Сабақ жоспары Тақырыбы: «Үй құстары»



Дата30.03.2023
өлшемі17,01 Kb.
#77790
түріСабақ

Логопедтың сабақ жоспары
Тақырыбы: «Үй құстары».
Мақсаты: Үй құстары туралы түсінікті кеңейту, сөздік қорды молайту.Оқушының сөйлеу тілін, көру, ойлау, фонетико-фонематикалық есту қабілеттерін, ұсақ қол және жалпы моторикасын дамыту;
Пәнді – дамыту орталығы: Үй құстарының суреттері, айна, артикуляциялық жаттығуларды орындауға арналған сұлбалар.

Іс-әрекет кезеңдері

Логопедтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық ынталандырушылық

Балалармен амандасады.

Балалар амандасады:
Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін,
Қайырлы таң!

Ұйымдастырушылық ізденушілік

Бүгінгі біздің жаңа тақырыптың аты – үй құстары және балапандары.
Үй құстарына: тауық,әтеш,үйрек,қаз жатады.
1.Ойын: «Қатты, ақырын»
М: Дауыстың қалпын өзгертуге ұйрету.
2.жаттығу: «Күрке тауық»
м:Артикуляциялық аппаратын дамыту.
3. жаттығу: «Мамыққа үрлейміз» Мақсаты: тыныс алуды жаттықтыру.

4. жаттығу: «1,2,3 менімен бірге қайтала» Мақсаты: Фонетико-фонематикалық есту қабілетін дамыту.


5.Д\Ойын: «Қуырмаш»
М.Балалардың ұсақ қол моториканы дамыту.
Әтеш ку-ка-ре-ку, деп шақырады.
Қаз қаңқ-қаңқ, деп қаңқылдайды.


Сергіту сәті: «Тауық пен балапандар»
мақсаты: Жалпы моториканы дамыту.
Әдемі бір шұбар тауық,
Таңатпай тұрып.
Қыт-қыт деп жүріп,
Балапандарын ертіп жұр.

6.Жаттығу: «Не артық?»


Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Тауық, әтеш, қаз, аққу. Не артық?
Неліктен ол артық

Балалар үй құстарының түрлерімен танысады.

Қатты, ақырын дауыспен қаңқ-қаңк деп айтады.


Жаттығуды айна алдында жасайды.


Тауыққа балапан апарып береді.
Мамыққа үрлейді.
Тауыққа бір балапан апарып береді.
ПА, ПО, ПУ, ПЫ, ПИ дауысты дыбыстарды буында қайталайды.
Саусақ жаттығуларын орындайды,
логопедпен бірге қайталайды

Рефлексивті түзетушілік



Логопед тақырыпты пысықтайтын сұрақтарды қойып, сабақты қорытындылайды.

Сабақтан алған әсер-лерімен бөліседі. Қойылған сұрақтарға белсене араласады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет