Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет817/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   813   814   815   816   817   818   819   820   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ҰМЫТ

ҰМЫТ


566

лерге қарағанда, жаттағанды жаңғыр- 

ту кейде жаттай салысымен емес, ара- 

да  бір-екі  күн,  кейде  үш  күндей  өт- 

кеннен  кейін  толығырақ  болатын- 

дығы байқалған. Бұл уақыттың ішін- 

де жаттаған нәрсе ұмытылмай, қайта 

есте «беки» береді. Әсіресе, бұл кұ- 

былыс  көлемдірек  материалды  жат- 

тап алу кезінде жақсы байқалады.

И.П.Павлов  өзінің  тәжірибелерін 

жүргізуде осы сияқты кұбылыстарды 

кездестірген. Кейде өзінің жүргізген 

тәжірибесінің нәтижесі, сол тәжіри- 

бе  біте  салып  көрінбей,  әлдеқайда 

кейінірек  барып  көрінетін  болған. 

Мұндай  жағдайды  И.П.Павлов  бы- 

лайша түсіндіреді: өте ауыр мәселені 

шешерде осыған сәйкес адамның ми 

қабығы  клеткалары  шаршайды.  Тек 

біраз  уақыт  өткеннен  кейін,  ми  дем 

алғаннан кейін ғана, жүйке система- 

сы болған нәтижені көре адады. Қай- 

та жаңғыртудың жоғарыда айтылған 

ерекшелігі де жаттау процесінен пай- 

да  болған  шаршау-шалдығудың  жо- 

йылуынан деп жорамалдауға болады.

Осыдан  мынадай  бір  практикалық 

қорытынды туады: емтиханда немесе 

сабақта тек солардың алдында ғана, 

мәселен, сол күні таңертең біліп ал- 

ған материалды ғана, бәрінен жақсы 

айтуға  болады  деп  ойламау  керек; 

біліп  алған  материал  біраз  уақыт 

«сүрленгенде» ғана жауап беру үшін 

едәуір жақсы жағдай туады.

Біліп  алған  материалды  есте  сақтау 

көбінесе оқылған материалдан кейін 

іле-шала істейтін жұмыс түріне бай- 

ланысты.


Кейде  алдыңғы  ойдың  нәтижесін 

кейінгі  әрекет  «жуып-шайып»  кетуі 

де  мүмкін.  Мысалы,  тарих  сабағын 

оқып болып, соның артынша әдебиет 

сабағын дайындаса, соңғы сабақ бі- 

ліп алған тарих сабағының материа- 

лын адамның есінен ығыстырып шы- 

ғуы  мүмкін.  Осындай  теріс  әрекет- 

тер  ұқсас  материалдар  бірінен  соң 

бірі  қатарласып  отырғанда  ерекше 

күшті болады.

Осылардан  мынадай  практикалық 

корытындылар жасауымызға болады:

1.Бір  материалды  оқып  біліп  алған- 

нан  соң  екінші  материалға  шешуде 

әрдайым 5-10 минут үзіліс жасап, өзін 

қандай  да  болмасын  ой  қызметінен 

тынықтырып алған жөн.

Жұмысты ұйымдастыруда ұқсас ма- 

териалдар бірінен соң бірі қатар кел- 

мейтін ету керек. Егер бір кеште ал- 

гебра,  тарих,  әдебиет  сабақтарын 

әзірлеу керек болса, онда мына тәр- 

тіп: 1) тарих, 2) алгебра. 3) әдебиет, 

мына тәртіптен: 1) тарих, 2) әдебиет, 

3)  алгебра,  нәтижелі  болу  тұрғысы- 

нан қарағанда әлдеқайда пайдалы.

ҰНАТПАУШЫЛЫҚ – қандай да бір 

адамға  немесе  затқа  жеккөрушілік, 

ұнатпай  қабылдамаушылық  сияқты 

эмоциялық қатынас: адамның қандай 

да бір қасиетін, талғамын немесе да-

уысын және т.б. жақтырмау. Саналы 

немесе санасыз түрде болуы мүмкін. 

Басқа  біреуді  жеккөрушілік  сезімі 

принципиалды,  мысалы,  дүниета- 

нымдық келіспеушіліктен, сондай-ақ 

басқа  адамдардың  сыртқы  әлпетін, 

мінез-құлық  мәнерін,  қылықтарын 

қабылдау  негізінде  де  тууы  мүмкін. 

Басқа  адамның  өмір  кейпін  түсіну, 

оның  іс-әрекеті  мен  тұлғасының 

маңыздылығын  білу  Ұ.-тың  тууын 

болдырмауы  мүмкін.  Ұ.  ұнатушы- 

лықка қарама-қарсы өзара түсіністік 

пен ынтымақтастық процесін қиын- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   813   814   815   816   817   818   819   820   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет