● Общественные науки



Pdf көрінісі
Дата31.03.2017
өлшемі418,32 Kb.
#10838



 Общественные науки 

 

                               №4 2015 Вестник КазНТУ 



 

 

618 



 

 

  

 



 

 

 



 

УДК 378 


 

Н.О. Мекебаев, Қ.Ж. Сабраев 

(Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан) 

 

ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ   

ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 

 

Аннотация.Мақалада  білім  беру  саласында  ақпараттық  технологиялардың  жаңа  құралдарын  қолдану, 

мультимедиялық білім ресурсын құру, мультимедиялық технологияларды жүйелі пайдаланудың дидактикалық 

негіздері және мультимедиа ұғымының көп мәнділігі және мультимедианы оның барлық мәндерінде педагоги-

калық  қолдану  ерекшеліктері,  атап  айтқанда,  оны  әзірлеудің  негізін  сипаттайтын  технология,  ақпараттың  әр 

алуан түрін өңдеу құралдары және оларды қолдану қарастырлған. 

Тірек сөздер: Мультимедия, мультимедиалық технология, деректерді өңдеу, мультимедиалық програм-

малар, ақпараттар. 

 

Оқытудың қазіргі кездегі ақпараттық технологиялары – қазіргі оқыту технологиясын интерактивті 



программалық  –  әдістемелік  сүйемелдеумен  қамтамасыз  ететін  компьютерлік  техника,  телекоммуника-

циялық байланыс құралдары, аспаптық программалық құралдар жиыны болып табылады. 

Бүгінгі таңда «Жаңа технологиялар» адамдардың өмірін, қарым- қатынасын және жұмысын өте 

аз  уақыт  ішінде  қатты  өзгертті.  «Жаңа  технологиялар»  адамдардың  жаңа  бір  қоғамын  қалыптастыр-

ды.  

Оқушылардың  өз  бетімен  жұмысын  қалыптастыру  оқушының  пәнге  деген  қызығушылығынан 



және қажеттілігінен туады. Өз білімін көтеру жекелеген оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағды-

сын дамытып, шығармашылық белсенділігін арттырады. Білімді игерудегі мектептің негізгі міндеті – 

оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ізденістерін дамыту. Осы мақсатпен білімнің қандай да 

бір саласында қорытындыға және олардың негізінде жаңа ерекше бұйымдарды, жобаларды, тағы бас-

қаларды  жасауға  байланысты  шығармашылық  сипаттағы  жұмыстардың  сан  алуан  түрлері  қолданы-

лады.  Оқушылардың  танымдық  қызығуын  қалыптастыруда  шығармашылық  жұмыстарды  ұйымдас-

тырудың  маңызы  зор.  Шығармашылық  жұмыстар  арқылы  оқушының  бойында  еңбекқорлық,  шын-

шылдық,  қанағаттылық,  өзара  қамқорлық,  өтірік  айтып  алдамау,  жамандылыққа  жирене  қарап,  он-

дайлардан  аулақ  болу  және  әдептілік  пен  сыпайылықты  бейнелеуі  көрінеді.  Сабақта  оқушылардың 

танымдық іс-әрекетін білікті басқару, сабақтың әр кезеңінде түрлі мазмұнды жұмыстар ұйымдастыру 

(ойындар, өзбеттік жұмыстар, информатикалық диктанттар, сәйкестендіру, автотест) оң нәтижелерге 

жетуге ықпал жасайды. Жаңа білім игеру кезінде барлық оқушылардың жеңіл тапсырмаларды өз бе-

тінше  орындауы,  тіректік  білімді  өзектендіру  мақсатымен  тәжірибелік  мағынасы  бар  өздік  жұмыс-

тарды  орындауы,  танымдық  ізденімпаздықты  қалыптастыратын  болжаулар  тұжырымдауға  үйрету, 

олардың  шығармашылық  белсенділігін  арттырады.  Жаңа  білімді  енгізу  кезінде  оқушылардың  оқу-

танымдық  іс-әрекетін  арттыру  ұғымдарының анықтамаларын,  ережелерді,  заңдарды,  қасиеттерді  ай-

қындауға жақсы жәрдемші болатын шығармашылық тапсырмарды орындау арқылы жүзеге асырыла-

ды. Алынған білім мен білікті тиянақтау кезінде түрлі мазмұнды танымдық тапсырмалар орындала-

ды, мұғалімнің берген ақпараты оқушылардың білім деңгейіне  сай келуі тиіс және тапсырмалардың 

қиындық  денгейі  үлгі  бойынша  орындалатын  белгілі  амалдардан  жаңа  жағдайларда  орындалатын 

объектілер мен құбылыстарды салыстыру арқылы орындауға дейін өседі. Қазіргі  кезеңде  оқулықтар 

теориясы оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары мен жобалау әдістемесі жасалуда. Оқыту про-

цесін  компьютерлендіру  үрдісі  мұғалімдердің  қызығушылығын  шығармашылық  ізденісін,  электрон-

 

●  



О Б Щ Е С Т В Е Н Н Ы Е   Н А У К И

 

 



 

Қоғамдық ғылымдар 

 

ҚазҰТУ хабаршысы №4 2015 



 

 

619 



дық оқулықтарды жасау теорияларын және оларды іс-тәжірибеде қолдану әдістерін игеруге ұмтылы-

сын тудыруда. Электрондық оқулық – ғылыми – педагогикалық құрал. Ол теориялық материалды өз 

бетімен оқуға, үйренуге, зерттеуге мүмкіндік береді, сабақта және сабақтан тыс уақытта өз бетімен әр 

түрлі деңгейлі, шығармашылық тапсырмалар орындауға мүмкіндік береді. 



Мультимедиа  ұғымы.  Компьютерлік  техниканың  дамуы  көзқарасы  тұрғысынан,  аппараттық 

жасақтамада  сипаттамалық  ерекшелігі  салыстырмалы  түрде  жаңа  болып  саналатын  ақпараттың  әр 

алуан  түрін  өңдеу  мен  ұсыну  мүмкіндігі  бар  құралдар  тобын  ерекше  бөліп  қарастыруға  болады. 

Шындығында,  соңғы  жылдары  осындай  құралдардың  қатарына  мультимедиа  құралдары  санатына 

қосылған дыбысты, фотоны және бейне кескінді жазу мен жаңғыртуға арналған құрылғылар да жата-

ды. Егерде жақын арада иістерді сандық өңдеуге арналған құрылғылар пайда болып және кеңінен та-

ралып жатса, онда бұл құрылғылар да мультимедиа құрылғыларының тобына жатқызылатын болады.  

Мультимедиаға зерттеушi ғалымдар түрлiше анықтама бередi: 

Мультимедиа  -  әртүрлi  типтi  ақпараттарды  компьютердiң  ұсыну  мүмкiндiгiн        дамытатын    

және    адамның   мультисенсорлық   табиғатына негiзделген технология (D.Little).  

Мультимедиа  -  екi  не  онан  да  көп  типтi  ақпараттарды  интерактивтi  формада  бiрiктiру 

(D.H.Jonassen).   

Мультимедиа  -  әртүрлi  формада  ұсынылған  ақпараттарды  бiрiктiруге  мүмкiндiк  беретiн 

компьютердiң аппараттық және бағдарламалық құралдары кешенi (И.И.Косенко). 

Мультимедиа  -  графика,  гипермәтiн,  дыбыс,  анимация,  бейнемәлiметтердi  пайдалануға 

мүмкiндiк туғызатын аппаратты-бағдарламалық құрал (И.Вернер). 



Мультимедиа  (ағылшын  сөзі  multimedia  латын  сөзінен  алынған:  multum  –  көп  және  media, 

medium – орта, құралдар) – зерттелетін объектілерді, құбылыстар мен оқиғаларды бейнелеу тәсілде-

рінің  бай  жинағы.  Мультимедиа  өнімдері  ақпараттың  сан  алуан  түрін:  компьютерлік  мәліметтерді, 

теле  және  бейне  ақпаратты,  сөз  бен  әуенді  қолданады.  Ақпаратты  тіркеу  мен  жаңғыртуда  компь-

ютермен  басқарылатын  теледидардың,  бейнемагнитофонның,  Hifi-аудиожүйенің,  жинақы  дискілер 

(CD)  ойнатқышының әр алуан түрлі техникалық құралдарын пайдалануға болады. Мультимедиа құ-

ралдары  өзінің  табиғаты  бойынша  интерактивті,  яғни  мультимедиа  өнімдерінің  көрермені  мен  тың-

даушысы  ешқашанда енжар болып қалмайды. Мультимедиа оқытудың сапасын арттырады және үй-

ренушінің назарын аударуға мүмкіндік туғызады. Егерде бұрындары сабақтарда ақ-қара түсті фильм 

пайдалану  армандаудың  шегі  болса,  қазіргі  заманғы  техникалық  құралдар  компьютерлік  анимация 

немесе типті ойын түріндегі айтарлықтай оқиғалы оқу құралдарын әзірлеуге мүмкіндік береді. Қазіргі 

заманғы  техникалық  құралдар  имитация  түріндегі  ойын-сауықтарды  және  физикалық  бақылауға 

мүмкін емес, құбылыстарды, мысалы, жердің ішіндегі механизмдерде, ғарышта болып жатқан құбы-

лыстарды көрсетуге арналған оқу құралдарын әзірлеуге мүмкіндік береді. 

Информатиканың  зерттеу  пәні  болып  саналатын  ақпарат  түрлерін  (типтерін)  және  оны  ұсыну 

тәсілдерін  білместен  мультимедиа  құралдарының  ерекше  сипатын  түсіну  мүмкін  емес.  Жалпы  орта 

білім беру жүйесінде мультимедиа құралдарын пайдаланудың ерекшеліктерін оқып білу үшін біз мә-

ні бар ақпаратты топтастырудың негізі аспектілеріне ғана тоқталамыз.  

Ақпаратты топтастырудың бірнеше критерийі бар. Қабылдау түрлері бойынша барлық ақпарат-

ты үш топқа бөлуге болады:  

Мәтінді, графикалық кескіндер мен суреттерді, фотографияны, мультфильмдерді, бейнефильм-

дерді қамтитын көру немесе көрініс ақпараты деп аталатын, адамның  көруімен қабылданатын ақпа-

рат; 


Еркін  ызыңдарды,  әуендік  жаңғыртуларды,  сөзді  қамтитын  дыбыстық  ақпарат  деп  аталатын, 

адамның есту аппаратымен қабылданатын ақпарат; 

Арнайы  техникалық  құралдар  көмегімен  жұмыс  істеу  кезінде  адамның  сенсорлық  жүйесімен 

қабылданатын сенсорлық немесе тактильдік ақпарат. 

Осы аталған ақпараттың барлық түрін басқа критерий бойынша да топтастыруға болады. Олар-

дың бірі ақпаратты адамның қабылдау тәсілі болып саналады. Осыған байланысты білім алушыларға 

келетін  ақпараттың  барлығын  топтастырылған  (ассоциативную)  және  тура  ақпарат  деп  бөлуге  бола-

ды.  Топтастырылған  ақпарат,  бұрындары  меңгерілген  ақпараттың  ықпалымен  адамда  туындайтын, 





 Общественные науки 

 

                               №4 2015 Вестник КазНТУ 



 

 

620 



қабылдануы  топтастыруға  негізделген  ақпарат  ретінде  анықталады.  Топтастырудың  мұндай  амалы 

кезінде ақпараттың бұл түріне мәтінді, сөзді және суреттер мен мультфильмді жатқызуға болады. 

Оқытудың  мақсаты  көзқарасы  тұрғысынан,  тура  ақпарат  объектілердің  маңызды  қасиеттерін 

тікелей жеткізеді. Ақпараттың мұндай түріне фотография, бейнефильм, ғылымда шуыл деп аталатын 

еркін дыбыс жатады. Мультимедиа құралдарының айтарлықтай ерекшеліктерінің бірі тура ақпаратты 

ұсыну  мен  өңдеу  мүмкіндігі  болып  саналады.  Мысалы,  мультимедиа  құралдарын  пайдалану  білім 

алушыға зерттелетін  объектіні және  онда болып жатқан процесті көруіне, мүмкін болатын дыбысты 

естуіне  мүмкін  болатын  дыбысты  естуіне  мүмкіндік  туғызады.  Адам  өмірінде  істес  болатын  объ-

ектілер мен процестердің нақты бейнелерін қалыптастырады [1]. 

Сонымен,  мультимедиа  ұғымы,  жалпы  мультимедиа  құралдары,  бір  жағынан,  әр  алуан  типті 

ақпаратты компьютерлік өңдеумен және ұсынумен тығыз байланысты болса, екінші жағынан, жалпы 

орта  білім  берудің  тиімділігіне  айтарлықтай  ықпал  ету  мультимедиа  құралдары  қызметінің  негізіне 

жатады.  Мультимедиа  құралдарының  бар  болуы  және  оларды  барлық  мектепке  ендіру  лайықты 

бағдарламалық құралдардың пайда болуына және олардың мазмұнының толығуына, оқытудың жаңа 

әдістерін  және  педагогтардың  кәсіби  қызметін  қызметін  ақпараттандыру  технологияларын 

дайындауға мүмкіндік береді. 

 

Кесте 1. Оқулық әдебиеттердегі және мультимедиа ресурстарындағы ақпараттың түрлері 



 

Оқулық әдебиеттеріндегі ақпараттың түр-

лері 

Мультимедиа ресурстарындағы  



ақпараттың түрлері 

Мәтіндік ақпарат 

Сандық ақпарат 

Графикалық ақпарат 

Кестелік ақпарат 

Бейне-ақпарат 

Диаграмма-ақпарат 

Фото-ақпарат 

Мәтіндік  ақпаратты,  графикалық  кескіндер  мен  су-

реттерді, фотографияны, мультфильмдерді қамтитын 

көру немесе көрініс ақпараты 

Арнайы  техникалық  құралдар  көмегімен  жұмыс  іс-

теу кезінде адамның сенсорлық жүйесімен қабылда-

натын сенсорлық немесе тактильдік ақпарат 

Еркін  ызыңдарды,  әуендік  жаңғыртуларды,  сөзді 

қамтитын дыбыстық ақпарат 

 

Бұл  кестеде  мультимедиа  ресурстарының ақпаратты  оқулық  әдебиеттеріндегі  ақпараттың  түр-



лерінен әлде қайда бай екендігі айқын көрініс тауып отыр. Мультимедианың тағы бір ерекше артық-

шылығы  оның  анимациялылығы    болып  саналады.  Демек  мультимедианың  оқу  процесіндегі  орны 

ерекше деп айтуға болады. 

Мәселен,  мысалы,  бейнефильмдерді  сақтауға,  өңдеуге  және  жаңғыртуға  мүмкіндік  тудыратын 

мультимедиа құралдарының пайда болуы және жалпы орта білім беру жүйесіне  енуі мектеп оқушы-

ларына  көрсетілетін  бейнефильмдердің  үзінділері  бар  және  оқытуға  пайдаланылатын  компьютерлік 

бағдарламаларды  дайындауға  қол  жеткізді.  Бұл  өз  кезегінде  сабақтарды  өткізудің  жаңа  әдістемелік 

сценарийлерін тудырды да оқушылар компьютермен жұмыс  істей  отырып, оқу  уақытының бір бөлі-

гін, оқып білу мақсаты көзқарасы тұрғынан, маңызды  болып саналатын бейнеүзінділерді көруге ар-

найды.  Оны  көшірмелеп  алу  және  түсіндірмелер  енгізу  қажеттілігі  туындаса,  оқушылардың  фильм 

кадрларын тоқтату мүмкіндігі пайда болады. Мультимедианың кейбір мүмкіндіктері мектеп практи-

касына әлі ене қойған жоқ, өйткені оны іске асыру әрі күрделі, әрі қымбатқа түсіп отыр. Мысалы, фи-

зикалық  түрде  қол  жетпейтін  әр  түрлі  құбылыстарды  барып  көру,  мәселен,  ғарышқа,  тірі    жанның 

организміне,  жердің  ішкі  қабатына  және  т.б.  сапар  шегу  –  виртуалдық  шындық  сияқты.  Бірақ  бұл 

уақыттың үлесіндегі дүние, мұндай мүмкіндіктер келешекте мектепке келеді. 

Ақиқат жағдай, білім беруде пайдаланылатын бейне материалдардың өзі лайықты мультимедиа 

құралдарын пайдаланудың арқасында сапалы түрде өзгеріске ұшырады. Тілдің көптеген басқа сөздері 

сияқты  «мультимедиа»  ұғымын  да  анықтайтын  әр  түрлі  бірнеше  мағыналы  мынадай  объектілерден 

тұрады екен.  

 

 



 



 

Қоғамдық ғылымдар 

 

ҚазҰТУ хабаршысы №4 2015 



 

 

621 



Мультимедиа – бұл: 

  типі  әр  түрлі  ақпаратты  өңдеу  мен  ұсыну  технологиялары  негізінде  әзірленген  ақпараттық 

ресурстар; 

  ақпаратты өңдеу  мен ұсынуға байланысты жұмыс істеу типі әр түрлі компьютерлік  бағдар-

ламалық жасақтамалар; 

  көмегімен типі әр түрлі ақпаратпен жұмыс істеуге мүмкін болатын компьютерлік ақпараттық 

жасақтамалар; 

  типі әр түрлі ақпаратты өңдеу құралдарын дайындау, жұмыс істеу және қолдану ретін сипат-

тайтын технологиялар; 

  типі    әр  түрлі  дәстүрлі  статикалық  көрінерлік  ақпаратты  да  (мәтін,    график),  динамикалық 

ақпаратты  да  (сөз,  әуен,  бейне  үзінділер,анимация  және  т.б.)  өзіне  қамтитын  ақпараттың  ерекше 

қорытынды түрі.  

Салыстыру, мультимедианың білім берудегі мүмкіндіктері аса ауқымды және пәрменді екендігі 

жоғарыдағы анықтамалардан және ілгеріде баяндалатын мультимедиа ресурстары мен құралдары ту-

ралы мағлұматтардан бірден байқалады.  

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



1.  Халықова Г.З., Кеңесбаев С.М., Мафухаева Р.М. “Macromedia Flash технологиясы”, Қазақ мемлекет-

тік қыздар педагогика институты. Алматы: 2006 ж. 

2.  Бөрібаев Б,. Балапанов Е., «Жаңа ақпараттық технологиялар» Алматы: 2001ж. 

 

REFERENCES 



1.  Halykova G.Z., Renesbaev S.M., Mafuhaeva R.M. “Macromedia Flash tehnologijasy”,  Kazak memlekettіk 

kyzdar pedagogika instituty. Almaty: 2006 г. 

2.  Borіbaev B,. Balapanov E., «Zhana arparattyk tehnologijalar» Almaty: 2001 г. 

 

Н.О. Мекебаев, К.Ж. Сабраев 



Теоретические основы использования мультимедийного образовательного процесса 

Ключевые  слова:  Мультимедия,  мультимедийные  технологии,  обработа  данных,  мультимедийные 

программы, информация. 



Аннотация.  В  статье  рассматриваются  cоздания  новых  инструментов  информационных  технологии  в 

сфере  образования,  так  же  создать  ресурсы  мультимединной  знаний  и  дидактические  основы  систематизиро-

ванного  использования  мультимединной  технологии.  Мультемедия  понятия  в  применения  педагогике,  а  кон-

кретно  говоре,  основные  характеристики  технологии,  а  так  же  рассматривать  информационные  технология  и 

применение информатике. 

 

N.O. Mekebaeyev, K.J. Sabraev 



Theoretical basics of using multimedia educational process 

Key words: Multimedia, multimedia technologies, obrabota of data, multimedia programs, information.

 

Abstract. The article deals with the creation of new tools of information technology in education, as well create 

resources  mul′timedinnoj  knowledge  and  teaching  fundamentals  of  the  systematic  use  of  mul′timedinnoj  technolo-

gy. Multimedia concepts in the application of pedagogy, and specifically, the main characteristics of the technology, as 

well as to consider the use of information technology and computer science. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет