10 сынып Географиялық зерттеу әдістері Географиялық мониторинг жүргізілетін деңгейлері: ғаламдық, аймақтық, жергілікті «Мониторинг»



бет1/19
Дата03.12.2023
өлшемі109,35 Kb.
#133069
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


10 сынып
Географиялық зерттеу әдістері
1. Географиялық мониторинг жүргізілетін деңгейлері: ғаламдық, аймақтық, жергілікті
2. «Мониторинг» терминінің ресми енгізілген уақыты: 1972 жылы БҰҰ қоршаған орта бойынша Стокгольм конференциясында
3. Мониторинг жөніндегі алғашқы үкіметаралық кеңес өткен қала: Найроби 1974 жылы
4. Атмосфера, озон қабаты, көміртек диоксиді, гидросфера, өсімдік жəне жануарлар дүниесі бақыланатын географиялық мониторингтің ең жоғары деңгейі: ғаламдық деңгей
5. Қоршаған ортаның геоэкологиялық немесе табиғи-шаруашылық жағдайларына зерттеу жүргізілетін географиялық мониторингтің дейі: аймақтық деңгей
6. Табиғи ортаның санитарлық-эпидемиологиялық жəне биоэкологиялық жағдайлары бақыланатын географиялық мониторинг деңгейі: жергілікті деңгей
7. Географиялық мониторинг əдістері: əуе-ғарыштық əдістер, жер беті əдістері
8. Əуе-ғарыштық əдістерге жатады: ғарыштық, əуе
9. Жер беті əдітеріне жатады: географиялық, физикалық-географиялық, биологиялық, деректерді өңдеу
10. Ғарыштық түсірілімдердің əуе түсірілімдерінен басты айырмашылығы: шолу сипатында үлкен аумақтардағы құбылыстардың таралуын қамту
11. Жасанды серіктердің түсірілімдерімен танысуға болатын қазіргі заманғы картографиялық қызмет: Google Maps
12. Бақылау, болжау жəне қорғау мақсатында қоршаған ортаның (атмосфера, гидросфера, топырақ жəне өсімдік жамылғысы,техногендік жүйелер) жай күйіне байқау жасау: мониторинг
13. Табиғи ортаның сапасын ондағы тіршілік дүниесінің жай-күйіне қарап анықтау: биоиндикация
14. Ғарыштық түсірілімдерді болжау негізінде талдау əдісі: дешифровка
15. Салыстыру əдісін ең алғаш 19-ғасырда ғылымда қолданған: А.Гумбольдт
16. Салыстыру əдісі арқылы А.Гумбольдт негізін салған ғылым саласы: Физикалық география
17. Салыстыру əдісін Гумбольдтпен қатар қолданған оның замандасы: К.Риттер
18. Риттердің еңбектері: «Табиғат пен адам тарихына қатысты жертану» немесе «Жалпы салыстырмалы география», «Салыстырмалы жертану туралы идеялар»
19. Біртекті нысандардың белгілері мен көрсеткіштерін бір уақыт кезеңінде салыстыру: Синхронды салыстыру
20. Бір немесе бірнеше нысанның белгілері мен көрсеткіштерін əртүрлі уақыт кезеңдері бойынша салыстыру: Диахронды салыстыру
21. Басқа ғылым саласында жақсы зерттелген нəрсемен салыстыру негізінде балама табу арқылы зерттеу: Баламалау əдісі
22. 2018 жылы еліміздегі ең жоғары туу коэффициенті тіркелген облыс: Маңғыстау (29,7 промилле)
23. 2018 жылы еліміздегі ең төменгі туу коэффициенті тіркелген облыс: Солтүстік Қазақстан (12,9 промилле)
24. Деректерді талдау үшін қолданылатын математикалық жəне статистикалық əдістердің жиынтығы: сандық əдістер
25. Географиялық жүйелердің өзгерістерін талдауда қолданылатын сандық əдістер: математикалық статистика əдістері
26. Уақыт мерзімі бойынша ретке келтірілген сандық көрсеткіштер жиынтығы: мерзімдік қатар
27. Кіріс пен шығыс түріндегі теңгерімдік ағындар тəн болатын жүйелердің дамуын талдау, болжау үшін қолданылатын есептеу тəсілдерінің тобы: Теңгерім əдісі
28. Математикалық модельдер бейнелеу тəсілі бойынша: таңбалы деп аталады
29. Нысандарды сандық деректері бойынша топтастыру үшін қолданылатынн əдіс: рангтерге жіктеу əдісі
30. Қоршаған ортаның қазіргі жағдайына кешенді баға беру, оның табиғи фактор мен адам əрекеті нəтижесінде өзгеру жағдайлары туралы ғылыми негізделген болжам жасау: географиялық сараптама
31. Географиялық сараптамалар сипатына байланысты бөлінеді: экологиялық-географиялық, экономикалық-географиялық
32. Сараптаманы жүргізуші білікті жəне тəжірибелі маман: сарапшы
33. Өндірісті аумақтың табиғи ортасы мен табиғат ресурстарының жай-күйін сандық-сапалық бағалау жəне өзгерістерін сараптау: экологиялық-географиялық сараптама
34. Аудандық жоспарлау жəне экономикалық нысандарды жобалау негіздемесін жасау мақсатында аумақтық жобаларды сараптау: экономикалық-географиялық сараптама
35. Сараптама жүргізілуіне жəне өтілуіне қарай бөлінеді: жеке жəне топтық
36. Дельфи əдісі ең алғаш негізделді: 1964 жылы «РЭНД» корпорациясында
37. Дельфи əдісінің ерекшеліктері: көп деңгейлігі, жасырындылығы, сырттай жүргізуге болатындығы, салыстырмалы түрде дəлдігі
38. Ұжымдық идеялардың генерациясы (жинақталуы) арқылы жүзеге асырылатын əдіс: миға шабуыл əдісі
39. Аудандастырудың ғылыми негіздері қалыптасты: XVIII ғ. соңы мен XIX ғ. Басы
40. Аумақты географиялық жағдайларының біртектілігі бойынша кеңістік жіктеу: географиялық аудандастыру
41. Белгілі бір аумақтағы қоршаған орта мен қоғамдық элементтердің өзара байланысқан кеңістік үйлесімі: аумақтық жүйе
42. Жер бетінде белгілі бір құбылыстың, нысандардың немесе ұқсас жағдайлардың ағзалар қауымдастығының таралу аумағы: ареал (лат. аrea-облыс,аудан,кеңістік)
43. Аудандастыруда ареалдығ екі негізгі тобы: біртекті жəне торапты ареал
44. Физикалық географияда табиғи жүйелерді аудандастырудың екі негізгі əдісі қолданылады: жетекші фактор əдісі жəне беттестіру əдісі
45. Ірі аймақтарды жіктеуде қолданылатын əдіс: жетекші фактор əдісі
46. Ірі жəне кішігірім аудандар бірліктерін жіктеуде қолданылатын əдіс: беттестіру əдісі




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет