Ұ ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольм конференциясының алдында (1972 жыл,маусымда), «ба қ ылау»



Дата29.11.2023
өлшемі16,19 Kb.
#131209
Байланысты:
АШ2


1.Негізгі экологиялық заңдар мен ережелер

Қазіргі уақытта өнеркәсіптің дамуы мен индустрияландыруға байланысты экологиялық әл-ауқат пен қауіпсіздік жаһандық ауқымдағы ең басым бағыт болып табылады.
Қазақстан Республикасы да оны Қазақстанның даму стратегиясының басым бағыттарының бірі етіп қояды, осыған байланысты қоршаған ортаны қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы жаңадан пайда болған қажеттіліктерге байланысты осы саясатты әзірледі және тұрақты дамытып келеді.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 22 ратификацияланған экологиялық халықаралық конвенция, 10-ға жуық кодекс және 18 заң, сондай-ақ қоғам мен табиғаттың өзара іс-қимылының белгілі бір салаларын тікелей немесе жанама түрде реттейтін және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қолданыстағы заңнаманы сипаттайтын 300-ден астам арнайы заңға тәуелді актілер бар.
Экологиялық заңнаманы бұзу мүліктік (азаматтық-құқықтық), әкімшілік, қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

2.Экологиялық мониторинг

Экологиялық мониторинг – табиғи құбылыстардың және антропогендік іс-әрекеттердің әсерінен қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау,тексеру және болжау жүйелері«Мониторинг» деген термин «Монитор»- сақтандырушы,қадағалаушы деген латын сөзінен алынған. Бұл термин Б.Ұ.Ұ-ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольм конференциясының алдында (1972 жыл,маусымда), «бақылау» ұғымын толықтыру ретінде пайда болды.
Табиғи және антропогендік әсерлердің ерекшеліктері жеткілікті. Антропогендік әсердің деңгейін шектеуші көрсеткіш болып экологиялық шектеулі рауалы жүктеме саналады. Экологиялық шектеулі рауалы жүктеме былайша айтқанда, бұл экожүйенің тұрақтылығы шегінен аспайтын адамның шаруашылық қарекеті. Бұл шектен асушылық экожүйенің тұрақтылығының бұзылуына және ыдырауына апарып соғады. Барлық экологиялық жүктемелердің жердегі бүкіл жиынтығы биосфераның шаруашылық сиымдылығы шегінен асып кеткенде ғана қауыпті ахуал, экологиялық дағдарыс басталып, ол бүкіл биосфераның азуына, қоршаған ортаның адамның денсаулығы мен оның шаруашылығының тұрақтылығы үшін ауырып соғады. Қазіргі уақытта бұл шектен асушылық орын алып отыр деп пайымдауға барлық негіз бар, яғни жергілікті экологиялық шектеулі жүктемелердің жиынтығы ғаламдық экологиялық шектеулі жүктеме шамасынан асып кетті.
Антропогенді әсерлердің экологиялық мониторингінің негізіг міндеттері:
1.антропогендік әсер тигізетін көздерді бақылау.
2.антропогендік әсер факторларын бақылау.
3.антропогендік факторлардың әсерінен табиғи ортада жүретін процестерді және оның жағдайының өзгеруін бақылау.
4.табиғи ортаның физикалық жағдайын бағалау.
5.антропогендік факторлар әсерінен табиғи ортада болатын өзгерістерді болжау және болжамдаған табиғи ортаның жағдайын бағалау.
Мониторинг жүйесін топтастыру.
Экологиялық мониторинг үш сатыдан тұрады.
1.жағдайды бақылау
2.бағалау және болатын өзгерістерді болжау. Мониторинг схемасы 11.1 –ші суретте келтірілген.
Мониторинг схемасы
Мониторинг объектілеріне атмосфера, атмосфералық жауын-шашын, құрғақ жердің беткі сулары мұхит пен теңіздер, жер асты сулары, криосфера (климаттың жүйені құрушылар) жатады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет