Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет787/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   783   784   785   786   787   788   789   790   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ТҮРТ

ТҮС


546

уақытша  бәсеңдетеді,  ізденім  бел- 

сенділігінің  қалпына  келуіне  септе- 

седі.  Т.к.-дің  шығармашылық  про- 

цесіне оң ықпалы болатыны осыған, 

сондай-ақ  онда  бейнелі  ойлаудың 

басым болуына байланысты. «Тез ұй- 

қы – түс көру» жүйесінің функция- 

лық  толымсыздығы  невроздар  мен 

психоматикалық  аурулардың  пайда 

болуының  елеулі  факторы  болып 

табылады.



ТҮСІНУ.  Адамның  ойлау  әреке- 

тінде  шындықтағы  заттар  мен  құ- 

былыстардың  негізгі  қасиеттеріне, 

ерекше  белгілеріне,  мәніне  түсіне 

білудің  маңызы  зор.  Түсіну  арқылы 

ғана  біз  айналамыздағы  заттардың 

себеп-салдарды байланыстарын, бір-

біріне  тәуелділігінің  шығу  тегі  мен 

даму  жолын  ажыратамыз.  Түсінудің 

басы  –  шындықтағы  заттар  мен  құ- 

былыстарға танысудан, көріп, білуден 

басталады.  Өйткені  қандай  нәрсені 

болмасын  «ұғыну  үшін,  ұғынуды, 

зерттеуді  эмпириялық  жолмен  бас- 

тау» қажет.

Түсіну  күрделі  ой  жұмысын  керек 

етеді. Мәселен, «Бұл не нәрсе?» деп 

сұрақ қоюдың өзі де түсінудің қара- 

пайым формасы, ал «Бұл қалай және 

қашан пайда болған?», «Бұл не үшін 

жасалынады?» деген сұрақтарға жа- 

уап беру арқылы шындықтағы құбы- 

лыстардың  негізгі  белгілерін,  олар- 

дың  байланыстарын  ашып,  түсіну 

қабілетімізді білдіреміз.

Заттар мен құбылыстардың тек ішкі 

мәніне түсінудің арқасында ғана түр- 

лі  амал-әрекеттің  себебін,  олардың 

бір-бірімен  байланысын,  ішкі  маз- 

мұнын, яғни ғылымның тұжырымда- 

рын аңғарамыз. Бұл айтылғандармен 

бірге  түсіну  сан  алуан  құбылыстың 

бөліктері  мен  ұсақ-түйектерін  айы- 

руда,  басқа  біреудің  сөзінің  мәнін 

ұғуда да (мәселен, интонация, пауза, 

метафора, әзіл, қалжың т.б.) ерекше 

көрінеді.  Бірақ  барлық  жағдайда  да 

дұрыс  түсіну  үшін  адамға  білім  қо- 

ры, дағды, іскерлік қажет.

Түсіну  сөз  арқылы  берілетіндіктен 

түрліше  формаларда  тұжырымдала- 

ды. (Түсіну қысқаша, жалпы, кең, де- 

тальді  т.б.  болып  келуі  мүмкін)  Тү- 

сінудің  бұлай  түрліше  болып  келуі 

адамның  алдына  қойған  мақсатын, 

жеке  психологиялық  ерекшеліктері- 

не,  ана  тілінің  ішкі  заңдылықтарын 

білуіне,  сол  адамның  сөзі  мен  ісіне 

байланысты болады. Бір нәрсеге дұ- 

рыс түсінгендіктің көрінісі – сол ма- 

териалды өз сөзімен түрлендіріп ай- 

тып, іс жүзінде орындап көрсету бо- 

лып табылады.

Түсіну  екіге  бөлінеді:  оның  бірінші 

түрі – тікелей түсіну. Тікелей түсіну 

жанама түрде ой операцияларын ке- 

рек етпейтін, қабылдауға ұқсас про- 

цесс. Мәселен, бізге жақсы таныс сөз- 

дер, сөйлемдер, белгілі құбылыстар, 

адамдардың қылықтары т. б.

Түсінудің  екінші  түрі  –  жанама  тү- 

сіну.  Жанама  түсіну  бірнеше  ара- 

лық, басқыштардан тұратын, ой опе- 

рацияларын  керек  ететін,  көмескі 

нәрсені анық, айқын етіп бейнелеуде 

бірнеше  ой  түйіндерін  талап  ететін 

процесс. Жанама түсінуде сұрақ қою- 

дан басталатындығын, сұрақ пен жа- 

уап табудың арасында аралық түйін- 

дер  бар  екендігін,  осы  аралық  тү- 

йіндерді  табу  жаңа  мәселені  шешу- 

дің кілті екендігін атап өтуіміз қажет. 

Тіпті,  қарапайым  есептің  өзінде  де 

осы жолды көруге болады. Мәселен, 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   783   784   785   786   787   788   789   790   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет