Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет793/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   789   790   791   792   793   794   795   796   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ТІЛЕ

ТІЛЕ


550

ар  етер...  Бір  жақсымен  дос  болсақ, 

Азбас,  тозбас  мүлкі  етер...  Жақсы- 

лардың, өзі өлсе де сөзі сау...

Жырау осындай ақ жарқын адал да, 

абзал  жандардың  бақыты  жанбай, 

еңбегі бағаланбай, жұртқа жақпайтын 

кездері  де  болады  деп  қынжылады: 

Бір жақсысы бар болса, Қоңқалаған 

көп жаман, Сол жақсысын көре алмас...

Шалкиіз жыраудың пікірінше, жаман 

адам – бұл ішіне сыр сақтай алмай- 

тын, дұрыстап ойланып сөйлеу де қо- 

лынан  келмейтін,  басқаның  ақы- 

лын тыңдауға босқа арланатын, өмі- 

рі  қулық-сұмдықпен  күн  кешетін, 

дос-жолдас  дегеннің  не  екенін  біл- 

мейтін, реті келсе адамды сатып ке- 

туге дайын тұратын қорқақ, бишара 

жан. Жаман адамның мұрнына жақ- 

сылықтың иісі де бармайды. Ол өті- 

рік айтуға, алдап кетуге, бейім тұра- 

ды. Ел басына күн туса, ол өз басын 

сағалап жүреді. Осындайлар жөнін- 

де  Шалкиіз  былай  дейді:  Жаманға 

сырыңды  қосып  сөз  айтпа...Жаман 

туған бар болса, Жаман жолдас көп 

болса, Жазаны содан көрерсің... Қы- 

ға  шықпас  жаманның,  Барынан  да 

жоғы  игі...  Бір  жаманға  сөз  айтсаң, 

Есікті  кетер  сарт  ұрып,  Жаманның, 

жамандығы  сол  болар,  Сөйлесе  дә- 

йім  бетін  қара  етер...  Ойлап  тұрсам 

жаманның, Жалаңдаған өз басына ті- 

лі жау – деген жолдардан жаман адам- 

ның  психологиясы  қандай  болатын- 

дығын тану қиын емес.

Достық  пен  бауырмалдықты,  ізгілік 

пен  ұйымшылдықты  адамдардың 

бір-бірімен  бауырласып,  тату  өмір 

сүруін аңсаған жырау адамның жақ- 

сы  қасиеттерін  ерекше  қастерлейді, 

жастарға досың мен қасыңды ажыра- 

та біл, көлденеңнен кез келгенге сы- 

рыңды шаша берме деп кеңес береді. 

Ойшыл жырау ылғи да халық мүдде- 

сін  қастерлейді,  ел  басшыларының 

жұртқа ұнамды болып келуін қалай- 

ды, адамгершілігі мол, ер жаужүрек 

батыр адамдарды жастарға үлгі етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   789   790   791   792   793   794   795   796   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет