Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет741/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   737   738   739   740   741   742   743   744   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ТӘЖІ

ТӘЖІ


515

психологиясы»  туралы  «Жеке  адам- 

ға»  арналған  тарау  ішінде  баяндал- 

ған.  «Дағды  мен  әдеттің»  психоло- 

гиялық  астарлары  туралы  мәлімет 

қазіргі  кітаптардағыдай  «Іс-әрекет 

психологиясы»  атты  тарауда  беріл-

мей,  өз  алдына  жеке  тақырып  ре- 

тінде берілгені автордың өзіндік ғы- 

лыми  позициясының  сонылығын 

байқатады.

Бірақ  осы  айтылғандар  психология- 

лық  категорияларды  ұғынып,  түсі- 

нуге  онша  кедергі  келтірмейді,  өйт- 

кені ғылымның іргетасты мәселелері 

кітаптан толық орын алғаны белгілі. 

Бір есте боларлық жәйт, психология- 

дан түрлі ұлт тілдерінде жарық көр- 

ген  оқу  құралдары  мен  оқулықтар- 

дың  негізгі  құрылымы  соңғы  елу 

жыл ішінде онша өзгеріске түсе қой- 

ған жоқ. Психология дәрісі де көп уа- 

қыт  бойына  өзгеріске  түсе  қоймай- 

тын математика, физика, лингвисти- 

ка секілді дәстүрлі классикалық пән- 

дермен  үндес  екендігі  есте  болғаны 

абзал. Әрине, кітапта психологияның 

40-шы  жылдардағы  қазақша  бала- 

маларының  бірен-сараны  қазірде 

өзгеріске  түскенін  оқырман  ескере-

тін  жайт  екені  белгілі.  Т.Тәжібаев 

еңбектерінің  біразы  халқымыздың 

ғұлама  перзенттері  Шоқан  Уәлиха- 

нов,  Ыбырай  Алтынсарин,  Абай 

Құнанбаевтардың  психологиялық 

және  педагогикалық  көзқарастарын 

зерттеуге арналған. Әсіресе, Абайдың 

психологиялық  көзқарастарын  көп 

жылдар бойына сарыла зерттеп, бір-

неше еңбектер жазды.

Абайдың саяси-әлеуметтік, пәлсәпа- 

лық  көзқарасына  жан-жақты  талдау 

жасай  келіп,  оның  психологиялық 

ойлары  мен  пайымдауларына  кең 

тоқталады.  Ғалымның  тұжырым- 

дауынша  Абай  тек  асқан  кемеңгер, 

ойшыл-ақын  ғана  емес,  ол  сонымен 

бірге қазақтан шыққан ірі философ, 

психологиялық білімдер жүйесін на- 

сихаттаумен  айналысқан.  Байырғы 

қазақ  тілінің  сарқылмас  бұлағынан 

сусындай отырып, Абай ұлттық пси- 

хологиялық  ұғымдардың  негізін  қа- 

лады. Ол қазақтың жазба әдеби тілі- 

нің негізін қалаумен шектелмей, со-

нымен қатар ұлттық психологиялық 

білімдер саласына қатысы бар ұғым, 

түсініктерді саралап түсіндірген еді. 

Бар өмірін туған халқының игілігіне 

сарп  еткен  Тәжібаев  еңбектерінің 

қазіргі жас буынға ғылыми-тәлімдік 

тағылымы аз болмаса керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   737   738   739   740   741   742   743   744   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет