585
ажырағысыз байланысты. Алайда
мұғалімнің жеке басының сипатта-
малары жарқын болуымен байла-
нысты болатын даралық-тән сипатты
ықпал деңгейі төмен болса, бұл бір-
лік бұзылады. Оқушыларға мұғалім
ресми рөлі тұрғысынан ғана ықпал
жасап, даралық-тән сипатты ықпал-
дың есесін толтыру өктемшілдік
әдістері көбірек қолданумен жүзеге
асырылады.
ЫМЫРА (келісім) – адамдар арасын-
дағы бір нәрсеге байланысты бір-
біріне көну арқылы болатын келісім.
Ымыраласу – келісу, пікір бірлестігін
білдіру мағынасында қолданылатын
ұғым. Ы. достасу, татуласу мағынасын
да білдіреді. Ал ымырашылдық – айт-
қанға көне салушылық, кез келгенмен
келісе кетушілік, өзіндік берік пікірі
жоқтықтың белгісі. Ымырашыл адам,
негізінен, кеңпейіл, ақкөңіл болады
да, өзінің қателескенін кейде байқа-
май қалады.
ЫНТА – адамның белгілі бір іске
ықыластана кірісіп, нәтижелі орын-
дауға тырысуы. Ы.іске қызығу-шы-
лықтың негізгі ұйытқысы. Бұл туа
біткен ерекшелік қасиет емес. Ол
жақсы тәрбиенің, адамның өзіндік
санасының ықпалынан қалыптаса-
тын қасиет. Қажеттілік адам бойын-
да қоғамның, қоршаған ортаның
ықпалынан пайда болады. Адамның
жұмысқа ынталылығы қалыптасқан
әдетке байланысты. Ы. іс-әрекет ке-
зінде қалыптасады. Оның ойынға,
оқуға, еңбекке байланысты түрлері
бар. Ы. істі ойдағыдай орындаудың
шарты. Сондықтан баланы кішкен-
тай кезден бастап пайдалы іске қа-
сиетті тәрбиелеу – мектептің, отбасы-
ның ең басты міндеті.
ЫНТЫМАҚ – бірлесіп тірлік жа-
саудың көрінісі, татулықтың белгісі.
Ынтымақтастық – адамның бір-біріне
көмектесіп, қолдау көрсетіп, ортақ
жауапкершілік танытуы жағымды
жағдайда жұмыс істейтін адамдар-
дың жақсы қасиеті. Ынтымақтас-
тық – жақсылыққа құштарлықпен
жасалған әрекет. Ынтымақтастықтың
тәрбиелік мәні зор. Ол адамдарды
игілікті істерді нәтижелі орындауға
жетелейді. Қазақ психологі А. Асы-
лбеков өзінің «Қазақ мектебінің
V-VII сынып оқушыларының ын-
тасын қалыптастыру» атты диссер-
тациясында (Ташкент, 1972) осы
психологиялық феноменді егжей-те-
гжейлі қарастырып, психологиялық
талдауға арнаған болатын.
Достарыңызбен бөлісу: