Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет744/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   740   741   742   743   744   745   746   747   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ТӘРБ

ТӘРБ


517

сөздермен  тұжырымдалып,  оның 

орындалу  жолын  шәкірт  жақсы  тү- 

сінсе  ғана  нәтижелі  болып  орында-

лады,  үшіншіден,  талап  барынша 

байсалдылықпен,  оқушының  ар  ож- 

данын сыйлау жағдайында қойылға- 

ны жөн.


Ең негізгісі – оның орындалғаны жө- 

нінде  адамнан  есеп  алуды  ұмытып 

кетпеу керек. Осы айтылғандарды ре- 

тіне қарай жүзеге асырып отыру тә- 

лімгерлік шеберлік пен ұстаздық так- 

тіні қажет етеді. Шәкірт тәрбиесінде 

кісінің  қол  жеткен  табыстарын  уа- 

қытында көре біліп, оны ретімен ма- 

дақтап отырудың да маңызы зор. Мұ- 

ның  ең  қарапайым  түрі  –  мақұлдау. 

Егер  шәкірттің  іс-әрекеті  әркез  ма- 

құлданып отырса, ол еңбек етуге онан 

сайын ынталана түседі. Мәселен, «бә- 

рекелді»,  «дұрыс»,  «жақсы»,  «тама-

ша», «мынауыңнан нәтиже шығады», 

т.б. осы секілді сөздер оның жігеріне 

жігер  қосып,  үлкен  демеу  болады. 

Оқушының әрбір ісіне әділ баға бе- 

ріп отыру ұстаздың беделін онан са- 

йын арттыра түседі. Шәкірттерді ай- 

қай-ұйқаймен  басқарғысы  келетін 

мұғалімдер көп сөйлейді, кісіні ығыр 

қылатын  сөзді  шәкірт  жаратпайды, 

ол «ұстазының» қай сөзін тыңдарын 

білмей, басы қатады. Ұстаз шәкірттің 

теріс істері мен қылықтарын дер ке- 

зінде  көре  біліп,  ретті  жерінде  оған 

түрлі  жазалау  шараларын  да  қолда- 

нып  отырғаны  дұрыс.  Жазалаудағы 

негізгі мақсат – теріс жолға түскен ба- 

ланы қайтадан жақсы қасиеттерге бой 

ұсындыру.  Мұның  мәні  де  осында. 

Жазалауды  да  мадақтау  сияқты  аса 

ептілік, ерекше байсалдылықпен пай-

далану қажет.

Тіпті төменгі сынып оқушыларының 

да  өздерінің  тәртіпсіз  істерінен  ұя- 

латын, жапа шегіп, қапаланатын кез-

дері  болады.  Адамның  кінәсі  үшін 

әділ  жазалау  кісіні  қатты  ойланды-

рып,  бұл  оның  мінез-құлқын  түзете 

бастауға себепші болады.

Шәкірт  нақты  кінәсіне  сәйкес  жа- 

заланғанда  ғана  босқа  зәбірленбей, 

қолайлы  көніл-күйін  басынан  кеші- 

реді.  Егер  ол  теріс  жазғырылса  бұл 

оның тәрбиесіне кері әсерін тигізеді.

Егер  мұндай  жағдай  қайталана  бер- 

се ол әділеттік, шындық деген ұғым- 

ға  жөнді  мән  бермейтін,  тіпті  пыс- 

қырып та қарамайтын болады. Орын-

сыз  жаза  оны  ашушаң,  ызақор,  кек-

шіл, қасарыспа, не қорқақ, жігерсіз, 

әр  нәрсеге  селсоқ  қарайтын  күйге 

түсіруі де мүмкін. Кейде оқушының 

теріс  қылықтарын  көре-тұра  оны 

жазаламаудың  да  кесір-кесапаты  аз 

болмайды.  Шәкірт  оқыс  қылықтар- 

ды  кейде  әдейі  жасамай,  оны  бала- 

лығымен, білместік, аңғарымсызды- 

ғынан  да  жасайды.  Ал,  енді  бір 

оқушы  мұны  орынсыз  батылдығы 

мен сотқарлығына, қасарыспалығына 

қарай істейді. Мәселен, бір бала те- 

резенің  желдеткішін  ашамын  деп 

оның  әйнегін  сындырып  алса,  екін- 

ші  бала  оны  жолдасымен  алысып 

жүріп сындырады. Бұл жерде осы екі 

балаға  бірдей  шара  қолдануға  бол- 

майтыны  белгілі.  Өйткені,  екеуінің 

кінәсі  екі  түрлі,  сондықтан  екеуіне 

екі түрлі жаза ойлап табу қажет.

Шара қолдану мәселенің түпкі себе- 

бін іздеуден басталуы қажет. Өйтке- 

ні,  әр  уақытта  да  себепсіз  ештеңе 

болмайды.  Сондай-ақ  кісінің  теріс 

қылықтарын  айыптап  тиісті  жаза 

қолданып  отыру  белгілі  талаптарға 

сәйкес жүрізілуі тиіс. Бұлардың кей-

бірі мына төмендегілер: біріншіден, 

жазалау  әр  уақытта  әділ,  адамның 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   740   741   742   743   744   745   746   747   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет