Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет856/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   852   853   854   855   856   857   858   859   ...   877
ЭКСП

ЭКСП


591

құрастыруды  талап  еткен.  Экспери-

мент жүргізуші осы тәсілдер арқылы 

текстің  мазмұнын  оқушылардың 

қысқаша  және  жалпылай  баяндай 

алуын,  суреттер  бойынша  елестер 

туғыза алу мүмкіншілігін, сондай-ақ 

нақтылы образдарды қайта жаңғырту 

текстің  мазмұнын  толық  түсінуге 

қандай  әсер  ететіндігін  байқаған. 

Осы  зерттеуде  оқушылардың  жас 

ерекшелігіне  байланысты  ақыл-ой 

әрекетіндегі  сөз  бен  көрнекіліктің 

арақатынасы  үнемі  өзгеретіндігі, 

балалардың  жасы  өсіп,  білім  қоры 

молайған  сайын  олардың  ойлауы 

тереңдеп, жалпыланып қана қоймай, 

ондағы образдардың біртіндеп толық 

және  мағыналы  бола  түсетіндігі  де 

байқалған.

Психологияда  бұл  айтылғандардан 

басқа да әдістер бар. Оларды қосалқы 

әдістер  деп  атайды.  Мәселен,  әңгі- 

мелесу әдісі арқылы психолог белгі- 

лі  жоспар  бойынша  зерттелінуші 

адамның  жас  және  дара  ерекшелі- 

гіне,  білім  көлеміне  қарай  күні  бұ- 

рын әзірленген сұрақтар қояды: зерт- 

телінушіге  күдік  тудырмау  мақса- 

тында  әңгіме  көбінесе  жанама  түр- 

де  ұйымдастырылады,  мұнда  сөй- 

лесу  әдісіне  ерекше  мән  беріледі. 

Зерттелінушінің  берген  жауабы  жа- 

зылып  алынып,  (алынған  мәлімет- 

терді  сол  бойда  жазып  отырудың 

қажеті  шамалы)  кейіннен  мұқият 

талданады  да,  осыған  орай  тиісті 

қорытындылар  жасалады.  Осындай 

қосалқы  әдістердің  қатарына  адам- 

ның  іс-әрекетінің  нәтижесін  талдау 

(яғни түрлі күнделік, естелік, хаттар, 

шығарма, мазмұндама, диктант, сын 

жұмыстары,  түрлі  формадағы  шы- 

ғармашылық  жұмыстарды  талдау), 

өмірбаян  (яғни  зерттелушінің  туған 

күнінен  бастап  есейген  шағына  де- 

йінгі  даму  жолын  зерттеу,  оның 

өмірбаян,  естелік,  мінездемелерін 

талдау), анкета (жазбаша) әдістері жа-

тады. Мәселен, анкеттік әдіс арқылы 

кісі  күні  бұрын  бланкіге  жазылып 

қойылған  сұрақтарға  жазбаша  жа- 

уап қайырады.

Осы әдіспен әр түрлі топтың, ұжым- 

ның  психологиялық  өзгешеліктері 

(талап-тілегі,  мүддесі,  талғамы,  қы- 

зығуы  т.б.)  зерттелінеді.  Егер  мұға- 

лім  шәкірттерінің  қандай  кітапты 

ерекше  құмартып  оқитындығын, 

олардың  сүйікті  жазушылары  мен 

артистері кімдер екендігін және осы 

тәріздес  мәселелерді  білгісі  келсе, 

осы әдісті пайдалануына болады. Ан-

кеттегі сұрақтар шұбалаңқы келмей, 

ықшам,  зерттелушілерге  түсінікті 

тұжырымдалып, жалпы саны 5-8 ден 

аспауы  тиіс.  Алынған  материалдың 

нәтижесі  статистикалық  (сандық) 

талдаудан өткізіледі де, қорытындысы 

ондағы үлкен цифрларға қарай жаса-

лынады. Мәселен, анкета толтырған 

бес  жүз  адамның  төрт  жүзі  «Абай» 

романын  оқыдық  деп  жазса,  бұдан 

осы  кітаппен  оқырмандардың  80 

процентінің таныс екендігін, сондай-

ақ  бұл  шығарманың  көпшілік  сүйіп 

оқитын кітапқа айналғанын байқауға 

мүмкіндік туады. Мұның негізгі кем-

шілігі адам шын көңіліндегісін жазып 

бере бермейді, не оны қағаз жүзінде 

дұрыс көрсете алмайды. Әлеуметтік 

психологияда  жиі  қолданылатын 

зерттеу  әдістерінің  бірі  –  интервью. 

Мұнда зерттеуші (интервьюер) сына-

лушымен (респондент) әңгімелеседі, 

жол-жөнекей  оның  сөз  саптауына, 

түрлі реакцияларына, өң-ілтипатына 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   852   853   854   855   856   857   858   859   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет