590
бұл әдістің әр түрлі варианттары-
мен ойдағыдай жұмыс жүргізуде.
Мысалы, осы әдіс арқылы проф.
Н.И.Красногорский балалардың
жоғары дәрежелі жүйке қызметінің
даму жолдарын, проф. А.Г.Иванов-
Смоленский адамдардың бірінші жә-
не екінші сигнал жүйелерінің қызме-
тін зерттеген.
Эксперимент жүргізу үшін арнаулы
лабораториялық мекемелер қажет
болатынын айттық. Енді оқушылар-
ды кейбір қарапайым аспаптардың
атымен таныстырайық. Мысалы, пси-
хикалық процестердің пайда болу
шапшаңдығын өлшеу үшін – хронос-
коп, тері түйсігінің сезгіштігін бай-
қау үшін – эстезиометр, зейіннің кө-
лемін анықтау үшін -тахистоскоп,
есітуді өлшеу үшін – аудиометр, де-
недегі бұлшық еттердің жұмысын
тіркеп отыру үшін – эргографты пай-
даланады. Бұлардан басқа құрылысы
әлдеқайда күрделі құрал-жабдықтар
да толып жатыр.
Лабораторияда жүргізілетін экспе-
рименттің нәтижелілігі мына төмен-
дегі жағдайларға байланысты болады:
1. Байқалатын объекті жөнінде экспе-
риментатордың күн ілгері болжамы-
ның (гипотезасының) болуы тиіс;
2. Тәжірибе түріне лайықты жұмыс
жағдайын жасау (жазып отыру, инс-
трукциялар т.б. жазу-сызу құралда-
рымен қамтамасыз ету);
3. Тәжірибені күн ілгері белгіленген
жоспар бойынша арнаулы методи-
каға сай жүргізу;
4. Бір құбылысты бірнеше рет тек-
серуден өткізіп, оларға сандық және
сапалық жағынан дербес талдау жа-
сау;
5. Алынған мәліметтерге байланысты
негізгі және ішінара қорытындылар
шығара отырып, эксперимент жүр-
гізуде ашылған кейбір ғылыми дере-
ктерді (егер зерттеу жұмысы мектеп
жағдайында жүргізілген болса) оқу-
тәрбие процесінің сапасын жақсарту
үшін пайдаланса, бұл эксперименттің
негізгі мақсатының орындалғаны бо-
лып табылады.
Табиғи эксперимент. Эксперименттің
екінші бір түрі – табиғи эксперимент
деп аталынады. Табиғи эксперимент-
ті психологияға тұңғыш енгізген жә-
не оны өзінің зерттеулерінде көп
пайдаланған көрнекті орыс психоло-
гі А.Ф.Лазурский (1874-1917) болды.
Бұл әдістің байқау әдісінен айыр-
машылығы, мұнда эксперимент жүр-
гізуші өзіне керек құбылысты табиғи
жағдайда тудырып отырады. Егер
оқушылардың ойлауын, сезімін, ер-
кін зерттеу керек болса, бұл үшін пси-
холог қандай болмасын бір әрекет
ұйымдастырады. Мысалы, өзіне тән
ережелері бар ойын ұйымдастырыл-
са, сол ойын үстіндегі оқушылардың
психологиялық ерекшеліктері жазы-
лып, кейін оған мұқият талдау жа-
салынады. Табиғи эксперименттің
кейбір түрлері арқылы (оқыту, кон-
статациялау эксперименттері т.б.)
мұғалімдер оқушылардың кейбір қа-
сиеттерін тәрбиелеуге, жетілдіруге,
сабақ үлгерімі мен тәртіптілігін арт-
тыруға мүмкіндік алады.
Бір экспериментте III-IV класс оқу-
шыларының ақыл-ой әрекетіндегі
сөз бен көрнекіліктің арақатынасын
анықтау үшін зерттеуші балаларға
оқыған текстеріне ат қоюды, осы
текстегі суреттер бойынша әңгіме
Достарыңызбен бөлісу: