ТҰЛҒАНЫҢ ИМПЛИЦИТТІ
ТЕОРИЯСЫ – белгілі бір адамның
даралық өмір тәжірибесіндегі тұрақ-
ты қалыптасқан, типтік жағдайлар-
дағы сыртқы белгілердің негізінде
бір-бірімен адамдардың психология-
сы мен қылығының үйлесімділігі
ретінде түсінігін белгілейтін ғылы-
ми, әлеуметтік-психологиялық ұғым.
Т.и.т. – адамдар туралы мағлұматтар
жеткіліксіз болған жағдайда, олар-
дың сыртқы пішіні, қылығы және
тұлғалық қасиеттеріне байланысты
өмірде қалыптасқан тұрақты пікірлер
туралы теория.
ТҮзЕТУ ПСИХОЛОГИЯСЫ – заң
психологиясының саласы; құқық бұ-
зушыларды көбіне еңбекпен түзеу
мекемелерінде түзеу мен қайта тәр-
биелеудің жағдайлары мен ерек-
шеліктерін (бұл адамдардың зият-
тылық және тұлғалық қасиеттерін,
олардың түзеу мекемелеріне бейім-
делу процесін, бостандығынан айы-
рылудан болған психикалық күйін,
еңбекке дұрыс көзқараспен қарауға
тәрбиелеу әдістерін, түзелуге ден қою-
шылықтың қалыптасуын) зерттейді.
Т.п. жекелеген құқық бұзушылардың
психологиясын, сондай-ақ қамау
орындарындағы ресми және бейрес-
ми топтардың құрылымын, олардың
құралу және қарекет механизмдерін
зерделейді. Т.п. бойынша ғылыми
зерттеулердің нәтижелері құқық бұ-
зушыларды қайта әлеуметтендіруге,
олардың бостандықтағы қалыпты
өмірге психологиялық дайындығын
қалыптастыруға, сондай-ақ қылмыс-
керліктің қайталануына жол бермеу-
Достарыңызбен бөлісу: |