ФОНЕМАТИКАЛЫҚ ЕСТУ –
адамның сөздік дыбыстарды талдау
мен біріктіруге қабілеттілігі. Ф.е.
анатомиялық-физиологиялық меха-
низмінде дыбыстарды ажыратуда
басты рөлді «Вернике» орталығында
(мидың үлкен жарты шарының
үштен бір бөлігіндегі қыртыс иірім-
дері) орналасқан есту-сөйлеу бөлігі
атқарады. оның зақымдануы немесе
жетілмеуі адамның тілдік дыбыстар-
ды ажырата алмау қабілетсіздігіне
апарып соғады (сенсорлық афазия
немесе апатия). Ана тіліне деген Ф.е.
балаларда айналастындағылардың
ауызша сөйлеуін қабылдау және қа-
былданатын үлгіге сәйкес өзіндік
сөйлеу барысында қалыптаса бас-
тайды. Сөздерді айту дыбыстың диф-
ференциалдық қасиеттерін бөліп,
жалпылаудағы және оларды есте сақ-
таудағы ең тұрлаулы шарт. Фоне-
матикалық естуді дамыту үшін бала-
лармен айтылатын сөздердің ішінен
кейбір дыбыстарды саналы және ерік-
ті түрде бөліп алып, сөйлеу дыбыс-
тарын салыстырудың маңызы зор
(4-5 жас аралығы). Ф.е. механизмі оқу
мен жазу барысында қайта құрыла-
ды. Басқа тілдерді оқу барысында
Ф.е. сол тілмен қатар ана тілінде де
дамып отырады.
ФОТОРЕЦЕПТОР (грек. рhotos –
жарық. және лат. receptor – қабыл-
даушы) – көру жүйкесінің жарық қа-
былдау аппараттарының жасушала-
ры. Адамдарда ол ядроларымен және
тармақтарымен оптикалық аффе-
рентті жолда алғашқы шеткі нейрон-
ды құрайтын таяқшалар мен шақша-
лар. Ф. сыртқы мүшелерінде орна-
ласқан көру пигменттеріндегі фото-
химиялық процесс арқылы жарық
тітіркендіргіштерін қабылдайды.
Таяқшалар шақшадан жіңішке (олар-
дың сыртқы мүшелерінің диаметрі 2
мк-ге жуық), бірақ ұзын (шамамен 60
мк) болады. Таяқшалар өте көп, олар
торлы қабықтың шет жақтарында
тығыз орналасады. Зерттеушілердің
айтуынша, таяқшалар ымырт және
түнгі көрудің ақпараты болып са-
налады. Шақшалар таяқшалардан
қысқа, олардың торлы қабықтың
шеттерінде диаметрі үлкейеді (6-7
мк-ге жуық). Олар торлы қабықтың
ортасында тығыз орналасады және
күңдізгі көрудің аппараты болып са-
налады. Торлы қабықтың ортасында
тек шақшалар болады, бірақ олар бұл
жерде жіңішке, сыртқы мүшелерінің
диаметрі 1-1,5 мк.
Достарыңызбен бөлісу: |