Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет839/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   835   836   837   838   839   840   841   842   ...   877
ШАҒЫ

ШАРТ


580

не  жанама  объективтік  қарым-қаты- 

настары  жоқ  адамдардың  қауым- 

дастығы.  Бұл  қауымдастықты  құ- 

райтын адамдар бір-бірімен ешқашан 

кездеспеуі  мүмкін  екендігі  былай 

тұрсын, бір-бірі туралы ештеңе біл- 

меуі де мүмкін. Бірақ бұл орайда, олар 

өздерінің  нақты  топтарының  басқа 

мүшелерімен  белгілі  бір  азды-көпті 

бірдей қатынастарда болады. Мыса- 

лы, мектепке дейінгі баланың, шарт-

ты  жастық  топтың  психологиясын 

зерделеу үшін мектепке дейінгі тиісті 

жастағы  біраз  баланы  олардың  нақ- 

ты топтарында зерттеу қажет.



ШАРШАУ –  қажу жағдайының да- 

муымен  астасатын  субъективтік  се- 

зінулер кешені. Босаңсу, болбырлық, 

дәрменсіздік  сезімдерімен,  физио- 

логиялық  қолайсыздық  түйсігімен, 

психикалық процестердің өту бары-

сында  кінәраттардың  ұғынуымен, 

жұмысқа деген ынтаның болмай қа- 

луымен,  қарекетті  тоқтатуға  деген 

түрткі  себептің  дендеуімен,  жағым- 

сыз  эмоциялық  реакциялармен  си- 

патталады.  Ш.  бірсарынды  әрекетті 

ұзақ  уақыт  орындау  кезінде  де  пай-

да  болуы  мүмкін.  Алайда  қажумен 

байланысты емес оғаш шаршау, сон- 

дай-ақ  объективтік  тұрғыдан  қажы- 

ған адамның шаршамауы секілді жағ- 

дайлар да болады.



ШЕШЕНДІК  –  халқымыздың  жай- 

саң психологиясын аса биіктен көр- 

сететін ұлттық ерекшеліктерінің бірі. 

Бейнелі, астарлы, тұспалдап айтатын 

шешендік сөзге аса үйір халық екен-

дігіміз  жайлы  ғұлама  ғалым  Шоқан 

Уәлиханов:  «Қазақ  шешендікке  құ- 

мар, сөз өнерін, әсіресе әзіл-оспақты 

жаны сүйеді», – деп, кезінде айтқан 

еді. Халқымыз «Тіл тас жарады, тас 

жармаса бас жарады», «Жылы-жылы 

сөйлесең,  жылан  інінен  шығады»  – 

деп,  сөз  құдіретінің  психологиялық 

астарын жақсы аңғарған. Шебер де, 

шешен сөйлей білу – адамның асыл 

қасиеттерінің бірі есептелініп, мұны 

олар  өзгелерге  психологиялық 

жағынан әсер етудің ерекше құралы, 

тәсілі деп те санаған.

Шешендік  өнер  дарыған  кісі  отан- 

шыл,  елінің  салт-санасын,  әдет-ғұр- 

пын жетік білетін «ұшқыр ойлы, орақ 

ауыз,  от  тілді,  күміс  көмей»  болып 

келеді. Ол халқының бастан өткізген 

«тар жол, тайғақ кешулерін», арман- 

тілегін,  мұң-зарын,  өмірлік  құнды- 

лықтарын бірер тіркеспен ғана «мірдің 

оғындай»,  «тайға  таңба  басқандай» 

етіп, яғни «тоқсан ауыз сөздің тобық- 

тай түйінін» ғана айтады. Халқымыз- 

дың осынау тамаша қасиетін кезінде 

тіпті бізге оң қабақпен қарамайтындар 

да көре білген. Мәселен, неміс саяхат-

шысы А.Брем (1829-1884): «Қазақтар 

сөз өнеріне жетік келеді. Бұл қасиет 

жұрттың бәріне де: оқыған білімділер-

ге де, әліпті таяқ деп білмейтіндерге 

де, байға да, жарлыға да тән қасиет» 

десе, шығыстанушы П. М. Мелиоранс-

кий (1868-1906): «Қазақтар шешен, әрі 

әдемі сөйлеудің шебері»... дейді.

Ал көне түркі жазбаларын зерттеген 

С.Е.Малов (1890-1957) осы ойды бер- 

мен  қарай  былайша  жалғастырады: 

«Түркі  халықтарының  ішіндегі  ең 

суретшіл,  образды  тіл  –  қазақ  тілі». 

Қазақтар  өзінің  шешендігімен, 

әсем  ауыз  әдебиетімен  даңқты.  Ра-

сында  да,  батыр  Бауыржан  ағамыз 

айтқандай, біздің туған тіліміз – өзінің 

өткірлігімен  «бой  балқытып,  тамыр 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   835   836   837   838   839   840   841   842   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет