ҰМЫТШАҚТЫҚҚА ҚАРСЫ
КҮРЕС. Біздің әдейі немесе әлде-
қалай жаттап алғанның барлығы
бірдей мәңгі есімізде қала бермейді,
көбін ұмытамыз.
Ұмытшақтық – біртіндеп дамитын,
ұзақ процесс. Ұмытшақтыққа қарсы
ойдағыдай күресу үшін мынадай не-
гізгі ережелерді ескеру керек:
1)Ұмытшақтықпен күресте қолданы-
латып негізгі шара – қайталап отыру.
Қайталап нығайтылмаған білімдер-
дің қандайы болса да бірте-бірте
ұмытылады; 2) Ұмытшақтық жатта-
ғаннан соң-ақ кешікпей басталады,
әсіресе бастапқы кезде тез ұмытыла
бастайды. Егер жаттап алғаннан соң
5 және 10 күнней кейін еске түсіріп
көрсе, бастапқы 5 күнде ұмытылғаны
кейінгі бес күнде ұмытылғанынан
едәуір артық болады; 3) Жатталған
нәрсені ұмытып кеткең соң қайталау
пайдасыз, ұмытпай тұрып қайталау
керек. Орыс халқының белгілі педа-
гогі және психологі Ушинскийдің ай-
туы бойынша «үйді құлаған соң оң-
дамай, үйдің негізін нығайтып отыру»
керек. Ұмытпау үшін жеңіл-желпі пы-
сықтаған жеткілікті, ал ұмытылғанды
қайта жаңғыртуға көп жұмыс керек.
Екінші және үшінші пункттерде ай-
тылғанды еске ала отырып, мынадай
қорытынды жасауға болады: оқыған-
нан соң көп уақыт жібермей өткенді
қайталау керек, өйткені жаттаған
нәрсе жаттағанның соңынан іле-ша-
ла тез естен шығады.
Жаттаған нәрсе жаттағанның соңы-
нан іле-шала тез ұмытыла бастайды
дедік. Бірақ мұны әрқашан жаттап
болысымен іле-шала ұмытыла бас-
тайды деп ұғынбау керек. Тәжірибе-
Достарыңызбен бөлісу: |