Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет790/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   786   787   788   789   790   791   792   793   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ТЫЙЫМ  МЕН  ЫРЫМ.  Тыйым 

сөздер  –  психологиялық  мағынасы 

зор,  адамды  қолайсыз,  зиянды  әре- 

кеттерден  тартынуды  талап  ететін 

ерлі-зайыптылар  мен  үлкен  кішінің, 

әке  мен  баланың,  ұл  мен  қыздың, 

нағашы-жиеннің,  ағайын-туыс,  жек- 

жат-жұрағаттың  қарым-қатынасын 

реттестіруде  өзіндік  орны  бар,  сон- 

дай-ақ  денсаулық,  тазалық,  әртүрлі 

жағдайда  тәртіп  сақтау,  жол-жоба, 

жөн-жосық  т.б.  осы  секілді  әдет-ғұ- 

рыптарды  бұлжытпай  орындау  мақ- 

сатында  пайда  болған  рәсім.  Мәсе- 

лен, дос-туыс, құда-жекжатқа ит, пы- 

шақ,  балта  сыйламау,  некелі  төсек- 

ке  басқа  адамның  отырмауы,  ит  ас- 

панға  қарап  ұлыса  жамандық  ша- 

қырады  деп  қорқу,  бос  бесікті  тер- 

бетпеу, жас босанған әйелдің қолын 

суық  суға  салдырмау,  қыз  баланың 

қатты  сөйлемеуі,  кіндігін  көрсетіп 

жүрмеуі,  қыз-келіншектің  шашын, 

аттың құйрығын кеспеу т.с.с. 

Ырымдар  да  психологиялық  тұрғы- 

дан  ойлаудың  қарапайым  түрінен 

туындайтын наным-сенімнің бір түрі. 

Бұлар  өмір  сүру  барысында  біртін- 

деп қалыптасқан этностық топқа ор- 

тақ,  көшпенділер  санасынан  орын 

алған психологиялық ерекшеліктер. 

Тыйым  мен  ырым  этностық  қауым- 

дастықтағы ер мен әйелге, үлкен-кі- 

шіге,  ұл  мен  қызға  т.б.  осы  секілді 

әртүрлі топтарға байланысты айтыл- 

ған.  Мәселен,  бөбек  психологиясы- 

на  байланысты  бесіктің  үстіне  жеті 

нәрсе (шапан, кебенек, тон, жабу, жү- 

ген, қамшы, бесік, көрпе) жабылады. 

Мұндағы  түйін  кебенек  пен  қамшы 

нәрестені  ел  қорғайтын,  ер  болсын 

деген ниеттен туған.

Осынау  наным-сенімдердің  әсіресе, 

жас ұрпақтың санасына ұлттық рух- 

ты сіңіру, оның дәстүрі мен салтын, 

әдет-ғұрпын  қастерлеп  ардақтай  бі- 

луге,  баланың  ұлттық  дүниетены- 

мын қалыптастыруға да алатын орны 

ерекше. Өйткені бұлар халқымыздың 

ғасырлар бойы тірнектеп жинастыр- 

ған  тәліми  тәжірибесінің  қорытын- 

дысы, ұлттық тәлім-тәрбиеміздің қай- 

нар  көзі  мен  мүмкіндігі.  Бір  әттеге- 

найы – осындай тамаша психология- 

лық  жайттар  күні  бүгінге  дейін  ғы- 

лыми тұрғыдан жіктелмей, бір жүйе- 

ге түспей келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   786   787   788   789   790   791   792   793   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет