438
ПЕРСЕВЕРАЦИЯ (лат.
perseveratio –
қасарушылық, қыңырлық) – белгілі
бір қимыл-әрекетті, қобалжуы, арна-
йы пиғылдан тыс қайталанып үне-
мі қайта жаңғыртылуы. П. ерекше
жағдайда әр түрлі көрініс табады:
қимыл-қозғалыс, эмоциялық, сенсор-
лық-персетивтік сезімдік – аясында,
сондай-ақ ми бөліктері жартылай за-
қымданғанда, байқалатын жағымсыз
бейнелер. П. көңіл күй жиі бұзылған-
да немесе қатты қалжырағанда қай-
талануы мүмкін.
ПЕТРОВСКИЙ АРТУР ВЛАДИ-
МИРОВИЧ (1924-2005) – орыс пси-
хологі, академик. Ресей білім ака-
демиясының президенті. Психология
тарихы, педагогикалық, әлеуметтік
психология салаларынан 2000-ға
жуық ғылыми мақаланың, 30-ға
жуық жеке еңбектердің (оқулық, мо-
нография т.б.) авторы. Жиырмаға
жуық еңбектері шетел тілдеріне «қы-
тай, вьетнам, болгар, неміс т.б.) ауда-
рылған. Негізгі еңбектері: «Совет пси-
хологиясының тарихы» (1966), «Жас
және педагогикалық психология»
(1979), «Жалпы психология» (1970-
2004), «Әлеуметтік психология» (1986),
«Психологияның жапы теориялық
мәселелері» (2001) т.б.
Достарыңызбен бөлісу: