«Музыка» ұйымдастырылған оқу іс-əрекетіне қойылатын талаптар. -
сабақ жоспарының балалардың жас ерекшеліктеріне сай құрылуы;
-
сабақ өтілетін орынның таза, жарық, кең болуы; алдын-ала ауасының тазартылуы,
дымқыл шүберекпен сүртілуі, сабақ кезінде терезенің жабық болуы жəне бала
ағзасына қауіпсіз болуы;
-
бала киімдері мен аяқ киімдерінің таза, бала денесі мен аяқ өлшеміне лайық
(əсіресе, аяқ киімнің кең немесе тар болмауы), эстетикалық талғам мен бала
денесіне ауа өткізіп тұратындай талаптарға сай болуы;
-
бала қолданатын құралдардың əр сабақ сайын тазартылып, кір сабынмен жуылып,
кептірілуі;
-
сабақ кезінде мəдени-гигиеналық тазалықтың сақталуы (сабақ алдында балалардың
міндетті түрде əжетханаға барып, дем алуына кедергі жасамайтындай тыныс
алатын мүшелерін тазартуы);
-
сабақ ұзақтығының 15 минуттан аспауы;
-
сабақ алдында баланың дене қызуы мен тамағының саулығын тексеру;
-
əн айту кезінде баланың бар дауысымен айғайлап айтпауын қадағалау;
-
əнді дұрыс айтпай отырған балаға көпшілік көзінше жиі ескерту айтпау;
-
музыкалық-ырғақтық қимыл жаттығулары мен би элементтерін орындау кезінде əр
баланың қимылын жіті қадағалау;
-
музыкалық-ырғақтық қимыл жаттығулары мен би элементтерін
дұрыс жасай
алмаған балаларды көпшілік көзінше ескертулермен мазаламау;
-
интербелсенді тақтаны жəне жоспарда сабақ мақсатына сай белгіленген
құрал-жабдықтарды міндетті пайдалану;
-
сабақтың ойын түрінде өткізілуі;
-
бала ағзасын шектен тыс шаршатып алмау.
«Музыка» ұйымдастырылған оқу іс-əрекетінің бағдарламасы. Қыркүйек 1. Балабақша
2. Менің отбасым
3. Табиғат əлемі
4. Менің Қазақстаным
Қазан 1. Қош келдің, Алтын күз!
2. Күз сыйы
3. Ас атасы – нан
4. Жыл құстары