Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет830/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   826   827   828   829   830   831   832   833   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ФОНЕМАТИКАЛЫҚ  ЕСТУ  – 

адамның  сөздік  дыбыстарды  талдау 

мен  біріктіруге  қабілеттілігі.  Ф.е. 

анатомиялық-физиологиялық  меха-

низмінде  дыбыстарды  ажыратуда 

басты рөлді «Вернике» орталығында 

(мидың  үлкен  жарты  шарының 

үштен бір бөлігіндегі қыртыс иірім-

дері)  орналасқан  есту-сөйлеу  бөлігі 

атқарады. оның зақымдануы немесе 

жетілмеуі адамның тілдік дыбыстар- 

ды  ажырата  алмау  қабілетсіздігіне 

апарып  соғады  (сенсорлық  афазия 

немесе апатия). Ана тіліне деген Ф.е. 

балаларда  айналастындағылардың 

ауызша сөйлеуін қабылдау және қа- 

былданатын  үлгіге  сәйкес  өзіндік 

сөйлеу  барысында  қалыптаса  бас-

тайды. Сөздерді айту дыбыстың диф- 

ференциалдық  қасиеттерін  бөліп, 

жалпылаудағы және оларды есте сақ- 

таудағы  ең  тұрлаулы  шарт.  Фоне- 

матикалық естуді дамыту үшін бала-

лармен  айтылатын  сөздердің  ішінен 

кейбір дыбыстарды саналы және ерік- 

ті  түрде  бөліп  алып,  сөйлеу  дыбыс-

тарын  салыстырудың  маңызы  зор 

(4-5 жас аралығы). Ф.е. механизмі оқу 

мен  жазу  барысында  қайта  құрыла- 

ды.  Басқа  тілдерді  оқу  барысында 

Ф.е. сол тілмен қатар ана тілінде де 

дамып отырады.



ФОТОРЕЦЕПТОР  (грек.  рhotos  – 

жарық.  және  лат.  receptor  –  қабыл- 

даушы) – көру жүйкесінің жарық қа- 

былдау  аппараттарының  жасушала-

ры. Адамдарда ол ядроларымен және 

тармақтарымен  оптикалық  аффе- 

рентті жолда алғашқы шеткі нейрон- 

ды құрайтын таяқшалар мен шақша- 

лар.  Ф.  сыртқы  мүшелерінде  орна- 

ласқан  көру  пигменттеріндегі  фото- 

химиялық  процесс  арқылы  жарық 

тітіркендіргіштерін  қабылдайды. 

Таяқшалар шақшадан жіңішке (олар- 

дың сыртқы мүшелерінің диаметрі 2 

мк-ге жуық), бірақ ұзын (шамамен 60 

мк) болады. Таяқшалар өте көп, олар 

торлы  қабықтың  шет  жақтарында 

тығыз  орналасады.  Зерттеушілердің 

айтуынша,  таяқшалар  ымырт  және 

түнгі  көрудің  ақпараты  болып  са-

налады.  Шақшалар  таяқшалардан 

қысқа,  олардың  торлы  қабықтың 

шеттерінде  диаметрі  үлкейеді  (6-7 

мк-ге  жуық).  Олар  торлы  қабықтың 

ортасында  тығыз  орналасады  және 

күңдізгі көрудің аппараты болып са-

налады. Торлы қабықтың ортасында 

тек шақшалар болады, бірақ олар бұл 

жерде жіңішке, сыртқы мүшелерінің 

диаметрі 1-1,5 мк.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   826   827   828   829   830   831   832   833   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет