Шағын жоба Тақырыбы: «Оқу қиындығы бар оқушыларды қолдау»



бет1/4
Дата14.02.2023
өлшемі25,07 Kb.
#67691
  1   2   3   4
Байланысты:
Инклюзив жоба 8


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті


Шағын жоба
Тақырыбы: «Оқу қиындығы бар оқушыларды қолдау»
Орындаған: Оразбекқызы Нұрсая
Байшауова Айдана
Көшербаева Нұрсая
Умирзакова Айдана
Тобы: Мат-20-1
Тексерген: Ерубаева А.Р

Ақтау 2022


Жоспары:

  1. Кіріспе

  2. Мектепте ерекше білім алуды қажет ететін оқушыларға қолдау (көмек) көрсетуді ұйымдастыру

  3. Ерекше білім алу қажеттілігі бар білім алушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мазмұнын анықтау

  4. Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мамандарының оқушыға көмек көрсетуі


Кіріспе
Инклюзивті білім беру дегеніміз – барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім процесіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Бұл өзекті мәселе әлем бойынша жылдар бойы талқыға түсіп, бүгінге дейін барынша оңтайланып жетілдірілу үстінде. Өткен жүзжылдықтың аяғынан бастап инклюзивті білім беруді дамыту әлемнің көптеген елдерінде (АҚШ, Ұлыбритания, Дания, Испания, Финляндия, Германия, Италия, Австралия және т.б.) білім беру саясатының жетекші бағдарына айналды. Мұнда балалардың физиологиялық-психологиялық дамуы мен әлеуметтік бейімделуі үшін тиісті психологиялық-педагогикалық қолдау көретіліп, жалпы білім беру ұйымдарында психикалық және дене бұзылыстары бар, дамуында артта қалушылығы бар балалар қалыпты дамыған құрдастарымен бірге табысты білім алуда.
Демек, баланы балабақшадан бастап болашақ өмірге бейімдеу, дені сау адамдардың арасында өздерін жайлы сезіну үшін қолайлы жағдай жасау – қазіргі білім беру жүйесінің басты міндеті болып табылады. Осы орайда Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Мектептер мен колледждер ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар инклюзивті ортада балаларды сүйемелдейтін тиісті мамандармен қамтамасыз етілуі; 1) оқу жоспары мен оқу бағдарламасын өзгерту;
2) оқыту нәтижелерін бағалау әдістерін өзгерту (оқушылардың оқу үлгерімі);
3) оқытудың арнайы, вариативті және альтернативті әдістерін қолдану;
4) оқулықтарды, оқу әдістемелік құралдарын, жеке оқу материалдарын таңдау;
5) оқыту формасын таңдау;
6) тосқауылсыз орта құру және оқыту орнына бейімдеу;
7) компенсаторлық және техникалық құралдарға мұқтаждық;
8) арнайы психологиялық- педагогикалық көмек (психологтың, логопедтің, арнайы педагогтың (олигофренопедагогтың, сурдопедагогтың, тифлопедагогтің);
9) педагог-ассистентің көмегі;
10) әлеуметтік – педагогикалық көмек [4].
Осы ұсынылған құжаттамалық бағыттардағы педагогикалық-психологиялық қолдауды толыққанды жүзеге асыратын бөлім – педагог-ассистенттің көмегі. Қазіргі таңда еліміздегі мектептерде педагог-ассистент (700 маман) лауазымы енгізіліп отыр. Мұндай мамандар ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды оқытуда, яғни инклюзивті білім беруде сұранысқа ие. Олар балалардың мектепке тез үйреніп кетуіне, бейімделуіне көмектеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет