Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев


ТІЛЕНШІҰЛЫ  ШАЛКИІз  (1465-



Pdf көрінісі
бет792/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   788   789   790   791   792   793   794   795   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ТІЛЕНШІҰЛЫ  ШАЛКИІз  (1465-

1560).  Халқымыз  осы  кезге  дейін 

ұмытпай  есте  сақтап  келе  жатқан 

көне  заман  жырауларының  бірі  – 

Шалкиіз Тіленшіұлы.

Жырау  туындылары  әсерлі,  өткір, 

аз  сөзге  көп  мағына  сыйғызған  сұ- 

лу  сазды  көркем  келеді.  Шалкиіз 

шығармашылығынан  орта  ғасырда- 

ғы  көшпенді  қазақтардың  нанымы, 

моральдық  –  этикалық  түсініктері, 

психологиялық  ерекшеліктері  көрі- 

ніс тапты. («Арғымақ ару аттар», «Ер 

Шобан», «Қоғалы көлдер» т. б.) Сол 

дәуірдегі  жыраулардың  қай-қайсы- 

сы  да  адамгершілікпен  қоса  ерлікті 

де  тебірене  жырлады.  Мәселен, 

Шалкиіз жырау көшпенді халықтың 

кесек  тұлғалы  батырлар  бейнесін 

шебер  суреттейді.  Біз  әрбір  батыр- 

дың жеке сипаттамасынан арғы ата-

бабаларымыздың  сыртқы  кесек  пі- 

шіні  мен  ішкі  жан  дүниесін,  жау- 

гершілік  заман  тудырған  айбынды- 

лық  пен  айбарлықтың  белгілерін 

жақсы аңғарамыз. Бұл суреттемелер- 

дің біз үшін этнопсихологиялық мә- 

ні де аз емес. Ол сонау алыс дәуір- 

ден,  көне  заман  адамының  тыныс-

тіршілігінен  біраз  елес  береді.  Мә- 

селен, «Ер Шобан» атты толғауында 

Шалкиіз  жырау  «алдаспан  ауыр 

қылыш байлаған, бір ойында (ұрыста) 

алпыс  ала  балта  сындырған»,  дене- 

сіне  «қан  жұқпас  қайқы  болат  өт- 

пеген»  деп  батырлардың  ерлігін 

әсерлі бейнелейді.

Шалкиіз  толғауларында  да  мораль- 

дық-этикалық  тақырыпқа  бой  ұру- 

шылық ерекше байқалады. Бұл жұрт- 

ты адамгершілік жағынан жетілдіру 

арқылы  қоғамды  жақсартуға  бола- 

ды дейтін асыл арманнан туындаған 

жайт  еді.  Адам  мінезінің  әртүрлі 

жақтары,  оның  әрқилы  көріністері 

жақсы мен жаман адамның бір-бірі- 

не  қарама-қарсы  екі  түрлі  психо- 

логиясы  Шалкиіз  шығармаларында 

көптеп кездеседі. Жақсы адам – қа- 

рапайым,  қайырымды  келеді,  әр  кі- 

сінің  байыбына  барып  әрекет  етеді, 

бөтенді жатсынбайды, жұртты қадір 

тұтып, құрмет ететін ақ көңіл елгезек 

жан.

Жақсының  жақсылығы  сол  болар, 



Жаманменен бас қосып, Сөйлемекті 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   788   789   790   791   792   793   794   795   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет