482
көрінетін параноидтік сандырақ ке-
зінде ауру айналасындағы адамдар-
дың әр қимылы мен ишарасын ұйым-
дасып, бір-біріне белгі беру» және т.б.
деп ұғынып, қашып кетуге, тығылып
қалуға және т.б.ты-рысады).
Сандырақты аса құнды идеялар дей-
тіннен ажырата білу керек – мұндай
идеялар кезінде белгілі бір нақты
өмірлік проблема психикалық тұр-
ғыдан сау субъекттің санасында шек-
тен тыс (аса құнды) мәнділікке ие
болады.
САНГВИНИК (лат.
sanguinus – қан) –
сипаттау. Осы типтегі адамның эмо-
циялық. қозуы шапшаң, күшті бола-
ды, бірақ көп тұрақтамайды. Көңіл
күйі әп-сәтте өзгереді. С. – әсершіл
адам. Ұнатқан, сүйсінген нәрсесіне
елігіп әуестенуі де оңай, жеңсігінің
басылуы да жылдам. Төңірегіндегі
оқиғаларға, нәрсенің мән-жайына
елең етіп, көңілденіп, басқа әсерге
ауысып кетуі де тез. Көңілі көтерің-
кі келеді. Ұзақ уақыт мұңайып жүр-
мейді. Бастан кешкен сезім күйлері
санасында елеулі із қалдырмайды.
Шапшаң да икемді, қозғалғыш та
қызу, еті тірі, сергеке келеді. Сезім
күйлерін сыртқы қимылдары әйгі-
леп тұрады. Көтеріңкі, мәнерлі сөй-
лейді, мимика, қимылы көп. Ақжар-
қын, ашық келеді. Мұндай адам бас-
қалармен тез тіл табысады, бірақ қа-
рым-қатынасқа онша мән бермейді.
Қызықтырған іске бейімділігі, тала-
бы, талпыну
көп, бірақ оп-оңай ба-
сылып қалады. Бастаған ісіне тың-
ғылықты болмай, жұмысы аяқсыз қа-
лады. Іске қатысуға әр уақыт дайын
тұрады. Кейде бірнеше жұмысқа бір-
дей кіріседі. Басында көңілі көтерің-
кі болып, іс үстінде лезде суиды.
САЙФ САРАИ. Алтын Орда мем-
лекетінің XIV ғасыр мәдениетінің
көрнекті өкілдерінің біріне қазақ
жерінің Қамысты деген мекенінде
дүниеге келген Сайф Сараиды жат-
қызуға болады. Ол Өзбек хан тұ-
сында Еділ бойындағы Сарай қала-
сында тұрған. Өмір жолы мен шы-
ғармашылығы туралы жөнді мағлұ-
мат сақталмаған. Кейіннен Египетте
тұрып, Александрияда қайтыс болады.
1391 жылы жетпіс жасар Сайф пар-
сы ақыны Муслихутдин Сағдидың
«Гүлістан» дастанын түркі тіліне ау-
дарып, оған «Гүлістан бит-турки»
деп ат қояды. Дастан қолжазбасы-
ның түпнұсқасы бүгінде Лейден уни-
верситетінде (Голландия), оның фо-
токөшірмесі Анкара университетін-
де (Түркия) сақтаулы тұр. Шығарма-
да көптеген көркем бейнелі, тәліми
сипаттағы нақыл, ұлағат сөздер кез-
деседі. Сарайдың осы шығармасы
алдымен Анкарада (1915), кейіннен
орыс, өзбек тілдерінде жарық көрді.
Мұнда ел билеушілер мен бұқара
халық жайында, қанағаттылық пен
тілге сақ болудың пайдасы мен зия-
ны туралы, жігіттік пен кәрілік жайын-
да, адамгершіліктің әртүрлі сипат
қасиеттері сөз болады. Осы тәліми
сөздердің бәр-бәрі хисса-хикаят тү-
рінде айтылады. Шығармада сондай-
ақ, ұят пен ынсап («Ұятсыз адам ит-
тен де жаман»), жақсылық пен жа-
мандық, жомарттық пен сараңдық
(«Жомарт ерге ел алғысын төгеді, са-
раң атын естісе жұрт сөгеді»), қаты-
гезділік пен мейірімділік, шындық
Достарыңызбен бөлісу: