582
бет-әлпетін өзгертіп сөйлейді, күле-
ді. Қарапайым Ш. көбіне жасөспі-
рімдерде жиі байқалады. Бұл кезде
баланың себепсізден себепсіз сабақ
үлгерімі нашарлайды, мінез-құлқы
өзгереді, бұрын байқалмаған қиял,
арман пайда болады. Кейде ерекше
көңілденіп, ретсіз сөйлеп, бет пішінін
өзгертеді. Ауру кейде ұзақ, кейде
ұстамалы түрде өтеді. Жалпы алғанда
шизофрениямен 15-25, 40-60 жас ара-
лығындағы адамдар жиі ауырады.
ШОРТАНБАЙ ҚАНАЙҰЛЫ (1818-
1881). Түркістан қаласы маңында
дүниеге келген. Суырыпсалма ақын.
Оның шығармаларында ХІХ ғасыр-
дың орта тұсындағы патша өкіметі-
нің қазақ даласын отарлау саясаты-
нан туындаған әлеуметтік өмір шы-
найы суреттеледі. Шортанбай еңбек-
ші бұқараның азапты ауыр тұрмы-
сын, шынжыр балақ, шұбар төстердің
әділетсіздігі мен зұлымдығын, озбыр-
лығы мен парақорлығын әшкерелей-
ді. Бұрынғы өткен игі жақсылардың
іс-әрекетін аңсайды, орыс патшасы
әкелген «жаңалықтан» жерінеді.
Тәлім-тәрбиелік мәселелерді көбіне
ескі салт-жоба, шариғат тұрғысынан
қарастырады.
Шортанбай шығармалары өткен ға-
сырдың 70-жылдарында «Бала зары»
деген атпен Қазанда бірнеше рет ба-
сылады. Кеңес өкіметі жылдарында
«ХVIII-XIX ғасырдағы қазақ ақын-
дарының шығармалары» (1962), «Ай-
тыс» (1965) атты жинақтарда жария-
ланды.
Достарыңызбен бөлісу: