Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет842/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   838   839   840   841   842   843   844   845   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ШЕШІ

ШИзО


582

бет-әлпетін  өзгертіп  сөйлейді,  күле- 

ді.  Қарапайым  Ш.  көбіне  жасөспі- 

рімдерде  жиі  байқалады.  Бұл  кезде 

баланың  себепсізден  себепсіз  сабақ 

үлгерімі  нашарлайды,  мінез-құлқы 

өзгереді,  бұрын  байқалмаған  қиял, 

арман  пайда  болады.  Кейде  ерекше 

көңілденіп, ретсіз сөйлеп, бет пішінін 

өзгертеді.  Ауру  кейде  ұзақ,  кейде 

ұстамалы түрде өтеді. Жалпы алғанда 

шизофрениямен 15-25, 40-60 жас ара- 

лығындағы адамдар жиі ауырады.

ШОРТАНБАЙ ҚАНАЙҰЛЫ (1818-

1881).  Түркістан  қаласы  маңында 

дүниеге келген. Суырыпсалма ақын. 

Оның  шығармаларында  ХІХ  ғасыр- 

дың  орта  тұсындағы  патша  өкіметі- 

нің  қазақ  даласын  отарлау  саясаты- 

нан  туындаған  әлеуметтік  өмір  шы-

найы суреттеледі. Шортанбай еңбек- 

ші  бұқараның  азапты  ауыр  тұрмы- 

сын, шынжыр балақ, шұбар төстердің 

әділетсіздігі мен зұлымдығын, озбыр- 

лығы мен парақорлығын әшкерелей- 

ді. Бұрынғы өткен игі жақсылардың 

іс-әрекетін  аңсайды,  орыс  патшасы 

әкелген  «жаңалықтан»  жерінеді. 

Тәлім-тәрбиелік  мәселелерді  көбіне 

ескі салт-жоба, шариғат тұрғысынан 

қарастырады. 

Шортанбай  шығармалары  өткен  ға- 

сырдың 70-жылдарында «Бала зары» 

деген атпен Қазанда бірнеше рет ба- 

сылады.  Кеңес  өкіметі  жылдарында 

«ХVIII-XIX  ғасырдағы  қазақ  ақын- 

дарының шығармалары» (1962), «Ай- 

тыс» (1965) атты жинақтарда жария- 

ланды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   838   839   840   841   842   843   844   845   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет