Қ. Күлетов атындағы №92 орта мектеп кмм (өзіндік жұмыс) Орындаған: Қабылбаева Кенішкүл Бағдатқызы



бет1/2
Дата22.12.2023
өлшемі31,8 Kb.
#142712
  1   2
Байланысты:
Дарынды және талантты балалардың педагогикалық және психологиялық ерекшеліктері


Қ.Күлетов атындағы №92 орта мектеп КММ

(өзіндік жұмыс)


Орындаған: Қабылбаева Кенішкүл Бағдатқызы

2021 жыл


Дарынды және талантты балалардың психологиялық – педагогикалық ерекшеліктері

Қоғам үнемі даму үстінде.Осы қоғамда өмір сүріп жатқан адамдардың даму деңгейі мен тыныс- тіршілігі әр алуан. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі саналады да, салауатты ұрпақ тәрбиесі.Қазақта «адам ұрпағымен мың жасайды» дейді. Ұрпақ жалғастығы нәтижесінде, адамзат өмірінде түрлі өзгерістер болып, өз қажетіне керегін алып, дамудың биік шыңдарына жетуде.


Өмірге келген әрбір нәрестенің алғашқы тәрбиесі ата-анадан өрбісе, бұдан кейінгі тәрбиенің өзегі ұстаз міндеті.Дұрыс бапталған ағаштың өсе келе жақсы жеміс беретіні секілді,сапалы тәрбие алған ұрпақтан ел болашағын алға апаратын нағыз ұлтжанды патриот пайда болады. Осы жерден біздің мақаламыздың өзектілігі шығады.Яғни, ұстаздың немесе тәрбие берушінің негізгі міндеті- келешек ұрпақ бойындағы ерекше дара қасиетті байқауы.Екінші мақсаты- осы қасиетін дер кезінде аша білуге ықпалы.
Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаев: «Біздің жас мемлекетіміз өсіп жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз Бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді.Олар өз ұрпағының өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады» дейді.Елбасымыз қазақ елінің азаматтары Орталық Азия барысына айналады, дамушы елдерге үлгі болады,дамыған елдер қатарына қосылып, Әлемдік биік дәрежеге жетеміз деп асқақ сезіммен алға тартып, үлкен сенім білдіреді.
Ал пайғамбарымыз Мұхаммед ғ.с «Оқымысты адамдар- Алла тағаланың алдындағы сенімді жандар.Білім үйрену ғибадаттан да артық және ол діннің де тірегі дегенді бұдан он төрт ғасыр бұрын айтып кеткен.Бұдан шығатын тұжырым: барлық кезеңде, әрқилы уақытта баланың ерекше қабілетін байқап,анықтауда Алла тағаланың сенімді адамдарының сіңірер еңбегі зор.Білім үйретуде ел үмітін ақтауға барлық күш жігерімізді,жауапкершілігімізді жұмылдырып, дарынды балаларды тәрбиелеп шығаруымыз қажет.Енді мақаламыздың мақсатына оралып,осы мәселелерді Жан-жақты талқыласақ.Дарындылық дегеніміз не,және ол кішкентай нәрестеде қалай байқалады?Әлбетте, дарындылықтың тұқым қуалайтындығы, ұрпақтан ұрпаққа берілетіндігі даусыз.Ғылым бұны дәлелдеп те берді.Дарынды балалардың ерте сөйлеуі мен абстрактылы ойлауға негізделген есте сақтауы жақсы жетілген.Олар топтастыру қабілеті, мәлімет пен тәжірибені категориялауда алынған білімді кең көлемде қолдану ерекшелігімен байқалады.Олардың топтастыру шешеімге бейімділігі, дарынды балалардың сүйікті ісі- коллекция жинау мен қайта жасау үлкен қуаныш сезімін әкеледі,бірақ әсемдеу, тәртіппен жинау олар үшін мақсат болып табылмайды.
Дарынды балалардың ата-аналарын ойландыратын мәселенің бірі- мектептегі оқу кезінде кездесетін қйындықтар.Бұл қиындықтар дарынды бала туралы қоғамда қалыптасқан түсінікке байланысты.Өиткені, «орта» қабілетті бала мектепте мақталады да, «ақылды» балаға сенімсіздік жасалады.Оның қабілеті көп жағадайда ескерілмейді.Соның салдарынан дарынды балалар ерекшеленбеуге, көзге түспеуге тырысады.Ортаның осындай ықпалының нәтижесінде дарынды бала өз қабілетін танып, дұрыс бағалай алмайды.Сөйтіп, өз деңгейінде дамып детілмей, шектеледі.
Бұл жерде дарынды балаларды таңдап,олардың бойындағы ерекше қасиетті бағалап,өмірде дұрыс бағдар Бере білуіміз қажет.Дарынды балалар білуге құштар. «Мынау қалай құрылған?, неге бұлай болады?,егер жағдайды өзгертсе қалай қайтеді?» деген сұрақтарға жауап іздейді.Қоршаған ортаны белсенді түрде зерттейді.Дарынды бала өз әрекетін шектеуді ұнатпайды.
Эмоциональды даму ерекшеліктері.Дарынды баланың эмоцинальды сферасының негізгі ерекшеліктерінің бірін көптеген зерттеушілер жоғарылатылған деп санайды.Дарын иесі бірнеше құбылыстарды Жан-жақты қарауға қабілетті болып келеді.Ғылыми зерттеулерге қарағанда дарынды, таланты балалардың миының биохимиялық, электрлік белсенділігі жоғары келеді.Дарындылар кішкентайынан-ақ себеп салдарға көңіл аударып, соған сәйкес қорытынды жасап отырады.Кез-келген жүйенің балама моделін жасауды ұнатады.Олар жинақталған білімін, тәжірибесін кең пайдалана біледі, хабарларды жүйелеп,бөліп талдайды.Кейбір балаларда математикалық қабілет, кейбірінде ой жұмысын талап ететін ойындарға,көпшілігінде оқу қабілеті басым келеді.
Дарындыларда адалдық сезімі күшті жетіледі.Шындықты, турашылдықты қостайды .Қоғамдағы теңсіздікті бірден сезінеді.Қиялы бай,әрі анық келеді.Дарынды балалардың шамалары жетпейтін мәселелерді шешуге талпынуы, олардың даму тұрғысынан пайдалы.
Мектепке дейінгі кезеңде дарынды балалар-жағдайлар мен құбылыстарды менің түсінігім ғана деп танитын эгоцентристер.Бала қандай ақылды болса да,оның мұндай әрекеті қалыпты жағдай болып саналады.Даму деңгейіне қарай бала мәліметтерді түсініп,ойлауға қабілетті.Ғалымдар мұны- матетаным деп атайды.Ол өзінің заттар мен құбылыстарды қабылдауын басқалардың қабылдауына ұқсас деп түсінеді.Дарынды балалардың қабілеттілігіне ортаның тигізетін әсері жан-жақты.Ал, талантқа талдау жасасақ, дарындылықтың жоғары деңгейі; ол қызмет өнімін алуға рұқсат етеді.Данышпандық- бұл дарындылықтың жоғары деңгейі.Қызметтің белгілі бір сферасын принцепиальды ілгері жылжуды жүзеге асырады.Дарынды оқушы тұлғаның 4 негізгі аспектілерімен өзара байланыса сипатталады.Олар:

  1. Интеллект (зияттылық)

  2. Шығармашылық (креактивтілік)

  3. Мотивация.

  4. Тұлғаның әлеуметтік бейімділігі

Сонымен, дарынды бала өз талантын түрліше сезінеді.Отбасында іні,бауырларымен ойнағанда өз ерекшелігін сезінсе,мектепте құрдастарымен өзін салыстыру арқылы байқайды.Баланың таным процестері қабылдауы мен тәжірибесіне байланысты.Бала қоршаған ортаны зерттеу барысында, нақты нені жасай алатынын, нені істей алмайтынын біледі.Ал, айналадағы адамдар оның істеген ісін түрлі жолмен бағалайды.Бұл кезеңде ол өзін қоршаған адамдардың, ата-анасының өзіне көңіл аударғанын ұнатады.Ата-ана үшін баласының әрекетін бақылап,бағыттап, оқыту көп қиындық жасамайды. Психологтардың зерттеуі бойынша интеллект жас өскен сайын өспейді, толыса түседі.
Балалардың әр түрлі жас кезеңіндегі ақыл-ой мүмкіндігін түсіну үшін, қазіргі кезеңдегі деңгейдің өзгеруі мен жоғарыда келтірілген жастық сезімталдығының бағытталуын зерттеу өте маңызды.Қорыта келе айтарымыз, дарындылықтың дамуына маңызды әсер ететін теориялық нәтижелерден мынадай анықтама шығады: «дарындылық» -бұл интегралды тұлғалық білім, интеллектуалдық жоғары сатысымен, шығармашылық потенциалмен сипатталады.Бұл тұлғаның қабілеттілігі мен өз бейнелігінің бірігуін анықтайды.Белгілі бір қызмет саласында ерекше табысқа жетуге мүмкіндік туғызады.
Дарынды адамдар туралы айтылған сөздер, ойлар ширек ғасырлардан өте айтылып келеді. Антикалық дәуірде осы дарынды адамдар туралы, яғни ІХХ ғасырда ғылыми трактаттарда «данышпан» және «дарынды» деген түсінік қалыптасты.
Антикалық дәуірде дарындылықты кейбір философтар – «құдайдың тартуы» деп түсінген. Олардың қатарына Платон, Сенека, Демокрит жатады. Антикалық философтардың ойынша дарынды адам – ақиқат білімге ие деп түсінген.
Орта ғасырларда «дарындылық» құдайдың сыйы деп түсінген. Сондықтан дарындылық бар немесе жоқ деп түсінгендіктен оны ешкім зерттемеген.
Дарындылық құбылысына Қайта өркендеу дәуірінде (ғылым мен білімнің) қызығушылық таныта бастаған. Бұл кездейсоқтық емес. Қайта өркендеу дәуірі әлемге Леонардо да Винчи, Микеланджело Буонаротти, Мишель Монтень, Николай Коперник, Николо Макиавелли, Данте Алигьери, Вильям Шекспир және т.б тектес ұлы ғұламалардың, ерекше дарын иелерінің тууына алып келгендіктен, көптеген философтарда сұрақ туындады: «Данышпан және дарындылық дегеніміз не?». Бірақ бұл сұраққа ортақ пікір болмады.
ХІХ және ХХ ғасырларда дарындылық тұжырымдамалары пайда бола бастады. Көрнекті ағылшын оқымыстысы Френсис Гальтон ең бірінші рет «Данышпандықтың тұқымқуалаушылығы және оның заңы мен салдары» атты кітабында дарындылық тұқұым қуалаушылықтың факторын эксперименталды түрде дәлелдегі келді.
Артынан дарындылықтың адам өміріндегі тәрбиеге, білім алудың жағдайына, өмір сүру сапасына байланыстылығы анықталды.
1940 жылы «Қабілеттілік және дарындылық» атт мақаласында Борис Михайлович Тепловтың ойынша: Дарындылықты қабілеттің және ортаның факторларының үйлесімділігін, болашақта табыстарға жетудің бірден –бір жолы ретінде қарастырған.
Қазіргі кезде жекелік, дарындылық, данышпандық, таланттылық, дарынды балалар және балалар дарындылығы түсініктері кеңінен қолданылады. Осыларды тізбектеп қарастырайық: жекелік- қабілеттілік- дарындылық-талант.
«Жекелік» кейбір анықтамалардың қайталанбайтындығын көрсетеді, адам бойындағы психиканың ерекшелігі, қабілетінің қайталанбайтындығын көрсетеді. Ережеге сәйкес, «жекелік» жеке тұлға бойындағы қабілеттердің жан – жағындағыларға ұқсамауы. Әр бала ерекше, бірақ кейбір балалардың ерекшелігі өте жарық көрінеді, яғни көзге түседі, басқаларды ескеру мүмкін емес.
Жекеліктің қалыптасуына өсіп отырған орта, қауымдастық, бала кезіндегі тәрбиенің ерекшеліктер ықпал етеді. Жеке дарын иесі болу – ол өзінше ойлап білу, жаңа ойларға үлес қосу.

  1. Тұқымқуалаушылық және физиологиялық ерекшеліктер. Тұқымқуалаушылық адамның сыртқы пішін ерекшелігін сақтап беріп отырады. Физиологиясы олардың мінез құлқы туралы айтады.

  2. Қоршаған ортаның ықпалы адамның жеке дарындылығын қалыптастырады. Адамның жекелік дарындылығына мәденит және әлеуметтік жағдай өте қатты әсер етеді. Жекелік тәрбиеленіп отырған жанұяға байланысты. Жекелікке тәрбиелініп отырған балабақша, мектеп, және қоғамдық орынның ықпалы өте зор.

Жеке тұлғаның анықтамасында оның қабілеті маңызды роль атқарады. Қабілетті жеке – психологиялық ерекшелік деп қарастырып, әріқарай белгілі бір істің табысты аяқталуына ықпал етеді.
Оқушылар бірдей жағдайда әр түрлі жетістікке жететін болса, онда жақсы игерген оқушыны талапқа сай қабілеттілік танытты дейтін болса, кейбіреуінде ол жоқ.
Қабілеттілікті екіге бөлуге болады: жалпы қабілеттер олар адам өміріндегі кадімгі есте сақтау, зеректік, ерекше қабілет олар тек белгілі бір салада көрінеді, мысалға, музыкалық аспаптарда ойнағанда, сурет салғанда, ән айтқанда.
Мектепте, колледждерде қабілетті біліммен және икемділікпен байланыстырады және мұғалімге біліммен және икемділікті ажырата білуі керек. Білімнің және икемдділіктің негізі алған және бекіткен жүйе бойынша бастың ми қабығындағы уақытша жүйе. Мысалға көбейту кестесі мен дұрыс жазу жатады. Жеке тұлға қабілеттілігіне сонымен қатар белгілі – бір затты дұрыс орындауды да жатқызуға болады. Бірақ қабілеттілікті білімнен ажыратуға болмайды. Олардың арасында өзіндік байланыс бар: қабілеттілік білімнің игеріліуіне ықпал етеді, ал білімнің болуы қабілеттің дамуына әкеледі.
Егер қабілеттердің бірнешеуі дамып белгілі – бір іс – әрекеттердің сәтті орындалуы дарындылықтың белгісі.
Дарындылық сөзі «дар» сөзінен шыққан. Дарынды, ақылды адамды көрнекті жеңістерге жеткен, қиын жғдайлардан қағида түрінде қызықты, ойламаған шешім таба білетін, басқалардың қолы жетпейтін жаңа білімді игерген адамды айтады.
Дарынды бала- белгілі – бір іс – әрекеттерде жарық, айқындықпен, кейде біртуар тулғаға тән жетістікке жеткен баланы айтамыз.
Біздің уақытымызда «дарынды балалар» өте кең мағынада айтылады. Егер бала оқуда немесе шығармашылықта құрдастарына қарағанда жетістікке жетсе, оны дарныды деп атауға болады. Барлық дарынды балалар өте оңай және тез оқиды.
Дарынды балаларды ерекше деп санауға болады. Олардың өз ойы, өзінің ұстанымы болады, ойлары жалпылама ортақ шешімнен ерекшеленеді. Олардың әуестенетін заттары әке –шешелеріне де, құрбы-құрдастарынада түсініксіз болуы мүмкін. Дарынды балалардың өзіне тән қабілеттері және ерекшеліктері өте жақсы есте сақтау қабілеті, ерекше зейінділік,білуге құмарлық, тәуелсіз ойлану, жаңаны білуге құмарлығы. Мұндай балалрдың ойлау қабілеттері өте жоғары, мағлұматтарды топтастыру және себеп – салдарын анықтауға қабілеттері жоғары.
Дарынды балаларды жинаған білімдерін кең қолдана білетіндіктері ерекшеленеді.
Педагогикада бала дарындылығы пайда болған уақытынан бастап айтылады. Баланың дарындылығын психолог, педагог, немесе ата – ана анықтаған болса, онда оны өзекті (актуальная) дарындылық деп атайды. Уақытында анықталмаған дарындылық потенциалды дарындылық деп аталады.
Педагогикада дарынды балаларды бірнеше категорияға бөледі

  1. Интеллектуалдық қабілеттері ерекше жоғары студенттерді айтады.

  2. Ғылымның белгілі бір бөлімінде ерекше ойлау қабілеттері бар, академиялық нақты қабілетімен ерекшеленген студент.

  3. Шығармашылық қабілеті жоғары студент.

  4. Көшбасшылығы жоғары студент.

  5. Белгілі бір себептермен оқуда жетістігі жоқ, бірақ танымдық қабілетінің, ойлау қаблетінің жоғарылығы және психикалық жаратылысының ерекшелігі бар студенттер.

Талант дегеніміз белгілі бір салада дарындылықтың жоғарғы дәрежесіне жету. Көбіне талант белгілі бір анықталған ортада байқалып, көрінеді. Егер студент өзінің жұмысымен сүйіп айналысатын болса, онда ол үнемі даму үстінде болады және түпкі ойы бастамасынанда тереңірек болып студентте шығармашылық дарындылық пайда болады.
Кемеңгерлік- таланттың жоғарғы дамыған дәрежесі, ол жаңа сапалы, ерекше дүниелер туады, яғни шығармашылықтың бұған дейінгі ашылмаған тұстарын зерттеумен байланысты.
Дарындылықты көрсететін балалардың психологиялық ерекшелігі, дарындылықтын нышаны емес,оны алып жүру белгілері ретінде қарастырылуы мүмкін.
Дарынды балалар бірден бірнеше жұмыспен айналыса береді. Олар өте қызыққұмар, қоршаған ортаны зерттейді және өз зерттеулерінде шектелмейді.
Ерте жасында болып жатқан оқиғаларды жүйелеп байланыстыра біледі, баламалы болжам келтіреді, дұрыс тұжырым жасайды.
Дарынды балалар көбіне өзднрінің даму сатыларынан секіріп өтеді.
Олардың сөйлеген сөздері негізделген, есте сақтау қабілеті өте жоғары және ойлау қабілеттері тәуелсіз. Дарынды балалардың сөздік қорлары мол, энцеклопедия, сөздіктерді көп оқиды, жаңа сөздер мен анықтамалар ойлап табады.
Талантты балалар танымдық белгісіздіктердің тез арада шешімін табады, қиын, ұзақ тапсырмаларды рақаттанып алады, бірақ дайын жауапты бірден бергенді ұнатпайды.
Дарынды балалар тапсырма қызықты болса, ұзақ уақыт бойы бір тапсырмаға көңілін бөліп отыра алады. Талантты және дарынды балаларға әділеттілік сезімі өте жақсы дамыған, алыстан көрген мәселелерге бей жай қарай алмайды, олардың әзіл – оспақты мінездері жақсы дамыған.
Олар өздерінің жастарына сай келмейтін мәселелерді шешуге ұмтылады, кейбіреулерінде жетістікке жетіп жатады.
Дарынды балалардың ерте бастан қызығушылығы математикаға, жаратылыстануға, оқуға байқала бастайды. Оқымыстылардың айтуынша балалардың дарындылықты көрсетіп жүрген психологиялық ерекшеліктері дарындылықты тудырушы емес,тек белгілері болуы мүмкін. Сондықтан дарындылықтың болуына тек негіз бола алады. Сонымен қатар баланың бойындағы жоғарыда айтылган белгілердің болмауы баланының – талантсыз екендігін білдірмейді. Мүмкін оны байқамаған болар.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет