483
пен өтірік, күншілдік пен бақастық
(«Жарғанат жарықты сүймейді, күн-
шіл ғылымды сүймейді»), ақылды-
лық пен білімділік, т. б. мәселелер сөз
болады.
САРАҢДЫҚ – адам мінезінің нашар
қасиеттерінің бірі. Әркез де өмір сүр-
ген ұлы ғұламалар мұндай жиреніш-
ті – қаттылық, қараулық, қарабайлық
сияқты әдеттерден жұртшылықты,
әсіресе жасөспірімді сақтандырып
отырған. Мәселен, өзбек ойшылы Әлі-
шер Науаи: сараң – пайғамбардың
жиені болса да, пейішке бармайды
десе, түркістандық Ахмет Жүйнеки:
«Сараң дүниенің малын жиса да той-
майды» – дейді. «Диван лұғат ат тү-
ріктің авторы Махмұд Қашғари мұн-
дайларды «Өзі жемей мал жиып са-
раң болады, содан күні қараң бола-
ды», – деп келемеждеген.
Орыстың ұлы жазушысы А.С.Пуш-
кин «Сараң сері» драмасында Аль-
берттің образы арқылы құлқынын
ақша тескен адамның психология-
сын шебер көрсеткен («Е, менің әкем
үшін ақша... бас перінің қожасы, ол
иттің суық жатағында тұрады, ке-
регі оның қара су мен кепкен нан,
көз ілмейді түн бойы, жүгірді арсыл-
дап, ал алтыны жатыр сандығында
мызғымай»). С. пайдакүнемдіктен
туындайды. Пайда қуған адам шын-
шыл да, принципшіл де, батыл да, өз
парызына адал да бола алмайды.
Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық-
пен «табыс» табуға әдеттенген адам-
дар көбейе бастады. Бұлар шынту-
айтқа келгенде адамға тән аяулы
сезімдерден, өз халқына, Отанға
деген сүйіспеншіліктен, ізгілік пен
имандылықтан, жан тазалығынан
жұрдай адамдар.
«Тәрбие бесіктен басталады» деген-
дей, әр ата-ана өз ұрпағына мұндай
жаман қасиетті дарытпау жағын ба-
ласы жарық дүниеге келгеннен бас-
тап ойластыруы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: