542
ге бағытталған практикалық психо-
логиялық-педагогикалық ұсыныстар
белгілеуде пайдаланылады.
ТҮЙСІК – материалдық дүниедегі
белгілі адамның тиісті сезім ағзала-
рына әсер ететін заттар мен құбы-
лыстарлың жеке сапаларын бейне-
лейтін қарапайым психикалық үрдіс.
Термин 4 түрлі мағынада қолданыла-
ды: 1) берілген биологиялық түрге тән
алынбаған реакция; 2) белгілі бір түр-
ге тән белгілі тәсілмен жауап қайтара
алуға бейімділік. Бұл бейімділік ба-
қыланатын мінез-құлықтың негізі
болып табылады; 3) дамудың белгілі
бір шартында, әуестену күйінде, сти-
мулды жағдайларда пайда болатын
күрделі әрекеттер жинағы. Бұл мағына
көбінесе этологияда қолданылады,
мысалы, белсенділіктің тіркелген пат-
терндері; 4) алынбаған, тұқым қуалау
арқылы берілетін тенденциялар, мі-
нез-құлықтың күрделі модельдерінің
мотивациялық күштерінің функция-
ларын орындайды.
Бұл мағына классикалық психоана-
лизде қолданылады. Фрейдизм мек-
тебі үшін Т. негізгі термин. Фрейд
алғашқы еңбектерінде түйсіктің екі
класын көрсетті: эготүйсік немесе
өзін-өзі сақтау түйсігі және жыныс-
тық немесе репродуктивті түйсік.
З.Фрейд кейінгі еңбектерінде бұл
термиңді Танатос (өлім түйсігі) мен
Эросқа (өмір түйсігі) дейін шектеді.
Алайда бұл екі сұлбада да Фрейд
түйсіктің мінез-құлықтың мәнді мо-
тивациялық күші екенін, бірақ мі-
нез-құлықтың ерекше көрінуін анық-
тамағанын айқын көрсетті. Яғни түй-
сіктің 1), 2), 3) мағыналары ескеріл-
меді. Ағылшын-американ психологі
У.Мак-Дугаллдың (1871-1938) гор-
микалық психологиясында Т. ұғымы
1), 2) және 4) орталық теориялық тұ-
жырымдама ретінде қолданылды.
Барлық мінез-құлық мақсатты ба-
ғытталған және мотивацияланған Т.
деп қарастырылды. Алдымызда тұр-
ған бір затты, мысалы, үстелді кө-
руіміздің арқасында біз оның түсін,
формасын, көлемін белгілейміз; си-
пай сезіну арқылы оның қатты, тегіс
екенін; қолымызбен қозғап көріп
оның салмағын т.с.с. білеміз. Мұның
бәрі – сол материалдық заттың жеке
қасиеттері, олар туралы мәліметтерді
бізге Т. хабарлайды. Т. материалдық
дүниедегі заттар мен құбылыстардың
жеке сипаттары мен қасиеттерерінің
біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп,
миымызда бейнеленуі.
Т- біздің айналамызда, ішкі жан дү-
ниемізде не болып жатқанын хабар-
лап отыратын қарапайым педагоги-
калық үрдіс. Т. адамды қоршаған
шындықты бейнелеуден пайда бола-
ды. Т. таным үрдістеріне жатады, өйт-
кені адам соның арқасында дүниені
таниды. Т. басқа психикалық үрдістер-
ге – қабылдауға, еске, ойлауға, қиялға
материал жеткізеді. Т.-тің табиғи фи-
зиологиялық негізі ағзаның арнаулы
жүйкелік механизмі – талдағыштар
арқылы жүзеге асады. Мыс. көз то-
рына түскен жарық сәулесі қызу ту-
ғызады, ал ол жүйке талшығы арқы-
лы үлкен ми сыңарларының қырты-
сына келген кезде адамда көру түйсі-
гі пайда болады. Адамда пайда бола-
тын Т.-терді үш топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа біздің денеміздің
сыртқы жағында болатын сезім ағ-
заларының қозуынан туатын Т.-
тер (экстроцепторлар – сыртқы
Достарыңызбен бөлісу: