Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет743/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   739   740   741   742   743   744   745   746   ...   877
ТӘЖІ

ТЕМІ


516

лері», Алматы, 1953) жазып, осы та- 

қырыпта  кандидаттық  диссертация 

қорғады.


ТӘРБИЕЛЕУ ПСИХОЛОГИЯСЫ. 

Тәрбие ісі – ой-шұңқыры, қыры мен 

сыры мол неше түрлі тәсіл, әдістерді 

қажет  ететін  аса  күрделі  процесс. 

Бұл жерде, осы айтылғанның бір жа- 

ғына,  яғни  тәрбие  әдістерінің  бірі  – 

тәрбиеленушілерге  талап  қоя  білу, 

оның нәтижесін қадағалап отыру мә- 

селесіне  тоқталмақпыз.  Адамға  дұ- 

рыс  талап  қойылмаса,  тапсырылған 

іс  уақытында  қадағаланбаса,  біртін- 

деп берекесіздік пайда болады. Сон- 

дықтан балаға кішкентай кезінен бас-

тап, шамасы келетін талаптар қойып, 

міндеттер жүктеп, олардың орында-

луын бақылап отырмаса, жас өскінді 

жауапкершілікке, өз борышын дұрыс 

түсіне  білуге  машықтандыру  қиын. 

Талап қою, міндет жүктеу – бала мек-

тепке барғаннан кейін ерекше мәнге 

ие болады. Мұнсыз оқудың, оны ми- 

ға тоқудың өзі мүмкін емес.

Мәселен, жеті жасар бала мұғалімнің 

үйге берген тапсырмаларын орындап 

тұруға біртіндеп машықтануы қажет, 

ұстаздың  талап-тілектерін  орындау 

оқушы үшін – заң. Оқушыға міндет 

алу,  тәрбиешінің  талабын  мүлтіксіз 

орындап  шығу  –  үлкен  жауапты  әрі 

жанды  жадырататын  іс.  Бұл  жайт 

шәкірттің психикасына зор салмақ са- 

лып, бала психологиясын күрт өзгер- 

туге  себепші  болады.  Өйткені,  мек-

тепке дейінгі тербиеде шын мәніндегі 

талап  қоюшылық  міндет  алушылық 

болмайды,  белгілі  міндет  жүктеу, 

белгілі  талап,  ережелерді  орындат- 

қызу – мектеп режимінің бұлжымас 

заңы.  Балаға  талап  қоюдың  түрлі 

жолдарын шәкірттің жеке-дара, жас, 

жыныс және ұлттық ерекшеліктеріне 

қарап, әркез нақтылы жағдайға орай 

үнемі түрлендіріп отыру қажет.

Мәселен,  шәкіртке  қойылатын  та- 

лаптың қарапайым түрі – оған өз мін- 

деті  туралы  жайлап  ескерту  болса, 

ал мұның жоғары түрі – кесімді түр- 

де  бұйыру.  Адамға  талап  қою  оны 

бір нәрседен сақтандыру, тиым салу 

түрінде  де  қолданылады.  Дұрыс  та- 

лап  қоя  білудің  тиімділігі,  тәрбие- 

лік мәні ұстаздың байсалды, байып- 

тылығына  да  байланысты.  Адамға 

талап қоя білу – үлкен өнер. Оқушы- 

ларға  жөндеп  талап  қоя  алмайтын, 

қойса да оны орындауды аяғына дейін 

қадағаламайтын,  тіпті  оған  қалай 

болса  солай  қарайтын  мұғалімдер 

де  кездеседі.  Осындай  мұғалімнің 

сынып  ұжымын  ынтымақтыққа,  бі- 

рауыздылыққа тәрбиелей алуы қиын. 

Шәкіртке  дұрыс  талап  қоя  білумен 

қатар оның іс-әрекетін оқтын-оқтын 

қадағалап  отыру  да  қажет.  Бақылау 

жүргізу  оқушының  іске  жауапкер-

шілігін арттырады, өзіне деген сенімін 

күшейтеді,  іс-әрекетінің  қоғамдық 

маңызын аңғара білуге, сөз бен істің 

арасындағы  алшақтықты  біртіндеп 

жойып  отыруға  мүмкіншілік  береді. 

Оқушыларға талап қоюмен олардың 

іс-әрекетіне бақылау жүргізуде мына 

төмендегілерді  ескеріп  отырған  аб-

зал. Біріншіден, әр уақытта орында-

луы күмәнсіз нәрселерге ғана нақты 

талап  қойылуы  қажет.  Кісіге  ауыр 

талап  кою,  сондай-ақ,  оның  шама-

сы  келетін-келмейтінін  ескермеу 

жақсы нәтиже бермейді. Сондықтан, 

талап  дәл,  анық,  нақтылы  келіп, 

одан  қайшы  пікірлер  орын  алмауы 

тиіс. Екіншіден, ол өте қысқа, ықшам 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   739   740   741   742   743   744   745   746   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет