ТҰЛҒАЛЫҚ БЕЛГІЛЕР – адамның
даралық ерекшеліктерін көрсететін,
психологиялық және физиологиялық
элементтерін және оның ойлауы мен
қылығын сипаттайтын өмір бойы
қалыптасатын психофизиологиялық
жүйе. Т.б. теориясы – негізінде
«тұлғаның ерекшелік белгілері»
деген ғылыми анықталған терминді
қарастыратын тұлға теориясы. Тұлға
қасиетінің теориясы тұлға дамуының
құрылымын
;
шығу тегін, қалыптасуын
қарастырады.
ТҰЛҒАНЫҢ БАҒЫТТЫЛЫҒЫ –
тұлғаның іс-әрекетін бағдарлайтын
және нақты бар жағдаяттан біршама
тәуелсіз, орнықты түрткі-ниеттер
жиынтығы. Т.б. оның мүдделерімен,
бейімдерімен, сенімдерімен, мұрат-
тарымен сипатталады және бұлар
арқылы адамның дүниетанымы бі-
лінеді. Тұлғаның дамуы – білім беру
міндеттері тұрғысынан екі мағынаға
ие: 1) тұлғаны қоғамдық өмірдің
әртүрлі саласына жауапкершілікпен
қатысуға тәрбиелейді; 2) жеке адам-
ның жан-жақты үйлесімді дамуы,
зияты, ақыл-ойы, еркі, сезімі мен
оңтайлы логикалық-эмоциялық-пси-
хологиялық сапалары мен көзқа-
растары.
Достарыңызбен бөлісу: |