● Оймақтай ой Талпыныс тəжі – табандылық. Əбу Насыр Əл-фараби


–  Тілектес  Ешейұлы,  елор-



Pdf көрінісі
бет5/39
Дата01.01.2017
өлшемі5,72 Mb.
#889
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39

–  Тілектес  Ешейұлы,  елор-

да  соттарының  өткен  жылды 

қорытындылаған  жиналы-

сында  біраз  мəселе  айтылды. 

Жетістіктер  де,  кемшіліктер 

де  сараланды.  Алда  тұрған 

міндеттер туралы не айтасыз? 

–  Қолданысқа  енгізілген 

Азаматтық  процестік  кодекс-

те  көзделген  Жоғарғы  Сот 

алқасының  кассациялық  сот 

актісін  қарауы  апелляциялық 

тəртіпте  сот  төрелігін  жүзеге 

асы руды  жаңа  деңгейге  көтеріп, 

судьялардың  жауапкершілігін 

арттырады  деп  ойлаймын.  Алқа 

төрағалары апелляциялық соттың 

жұмыс  сапасын  жоғарылатуға 

бағытталған  іс-шаралар  əзір леу 

қажет.  Қолданыстағы  заң  нор-

маларының  дұрыс  қолданылуы 

жəне  оны  түсіндіру  бойынша 

ауқымды  жұмыстар  атқарылуы 

керек. Сондықтан, алқа төрағалары 

сот  төрелігін  іске  асыру  бойын-

ша  өздерінің  міндеттерін  қай -

та  қарап,  жаңа  Азаматтық  про-

цестік,  Қылмыстық  іс  жүргізу 

кодекстерінің  ережесін  зерде-

леп,  дұрыс  қолдану  тəжірибесін 

қалыптастыру керек. 

Кейбір  категориядағы  істер 

бойынша  талдау  төмен  неме-

се  мүлдем  жүргізілмейді.  Сот 

төрағалары  мұндай  талдау  жүр-

гізуді ұйымдастырмайды. Соттың 

жұмыс  жоспарына  енгізіл гені-

мен,  талдау  нəтижесі  бойынша 

дайындалған  анықтамада  заң 

нормаларын  қолдану  жөнінде 

проблемалық  мəселелер  мен 

ұсы ныстар  көрсетілмейді.  Сот 

төрелігін  іске  асыру  сапасын 

жақсарту үшін осы бағыттағы жұ-

мысты жандандыру қажет. 

Алдымызда  тұрған  таяу 

ара  дағы  үлкен  міндеттің  бірі 

–  Парламент  Мəжілісіне  жəне 

жергілікті  мəс лихаттарға  депу-

таттарды сайлау науқаны. Осыған 

байланысты Ал қа жəне соттардың 

төрағалары  ұйымдастырушылық 

жұмыстарын  өткізіп,  жауапты 

судьяларды  анық тап,  туындаған 

дауларды  қарау  практикасын 

зерделеу  қажет.  Сот  төрағалары 

осындай істердің қа ралу мерзімін, 

материалдық жəне процессуалдық 

құқық  нормаларын  дұрыс  қол-

дануды бақылауға алула ры тиіс. 



Əңгімелескен 

Шарафаддин ƏМІРОВ, 

«Егемен Қазақстан». 

Сапалы сот корпусын 

ќалыптастыру – уаќыт талабы

Астана қалалық соты өткен 2015 жылы атқарылған жұмысын қорытындылаған алқа 

жиналысын өткізді. Жетістіктер туралы айтылды, кемшіліктер тілге тиек болды. Реті 

келгенде, Астана қалалық сотының төрағасы Тілектес БƏРПІБАЕВТЫ əңгімеге тарттық. 

Сұхбатымыз Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын 

жол» бағдарламалық мақаласы төңірегінде өрбіді. 

Əбдімүтəліп ƏБЖАППАРОВ,

Ш.Уəлиханов атындағы 

Көкшетау мемлекеттік 

университетінің ректоры, 

профессор, Қазақстан 

Республикасының еңбек 

сіңірген қайраткері. 

Президент  Жолдауларының 

Қа зақстан  халқы  үшін  əрқашанда 

маңызы зор екені баршамызға аян. 

Ал  Ұлт  Жоспарын  елімізді  іргесі 

берік  əрі  дамыған  мемлекеттер 

қатарына қосу жөнінде атқаратын 

жұмыстарымыздың  бағдаршамы 

десек,  жарасар.  Егер  əңгімемізді 

Жол дау  туралы  айтудан  бастасақ, 

Елбасы  Нұрсұлтан  Əбішұлы 

Назарбаев өзінің «Қазақстан жаңа 

жаҺандық ахуалда: өсім, реформа-

лар, даму» атты кезекті Жолдауында 

нақты  мəселелерді  атап  көрсете 

отырып, «Қазіргі əлемді жайлаған 

дағдарыс заманында не істеуіміз ке-

рек? Қандай міндеттерді жүзеге асы-

руымыз қажет?» деген сұрақтарға 

тұшымды жауап тауып, одан шығар 

жолдарды көрсетіп берді. Сонымен 

бірге Жолдау Қазақстанның əлемдік 

дағдарысқа яғни, бүгінгі қатері мен 

тың  мүмкіндіктері  қатар  өрбіген 

жаңа  жаһандық  ахуалда  дамудың 

негізгі  бағыттарын  айқындайтын 

басты  құжат  екенін  де  атап  өтті. 

Бейбітшілік пен ынтымақтың тірегі 

болған Елбасымыз осы миссияның 

мазмұнын,  қызметін  қазіргі  жағ-

дайда  нақты  бағыттап  берді.  Əрі 

Жолдаудың ішінде ұлт мұраты, ел 

тəуелсіздігі, ұрпақ болашағы сияқты 

құндылықтар  да  шет  қалған  жоқ. 

Елбасы  көзқарасымен  қарайтын 

болсақ, қазіргі кезеңде жаңаша дамуға 

үлкен мүмкіндіктер туып отыр.

Президент өз сөзінде бүгінгідей 

сын сағаттарда Қазақстан халқына 

үлкен  жауапкершілік  артылғанын 

жəне  өз  отандастарына  сеніммен 

қарайтынын, бүгінгі дағдарыстар мен 

бөгеттерді бірігіп жеңе алатынын, 

біздің мақсатымыз – елі бақытты, 

жері гүлденген қасиетті Отанымыз 

Қазақстанды  «Мəңгілік  Ел»  ету! 

Əлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің  

қатарына қосып, бай да қуатты елдер-

мен иық түйістіру екенін атап, осы 

мақсатымызға міндетті  түрде жетеміз 

деп үлкен сенім артып отыр. Оған қоса, 

«Қазақстан-2050» Стратегиясының 

осы  уақыттың  өзінде-ақ  жүзе-

ге  асырылып  жатқандығын,  тіп-

ті,  жаһандық  экономикалық  дағ-

дарыстың  теріс  ықпалына  қара-

мастан, зор нəтижелерге қол жет-

кізіп  жатқанымызды  да  атап  өтті. 

Біріншіден,  Давос  экономикалық 

форумының  Жаһандық  бəсекеге 

қабілеттілік  индексі  көрсеткіші 

бойынша  Қазақстан  əлемде  42-ші 

орынға ие болды. Екіншіден, бизнес 

үшін барынша қолайлы жағдайлар 

жасайтын  елдердің  əлемдік  рей-

тингісінде  Қазақстан  41-ші  шепті 

иеленді. Үшіншіден, 30 қарашадан 

Дүниежүзілік  сауда  ұйымының 

заңды  түрде  толыққанды  мүшесі 

болғандығымыз алға тартылды. 

Бұл  оқиғалар  тəуелсіз  Қазақ-

станның  тарихындағы  маңызды 

кезең  болып  табылады.  Сонымен 

қатар, Елбасы өз сөзінде, соңғы жыл-

дарда атқарылған істерге баға беріп, 

экономикамызды, мемлекетіміз бен 

қоғамымызды нығайтуды көздейтін 

жаңа шараларды да белгілеп берді.

Жолдауда  Елбасы  «Ең  жақ сы 

жос пар  –  уақыт  талабына  бейім-

делген жоспар» дей отырып, өсу мен 

дамуды қамтамасыз ететін кешенді 

іс-шараларды да нақтылап көрсетті.

Тарихи  құжаттың  негізгі  өзегі 

барлық мүмкіндіктерімізді пайдала-

на отырып, ел экономикасын үздіксіз 

дамытуды қамтамасыз ету болып та-

былады. Экономикалық жағдайдың 

дұрысталуы  білім  мен  ғылымның 

жетілуіне,  оның  өміршеңдігіне 

ықпал  жасайтындығы  белгілі.  Ел 

мақсаты  –  əлемдегі  ең  дамыған 

30  мемлекеттің  қатарына  қосылу. 

Осыған орай, ол межеге жету жо-

лында кездесетін қиындықтарға той-

тарыс беріп, оған тиісті шаралар жа-

сауымыз керек. Елдігіміз сыналатын 

əрі шыңдалатын осындай ұрымтал 

тұста Президентіміз əлем дамуының 

сын-қатерлерін  күні  бұрын  бол-

жай  білудің  маңыздылығын  атап 

көрсетіп,  қазақстандықтар  тара-

пынан  үлкен  қолдауға  ие  болған 

негізгі қағидаттарды кең ауқымда 

шешіп, қандай жағдайда болмасын 

əлеуметтік кепілдіктерді мүлтіксіз 

орындауды  басты  міндет  ретінде 

алға қойып отыр. 

Биылғы  Жолдауда  елдің  əлеу-

меттік-саяси  жəне  қаржылық-

экономикалық  салаларын  көте-

руге,  сондай-ақ,  ең  бастысы,  Қа-

зақстанның  болашағы  –  жастарға 

айрықша  көңіл  бөлінді.  «100 

нақты қадам» атты Ұлт Жоспарын 

жүзеге  асыру  терең  білімділікті, 

біліктілікті,  шеберлікті  қажет 

етеді.  Ал,  ол  –  болашақ  үшін  кез 

кел  ген  мамандықты  толық  əрі 

білікті игеру деген сөз. Яғни, білім 

мен  ғылым  көкжиегін  кеңітуге 

бағыттайды.  Бұл  ретте  2016  жыл-

дың  1  қаңтарынан  бастап  ЖОО 

студенттерінің шəкіртақыларын 25 

пайызға көтеру арқылы жастардың 

білім  алуына  қолдау  көрсетіліп 

отыр.  Елбасы  Н.Ə.Назарбаев 

Жолдауында  Қазақстан  жаста-

рын  «білімді,  еңбекқор,  баста-

машыл,  белсенді  болуға,  жұмыс 

пен  сұранысы  бар  өңірлерге  ба-

тыл  қадаммен  баруға,  шеберлікке 

қол  жеткізуге»  шақырып,  жоғары 

оқу  орындарының  мамандарына, 

педагог  ғалымдарға  білім  беру-

де, кəсіби маман даярлауда үлкен 

жауапкершілік  жүктеп  отыр.  Осы 

орайда Жолдаудағы «Қазір ғылым 

мен  инновацияның  күні  туған  за-

ман.  Ерінбей  еңбек  еткен,  тал-

май  ғылым  іздеген  адам  озады», 

деп  бағыт  сілтеуі  студенттер  мен 

оқытушылардан  ғылыми  ізденіс 

пен  кəсіби  шеберлік,  біліктілікті 

талап етеді. Ол үшін білім жүйесін 

инновациялық  технологиялармен 

жабдықтап,  білім  алу  мен  білім 

берудің,  оқытудың  халықаралық 

талаптарын меңгерудің маңызы зор. 

Осы  орайда  50  жылдық  та-

рихы  бар  Ш.Уəлиханов  атын-

дағы  Көкшетау  мемлекеттік  уни-

верситетінде  атқарылып  жат-

қан  ауқымды  жұмыстар  Елбасы 

Жолдауында  белгіленген  міндет-

термен өз үйлесімін тауып отыр деп 

айта  аламыз.  Аталған  білім  орда-

сында үздіксіз білім берудің нақты 

жүйесі  құрылған.  Қазіргі  уақытта 

аталмыш білім шаңырағы бакалав-

риат,  магистратура  жəне  доктор-

антурадан  тұратын  көпдеңгейлі 

құрылым  болып  табылады.  ЖОО 

бакалавриаттың  54  мамандығы 

бойынша жəне магистратураның 27 

мамандығы, PhD докторантураның 

4  мамандығы  бойынша  (матема-

тика,  тарих,  филология,  екі  шет 

тілі)  оқыту  қызметін  көрсетеді. 

Аталған  оқу ордасында оқу үрдісін 

заманауи  білім  беру  технология-

лары негізінде жаңғыртуға, маман 

даярлаудың  сапасына,  ғылыми-

педагогикалық кадрлардың əлеуетін 

нығайтуға көп көңіл бөлінуде. Ма-

териалдық-техникалық  базаны 

нығайту  мақсатымен  физикалық, 

химиялық, техникалық жəне ауыл 

шаруашылығы  зертханалары 

жаңа дан  жабдықталып,  ғылыми-

өндірістік кешен құрылды. 

Университеттің  қазіргі  кездегі 

негізгі ұстанымы, мақсат-мүдделері 

жаңа  арнаға  бет  бұрған.  Терең, 

жан-жақты  білім  беру,  сапалық 

көрсеткіштерді арттырумен қатар, 

Елбасының  жалпы  жоғары  оқу 

орындарына,  университет  оқыту-

шыларына  қойып  отырған  та-

лаптарына  сəйкес,  аймақтық 

университеттердің  мəртебесін 

көтеру,  сол  аймаққа  маман  даяр-

лайтын  болғандықтан, осы өңірге 

тəн проблемалардың шешімін табу 

мақсатында  аграрлық-техникалық 

бағыттағы  мамандықтарды  дамы-

ту  мəселесі  алға  қойылып  отыр. 

Себебі, Ақмола облысы жəне оған 

көршілес  орналасқан  бірқатар 

аймақтар – аграрлық шаруашылыққа 

негізделген.  Осыған  орай  2011 

жылы  университет  құрамында 

ғылыми-оқу-өндірістік    «Элит» 

кешені  ұйымдастырылды.  Оған 

300  гектар  жер  бөлінді.  Қазіргі 

уақытта  біздің  студенттеріміздің 

сонда барып, іс-тəжірибеден өтуіне 

мүмкіндік  жасалды,  екіншіден, 

аталған  кешенде  144  дəнді  жəне 

майлы дақылдар сорттарын аймаққа 

үйлестіру, қалыптастыру, бейімдеу 

бағытындағы  ғылыми  жұмыстар 

да  жүзеге  асырылуда.  Биыл  100 

гек тар  жерге  зығыр  майын  ек-

сек,  200  гектарға  дəнді  дақылдар 

егілді.  Осының  негізінде  бұдан 

мал  азығын  дайындауға,  мал  ша-

руашылығы өнімдерін өндіру техно-

логиясы мамандықтарын дамытуға  

арналған  жұмыстарды  жүргізуге 

қол  жеткіземіз.  Мұндағы  түпкі 

мақсатымыз – білікті мамандар да-

ярлайтын оқу-ғылыми кешенін құру. 

Бір жағынан, біздің студенттеріміз 

малдың түрлерін ажыратып, оларды 

бағып-қағу əрекеттерін меңгеретін 

болады деген ойдамыз. Болашақта 

студенттеріміз осы кешенге барып, 

ондағы  малдарды  азықтандыру, 

ұрықтандыру,  төлдету  сияқты 

мəселелер  бойынша  жұмыстар 

жасап,  тəжірибе  жүзінде  ғылыми 

ізденістерін  танытатын  болады. 

Осындай мəселелерді жүзеге асы-

ру  үшін  оқу-ғылыми-өндірістік 

кешен барлық қажетті техникалар-

мен қамтамасыз етілді. Атап айтсақ, 

тракторлар, егін егетін трактор, ком-

байн  сияқты  көптеген  техникалар 

сатып алынды. 

Сонымен бірге университеттің 

оқу-зертханалық  базасы  қазіргі 

заман  талабына  сай  толығымен 

жаңартылып,  қажетті  құрал-жаб-

дықтармен қамтамасыз етілді. Атап 

айтсақ, қазіргі еңбек на рығының та-

лаптарына сай, бəсекеге қабілетті, 

білікті де білгір маманды даярлау 

мақсатында  жаңа  36  оқу-ғылыми 

зертхана жасақталып, іске қосылды. 

Бұл жұмыстың барлығына Ресейдің 

Мəскеу мемлекеттік университеті, 

Түмен  қаласындағы  Ресей  мұнай-

газ университеті, Томск техникалық 

университеті,  Челябі  техникалық 

университеті,  Омбы  техникалық 

университеті  жəне  т.б.  көптеген 

ЖОО-мен  қарым-қатынас  жасау 

арқылы қол жеткізілді. 

Атқарылып  жатқан  ауқым-

ды  істердің  арқасында  уни-

вер   ситетіміздің  абыройы  ар-

т ы п ,   р е с п у б л и к а м ы з д ы ң 

ЖОО-лары  арасында  жоғары  

деңгейге  көтеріліп  отыр.  Осы 

зертханалардың ой дағы дай жұмыс 

істеп, одан да үлкен нəтижелерге 

қол  жеткізуі  үшін  ұстаздарымыз 

бен маман дарымыздың біліктілігін 

арттыруды бірінші кезекке қойып 

отырмыз. 

Алдымызда  тұрған  үлкен  бір 

мəселе – университеттің ғылыми 

əлеуетін  арттыру.  Бұл  міндетті 

қалай  шешеміз  деген  сұрақ 

көкейімізде  көптен  бері  жүр, 

оны  ойлана-толғана  келе,  екі 

ба ғыт та  шешуді  жоспарладық. 

Біріншісі,университетке  ғылыми 

атағы  бар  ғалымдарды  шақыру 

болса,  екіншісі,  жергілікті  жас 

оқытушыларды  тəрбиелеу.  Осы 

мақсатта  биыл  17  қызметкеріміз 

Қазақстанның  бірнеше  ЖОО-ға, 

көрші  Омбы қаласына аспиран-

ту раға  оқуға  жіберілді.  Ол

ар 

бюджет  қаржысын  пайдаланады, 



сонымен  қатар,  шетелдерде  оқып 

жатқандардың оқу ақысын универ-

ситет көтеріп отыр. Бұған қосымша, 

өткен  жылы  университетімізде 

4  мамандық  бойынша  PhD  док-

торантурасы  ашылып,  бірнеше 

үміткер  дəріс  алуда.  Биыл  да  үш 

мамандық  бойынша  докторан-

тура  ашылмақ.  Сондай-ақ,  таяу 

жылдары  40-50  адамды,  өзіміздің 

университеттің  қызметкерлері, 

түлектері бар,  жергілікті жас аза-

маттарды докторантураға жіберуді 

жоспарлап отырмыз.

Президентіміз  Нұрсұлтан  

Əбішұлы Назарбаев Қазақстанның 

жас азаматтарын білімді, еңбекқор, 

бастамашыл жəне белсенді болуға 

шақырып  отыр.  Бұған  қоса,  2017 

жылдан  бастап  «Барлығына  ар-

налған  тегін  кəсіптік-техникалық 

оқу»  атты  жаңа  жобаның  іске 

қосылатынын  хабарлады  жəне 

Үкіметке оны əзірлеу ісіне кірісуді 

тапсырды.  Демек,  бағдарламаның 

жүзеге  асырылатындығы  біздің 

жастарға үлкен жол ашып, олардың 

болашағын  бекем  етері  сөзсіз. 

Президентіміз  бізге  барлық  мүм-

кіндікті  жасап  берді,  тек  соларды 

дұрыс  қолдана  білейік,  ағайын, 

дегім  келеді.  Осының  бəріне  біз 

Тəуелсіздік арқылы əрі Елбасының 

сарабдал саясатының арқасында қол 

жеткізіп келеміз. 

Президентіміз  Қазақстан  қо-

ғамының  маңызды  құжатында 

барлық  саяси  партияларды,  қо-

ғамдық  бірлестіктерді,  барлық 

азаматтарды Отанымыздың игілігі 

жолындағы  ортақ  іске  жұмыла 

кірісіп,  аталған  Жолдауды  жүзеге 

асыруға белсене қатысуға шақырды. 

Мұнда  Парламент  Мəжілісінің 

жəне  жергілікті  мəслихаттардың 

сайлау ларын  ұйымшылдықпен 

өткізу  маңызды  сипат  алмақ. 

Болашаққа ұмтылған Қазақстан бұл 

саяси науқанды да жоғары деңгейде 

өткізетіні анық.



Ақмола облысы.

Еламан ҚОҢЫР,

«Егемен Қазақстан».

Іс-шараға  қатысқан  Қазақстан 

іскер  əйелдер  қауымдастығының 

президенті  Раушан  Сəрсембаева 

Елбасының Ұлт Жоспары жаһандық 

дағдарыс  жағдайында  жасай-

тын  қадамдарымызды  айқындап, 

келеңсіздіктен  шығар  жолды 

көрсетіп бергенін айтты.

–  Бүгінгі  əлемдік  ахуалдың 

ушығып  тұрғанын  ескерсек,  Пре-

зиденттің  Бес  институттық  ре-

форманы  орындау  бойынша  «100 

нақты қадам» Ұлт Жоспары сынды 

стратегиялық  бағдарламаларының 

маңызы  қаншалықты  жоғары 

екенін  ұғамыз.  Сондықтан  барша 

қазақстандық осы бастамалардың ая-

сына топтасуы тиіс. Ал Елбасының 

«Ұлт  Жоспары  –  қазақстандық 

арманға  бастайтын  жол»  бағ-

дар лама лық  мақаласындағы 

ал дымызға  қойған  міндеттері  тек 

Үкімет,  Парламент  жəне  мем-

лекеттік  органдарға  жүктелген 

жоқ. Яғни, əр қазақстандық аталған 

тапсырмалардың  іске  асуына  жа-

уапты.  Себебі,  бұл  –  ең  алдымен 

өз  отбасындағы,  еліміздегі,  тіпті, 

əлемдегі  бейбітшілік  пен  тыныш-

тықтың кепілі, – деді Р.Сəрсембаева.

Сонымен  қатар,  ол  бағ дар-

ламалық мақаладағы ба сым дықтар 

қазақ стандық əйелдер үшін беріліп 

отырған  мол  мүм кіндік  екенін 

де  тілге  тиек  етті.  Қауымдастық 

президентінің  сөзіне  қарағанда, 

бүгінде кəсіп керлікте, яғни шағын 

жəне  орта  бизнесте  əйелдердің 

үлес  салмағы  айтарлықтай.  Алда 

бұдан да биік межені бағындыруға 

күш жұмсалмақ. Ол үшін еліміздегі 

əйелдер  қауымы  өздерінің  азама-

тық  белсенділіктерін  танытула-

ры  қажет.  Одан  бөлек,  өздерінің 

істерін  жүргізуде  əйелдерге  қол-

дау  көрсетілуі  тиіс.  Қазіргі  таңда 

осы  бағытта  Əйелдер  ісі  жəне 

отбасылық-демографиялық  сая-

сат  жөніндегі  ұлттық  комис-

сия,  Қазақстанның  іскер  əйелдер 

қауымдастығы  жəне  үкіметтік 

емес ұйымдар айтарлықтай жұмыс 

атқаруда.

Өз кезегінде «Жас Отан» жастар 

қанаты  хатшылығының  басшысы 

Аян Сакошев Елбасының бұл жолы 

да  жастарға  зор  сенім  артқанын 

жеткізді.

Ќоєам білім-єылыммен кґркейеді

Ортаќ мїддеге ўйыстырады

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарына арналған 

брифингте сарапшы мамандар халықты Мемлекет басшысының 

тың бастамаларына қолдау білдіріп, оларды іске асыруда бірігуге 

шақырған еді.


www.egemen.kz

8

4 ақпан 2016 жыл

Жоспар – 12 мың литрге жету. Салынған 

қоралар,  қоймалар  мен  өңдеу  цехы 

Еуропадағыдан  еш  кем  емес.  Кезінде 

Италияға  барғанымда  ешкі  фермасын 

көріп,  осындай  шаруашылық  бізде  де 

ұйымдастырылса  деген  ойда  келіп  едім. 

Жергілікті  кəсіпкерлерге  ешкі  ферма-

сын ашқыздым. Республикадағы тұңғыш 

ашылған ешкі фермасы жұмыс істейді. 



– Облыста ауыл шаруашылығының 

еліміз бойынша тағы бір баламасыз жо-

басы қолға алынғанынан құлағдармыз... 

Толықтыра айта кетсеңіз.

– Бұл шаруаның да қиыншылығы жоқ 

емес. Мəселен, сүтінің өзіндік жағымсыз 

иісін  азайту  үшін,  сауын  ешкіге  күніне 

бір алма немесе сəбізден беріп отыру ке-

рек екен. Жаңа кəсіпорында ешкі сүтінен 

еуропалық  стандартта  бірнеше  түрлі 

ірімшік,  брынза,  иогурт,  қаймақ,  сүзбе 

секілді  жиырмаға  жуық  өнім  шығарып 

отырмыз.  Болашақта  асыл  тұқымды 

ешкілерді де сатамыз деген жоспардамыз.

Одан бөлек, тағы бір ерекше жобалар – 

екі бекіре зауыты іске қосылды. Балықты 

да аулап емес, бағып өнім алуға болады. 

Белгілі  бір  уақыттан  кейін  кемінде  160 

тонна  қызыл  балық,  2  тонна  уылдырық 

шығаратын болады.

– Ауыл шаруашылығы туралы сөз 

болғанда, егін салу, одан əрі азық-түлік 

қауіпсіздігі жайын айналып өту мүмкін 

емес қой...

– Біз алдыңғы жылы жаз мезгілінде облы-

сымызды өз көкөнісімізбен толық қамтамасыз 

еттік. Артылған өнімді 2014 жылы көрші 

Ресей аймақтарына сата бастағанбыз. Өткен 

жылы көкөніс консервілейтін өндіріс ор-

нын іске қостық. Онда жылына 370 тонна 

салат түрлерін жəне 75 мың құты көкөніс 

консервілейтін өндірісті іске қостық.

Жылына 12 миллион дана ет консервісін 

шығаратын  өндіріс  іске  қосылды.  Қазір 

Астана  дүкендеріне  дейін  сатылуда.  Екі 

құс  фермасы  ашылды.  Облысымызды 

жұмыртқамен артығымен қамтитын қуаты 

бар.

4,5 мың тоннаға жететін тұрақтандыру 



қорын жинап қойдық. Онда тамақтың 14 

түрі  бар.  Азық-түлік  қауіпсіздігін  қам-

тамасыз ету мен бағаны тұрақтандыру мақ-

сатында осы жұмыстың жалғасы – Атырау 

қаласында таяуда ғана коммуналдық базар 

ашылды.


Картоп  егілетін  алқап  едəуір  ұлғай-

тылды. Облыста небəрі 57 гектарға картоп 

егілсе, қазір 1,5 мың гектарға жетті. 2014 

жылы 16 мың тонна, 2015 жылы 20 мың 

тонна  картоп  жинадық.  Алма  мен  жүзім 

өсі ру өрісін кеңейттік. Бал шығаруды бас-

тадық. Тауық етін өндіретін бройлер құсы 

фабрикасы биыл жұмыс істей бас тайды.



– Ауыл тіршілігін жандандыра түсу 

жайы  инфрақұрылымсыз,  əлеуметтік 

нысандарды  жетілдірусіз  жүзеге  асуы 

екіталай екені түсінікті.

– Облыста əлеуметтік инфрақұрылым 

едəуір жақсарды. Облыс елді мекендерінің 

75 пайызы табиғи газбен қамтылды. Халық 

санына шақсақ, облыс халқының 97 пайызы 

өркениеттің қызығын көріп отыр. 

Атыраумен  Махамбет  жəне  Индер 

аудандарының Бұхар жағын қосатын 170 

шақырым жолды жаңғырту аяқталды. Бұл 

19,2 миллиард теңге бюджет жəне басқа 

да  демеушілік  қаражатқа  салынды.  Жол 

бойындағы  ондаған  ауылдың  кіреберіс 

жолдары мен негізгі көшелері жөнделді. 

Жалпы, соңғы үш жылда облыста 600-ден 

астам шақырым жол жөнделіп, тəуір жол 30 

пайыздан 47 пайызға көтерілді. Елбасының 

«Нұрлы Жол» бағдарламасына Атыраудан 

Ақтөбе жəне Астрахань бағытындағы рес-

пуб ликалық маңызды жолдар енді, құры-

лыс биыл басталады.

«Ақ  бұлақ»  бағдарламасы  бойынша 

86 елді мекен ауыз сумен қамтылды. 2013 

жылдан бері жүзден астам білім нысаны 

жөнделді. Соңғы үш жылда денсаулық сақ-

тау саласына 9 млрд. теңге бөлінді, 23 ден-

саулық сақтау нысаны пайдалануға берілді. 

Халық  өнер  тамашалап,  бас  қосып, 

түрлі  жиындарға  қатысып,  келер  күннің 

жайын  ойласар  бірден-бір  ортақ  орны  – 

мəдениет үйлеріне келсек, соңғы үш жыл-

да  28  мəдениет  үйі  жөнделіп,  жаңадан 

2  мəдениет  үйін  салдық.  Биыл  екеуін 

пайдалануға  береміз.  Тағы  10  мəдениет 

үйін жоспарлап отырмыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет