ЭКСПЕРИМЕНТ жасауда зертте-
уші өзіне қажетті психикалық құ-
былыстардың көлденеңнен кез бо-
луын күтіп тұрмай, сол процестің
тууына өзі жағдай жасайды. Психо-
логияда эксперимент лаборатория-
лық және табиғи болып екіге бөлі-
неді. Енді бұларға жеке-жеке тоқта-
лып өтейік. Лабораториялық экспе-
римент XIX ғасырдың ортасынан
бастап, жеке психикалық процестерді
зерттеу үшін эксперимент (тәжірибе)
кең түрде қолданыла бастады. Неміс
ғалымы В.Вундт (1832-1920) психо-
логияның эксперименттік жолмен
зерттеудің негізін салды, тұңғыш
рет лаборатория ашты (1879). Пси-
хологтар алғаш рет көру, есту, иіс
түйсіктерін зерттеу үшін экспери-
ментті пайдаланды.
Кейін келе олар секундтың 1/1000
үлестеріне дейін дәл өлшейтін құ-
ралдар ойлап шығарып, кейбір пси-
хикалық процестердің пайда болу
тездігін өлшеудің жолын тапты. Сек-
сенінші жылдары ес құбылыстарын
зерттеу лабораторияда тұңғыш жүр-
гізіле бастайды. Арнаулы әдістер қол-
дану арқылы жаттап алудың тездігі
мен дәлдігі, ұмытудың жылдамдығы
т.б. өлшенді. Орыс психологы Н.Лан-
ге (1858-1921) эксперимент әдісімен
зейін мен қабылдауға зерттеу жүр-
гізді. Тоқсаныншы жылдарда фран-
цуз психологы А.Бине (1857-1911)
алғаш рет ойлау процесіне тәжірибе
жасады. Осы зерттеулердің нәтиже-
лері психологтардың I дүниежүзілік
конгресінде (Париж, 1889) талқы-
ланды. XX ғасырдың басында пси-
хология ғылымының қарамағында
бірнеше ондаған лабораториялар
болды. Осындай жақсы жабдықтал-
ған психологиялық лабораториялар-
дың бірін XX ғасырдың басында
орыс психологы Г.И.Челпанов (1862-
1936) ұйымдастырды.
Қазірде СССР Педагогикалық Ғы-
лымдар академиясына қарасты Пси-
хология ғылыми-зерттеу институты
(Мәскеу) жоғарыда аталған лабора-
торияның негізінде құрылған. Осы
күндері институт лабораториялары
ең жоғары техникамен жабдықтал-
ған үлкен ғылыми-зерттеу мекемесі
болып отыр. Киев, Тбилиси қалала-
рындағы психология институттарын-
да да осындай лабораториялар бар.
Ғылыми психология психикалық құ-
былыстардың физиологиялық негіз-
дерін ашуды басты мәселенің бірі
деп қарайды. Бұл міндетті академик
И.П.Павлов ашқан әйгілі шартты
рефлекстер әдісі бойынша шешуге
болады. Көптеген физиологиялық
және психологиялық лаборатория-
ларда И.П.Павловтың шәкірттері
Достарыңызбен бөлісу: |