63
дандырып, дұрыс сөйлеу мен жазу-
сызуға деген әрекетін дамыту арқылы
сөздердің мағынасын дұрыс түсіне
білуге жүйелі түрде машықтандыра-
ды. Қимыл-қозғалыс пен сезімдік А-
лар өзге балалардың сөйлеуі мен сөз
мағынасын түсіну қабілетінен біржо-
ла айырылып қалуы сияқты кемістікке
де ұшырауы мүмкін. Сондай-ақ А-ға
байланысты кейбір сөздердің мәнін
ұмытып қалуы сияқты кемістікке де
душар болады.
А. бала психикасының қалыпты да-
муына кедергі жасағанмен, оны ақыл-
ойы кеміс балалар қатарына жатқызу-
ға болмайды. Баланың сөйлеуіндегі
А. қалпына түсіру үшін логопедиялық
шаралар қолданып, емдеу жұмыстары
жүргізіледі. А. сөйлеу әрекетінің әр-
қилы түрлерінің жүйелі бұзылуын
білдіреді. А. сөйлеу аппараты әрекет-
терінің және естудің қарапайым түр-
лерінің сақталуы жағдайында сөй-
леудің фонемалық, морфологиялық жә-
не синтаксистік құрылымының бұзы-
луы түрінде көрініс табады.
Нейролингвистиканың түсініктеріне
сәйкес А. келесі себептерден пайда бол-
ған жүйелі бұзылыс болып табылады:
1) алғашқы реттік дефект;
2) алғашкы реттік дефектінің сал-
дарынан болатын екінші ретті бұзы-
лыстан;
3) бұзылған
функцияны компенсация-
лауға бағытталған ми қызметін функ-
циялық өзгертуден.
А. сөйлеу іс-әрекетінің бұзылысына
әсер еткен фактордың біріне байла-
нысты жеті түрін біліп көрсетеді:
1) сенсорлық А. – фонемалық естудің –
сөздердің дыбыстық құрамын ажыра-
та алмау – бұзылысы; ауызша сөйлеу-
ді түсінудегі қиындық;
2) акустикомнестикалық А. – есту –
сөйлеудің естің бұзылысы;
3) негізінде көру есінің бұзылысы жа-
татын оптикомнестикалық А.;
4) белгілі бір логикалық құрылым-
дарды, мыс., әкенің ағасы, ағаның әке-
сі, жаздың алдындағы көктем сияқты
құрылымдарды түсінудің бұзылысы
болып табылатын, сонымен қатар,
санау мен кеңістіктік ойлаудың бұзы-
лысымен бірге жүретін семантика-
лық А.;
5) моторлық афференттік А. – сөздер-
ді айта алмау, бір дыбыстарды екін-
шісімен алмастырудан көрінетін сөй-
леу бұзылысы;
6) моторлық эфференттік А. – сөй-
леу актілерінің кинетикалық ұйымда-
суының бұзылысы, сөйлеу таптаурын-
дарының инерттілігі салдарынан бір
сөзден немесе буыннан екіншісіне ауы-
судың қиындығы;
7) динамикалық А. – сөйлеуді жоспар-
лаудың бұзылысы түрінде көрінетін
сөйлеудің бірізділігінің бұзылуы; ауыз-
ша және жазбаша белсенді сөйлеудің
бұзылуы.
АФФЕКТ (лат. affectus – қаз. жан
дүниесінің толқуы, жан ұшыру, кү-
йіп-пісу). Адамның кездейсоқ тітір-
кендіргіштердің теріс әсер етуінен жан
сезімінің толқуы. Мұндай сезімдік
толқулар ұялу, ренжу, наразы болу,
таңдану салдарынан пайда болады.
А-тің қоздырушы күшті (стеникалық)
түрі, мыс., қайғыру, жек көріп өшігу
және әлсіз (астеникалық) деп аталатын,
мысалы, қорқыныш, мұңаю түрлері
бар. А-тік жағдайда адамның бойын
ашу-ыза мен қайғы-қасірет билеп,
оның өңі бозарады не қызарады, көз
Достарыңызбен бөлісу: