567
датады, ұжымдық өзара әрекеттес-
тікке кері әсер етеді. Мысалы, әсіре-
се мұғалімнің Ұ. немесе симпатиясы
оның іс-әрекетіне, талапшылдығына,
оқушыларға объективік қатынасына
және олардың үлгерімін бағалауға
ешбір әсер етпеуі қажет. Осы ұғым-
ның жағымды сипаты ретінде ұна-
тушылық, біреуді ұнату деген ұғым-
ды да есте ұстауымыз қажет. Ұнату –
бұл адамның басқа кісілерге, не
әлеуметтік құбылыстарға орнықты
эмоциялық қатынас жасау, жарқын
жүзбен, тілектестікпен, қарым-қатынас
жасауға ілтипат білдіріп, адам бір-
біріне көмектсеуге дайын тұрудан,
яғни ізгі ниеттерден көрінеді. Әдетте,
көзқарастардың, ортақ мүдделері
мен адамгершілік мұраттардың ұқ-
састығынан туындайды. Бұл жайт
адамның сыртқы сымбаттылығына,
жарасымды жүріс-тұрысына, жа-
ғымды мінезіне ұната қараушылық-
тан да пайда болуы мүмкін. Ұ.-дың
кейде жай іштей құштарлыққа ұла-
суымен қатар адамның бір-бірінен
суынып кетуі де, тіпті жек көрушілікке
айналуы да мүмкін. Ұ. тұлғааралық
қарым-қатынастарда адам интег-
рациясы оның психологиялық ин-
теграциясының сақталуының басты
факторы болып саналады.
ҰСТАМДЫЛЫҚ – адамның бо-
йындағы жағымды қасиет: өз тәрті-
бін қадағалай білу, қызбалығы мен
үстірт әрекетін тежей алу, оларды
қолданыстағы тәртіп нормалары
мен ережелеріне бағындыру. Ұ. қа-
сиеттерін тәрбиелеуде балаларды
мектепте қолданыста жүрген білім
беру ұйымдарының жарғысымен,
оқушылар тәртібінің ережесімен та-
ныстыру, өз әрекетін қабылданған
тәртіп нормаларымен салыстырудың
тұрақты жаттығулары қолданылады,
олар балаға және оның ортасына
кері ықпал ететін әрекеттерден сақ-
тандырады. Ұстаным – адамның өмір-
лік іс-тәжірибесінен қалыптасқан,
оның өзіндік дүниетанымы мен пікі-
рін білдіретін, белгілі бір жақтайтын
көзқарасы.
Достарыңызбен бөлісу: