік (мұғалімнің өзінің білімі
мен сенімдерін эмоциямен әсерлі
етіп айтып жеткізе білуі, артистизмі,
дауыс ырғағы, ым-ишара, оңтайлы-
лық элементтерін жетік меңгеруі).
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛО-
ГИЯ – білім беру мен тәрбиелеудің
психологиялық негіздерін зерттейтін
жас ерекшелігі психологиясымен
тығыз байланысты сала, өйткені білім
беру мен тәрбиелеудің психологиялық
заңдылықтарын оқитындардың жас
шамасы және даралық ерекшелік-
терін ескермейінше, дамыту мүмкін
емес. П.п. саласындағы зерттеулер
білім беру мен тәрбиелеудің мәнін
дұрыс түсінуге, оқулықтар мен оқу
құралдарына қойылатын әртүрлі та-
лаптарды анықтауға, оқушылардың
ақыл-ой әрекеті мен мінез-құлқын
басқара отырып, олардың дамуын
қамтамасыз ететін білім беру және
тәрбиелеудің тиімді тәсілдерін тауып
негіздеуге мүмкіндік береді. П.п. пе-
дагогтар мен оқушылардың арасын-
дағы өзара қатынас мәселелерін, пе-
дагогтың жеке басына қойылатын та-
лаптарды зерттейді, педагогикалық
қабілеттер мазмұны мен қалыптасу
үрдісін ашады. Сонымен қатар оқу-
шылар ұжымындағы өзара қатынас-
тармен, олардың психологиялық да-
ралық ерекшеліктерімен санасып
отырудың мүмкіндіктерін іздестіреді.
Оқу-тәрбие жұмыстарын және бала-
лардың психологиялық ерекшелік-
терін қарастырып, бірқалыпты даму
заңдылықтарынан ауытқыған бала-
лармен тәлім-тәрбие жұмысын жүргі-
зу әдіс-тәсілдерінің психологиясын
зерттейді. Сондай-ақ, ересек адамдар-
мен жұмыс істеудің ерекшеліктері-
мен және оларды қалай оқыту мәсе-
лелерімен де шұғылданады.
Тәлім-тәрбие психологиясының ке-
лесі тармақтары бар: 1) Оқыту психо-
логиясы – дидактикалық психоло-
гиялық негіздерін, оқыту мен білім
берудің жекелеген әдістеме мәселе-
лерің бағдарлап оқыту мен балалар-
дың ақыл-ойын дамыту сияқты өзге
де мәселелермен айналысады. 2) Тәр-
бие психологиясы – гуманистік және
әлеуметтік тәрбие мәселелерінін пси-
хологиясын зерттеп, оқушылар ұжы-
мының, еңбекпен түзету педагоги-
касының психологиялық негіздері-
не қатысты мәселелерді іздестіреді.
Бұлардан басқа мұғалімдер психоло-
гиясы, кемтар балаларды (ересектер-
ді де) оқытып тәрбиелеу мәселеле-
рін қамтиды. П.п. – балаларды оқыту
мен тәрбиелеу мәселелері туралы бі-
лімдерді қарастыратын, сондай-ақ
мұғалімдердің, тәрбиешілердің, ата-
аналардың, педагогикалық топтар
мен ұжымдардың іс-әрекетінің пси-
хологиялық негіздерін зерттейтін
психология ғылымының саласы. П.п.
терминін орыс педагогі П.Ф. Капте-
рев (1849-1922) енгізді. П.п. қалып-
тасуына XIX ғ. ортасындағы сарап-
тау психологиясы тікелей ықпал етті
П.п. педагогика мен балалар психо-
логиясымен, дифференциалдық пси-
хологиямен тығыз байланысты. П.п.
құрылымы үш бөлімнен тұрады: тәр-
бие психологиясы, оқыту психология-
сы, мұғалім психологиясы.
Достарыңызбен бөлісу: