● Оймақтай ой Талпыныс тəжі – табандылық. Əбу Насыр Əл-фараби



Pdf көрінісі
бет3/39
Дата01.01.2017
өлшемі5,72 Mb.
#889
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39

Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Съезде бірінші кезекте сөз алған «Ақ 

жол»  ҚДП  төрағасы  Азат  Перуашев 

партияның алға қойып отырған мақсат-

міндеттері, қоғамдағы рөлі тұрғысында 

айта келіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев-

тың Жарлығына сəйкес өтетін Парламент 

Мəжілісі  сайлауының  маңызына  тоқ-

талды.

«Өздеріңізге мəлім, Парламент Мə-



жілісінің бесінші шақырылымында жұ-

мыс  істеген  барлық  фракциялардың 

ұсынысы  бойынша  Мемлекет  басшы-

сы  ағымдағы  жылдың  20  наурызында 

Мəжіліс  депутаттарының  сайлаула-

рын  өткізу  туралы  шешім  қабылдады. 

Пар тиялық  фракциялардың  бұл  бас-

тамасына  түрткі  болған  себептерді 

біз  осы  жылдың  13  қаңтарында  өткен 

жал пы  брифингте  баяндаған  болатын-

быз.  Оның  үстіне  біздің  фракция 

мүшелерінің барлығы дерлік осы мəсе-

ле  жөніндегі  өз  ұстанымдарын  бұқа-

ра лық  ақпарат  құралдарында  жəне 

əлеу меттік желілерде бірнеше рет біл-

дірген.  Бұл  шешімнің  фракцияның  да, 

партиямыздың  төралқасының  да  оты-

рыстарында қолдау тапқанын атап өту 

керек.  Төралқа  мерзімінен  бұрын  сай-

лау өткізуді мақұлдап, тиісті мəлімдеме 

қабылдады», – деді Азат Перуашев.

Одан əрі спикер қазіргі таңда əлемді 

толғандырып  отырған  қаржы лық  дағ-

дарыс  пен  түрлі  сын-қатерлер  тұр-

ғысында сөз қозғай келіп, Қазақстанның 

аталған мəселелерге қатысты қолға алып 

жатқан ауқымды шараларына назар ау-

дарды.


«Адалдық  үшін  айтуымыз  керек, 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 

ұсынған «Нұрлы Жол» бағдарламасының 

арқасында  экономика  саласы  өзінің 

белсенді іс-əрекеттерін тоқтатқан жоқ. 

Жолдар  салынып,  түрлі  салалардың 

инфрақұрылымын жаңарту мақсатында 

көптеген нысандар тұрғызылды», – деді 

партия Төрағасы.

Бұған  қоса,  ол  «Ақ  жол»  партиясы 

еліміздің мақсат-мүддесін айқындап бер-

ген, Елбасы бастамасымен қолға алынған 

реформалардың табысты жүзеге асуына 

лайықты үлес қоса беретінін жеткізді.

«Біздің партия «100 нақты қадам» Ұлт 

Жоспарынан  туындайтын  міндеттерді 

дұрыс түсініп, оның жүзеге асуына ба-

рынша  қолдау  білдіреді.  Сондай-ақ, 

партиямыз еліміздің дамыған 30 елдің 

қатарына  қосылуға  деген  ұмтылысын 

жоғары бағалайды», – деді А.Перуашев.

Сонымен қатар, спикер заң шығару 

жұмыстарына қатысу кез келген саяси 

партияның басты міндеті екенін, онсыз 

олар «мүдделер клубына» айналып ке-

тетінін,  2012  жылғы  сайлаудан  кейін 

партияның барлық жұмысы өзінің сай-

лауалды  бағдарламасын  іске  асыруға 

бағытталғанын сөз етті.

Бұдан  кейін  бірқатар  азаматтар  сөз 

алып, партияның алдына қойып отырған 

мақсат-міндеті, бағыты тұрғысында сөз 

қозғады.  Сондай-ақ,  олар  тəуелсіздік 

жə не ұлттық мүдде, нарықтық реформа 

жəне  жеке  бизнесті  қолдау,  сыбай лас 

жемқорлыққа  қарсы  күрес,  демокра-

тияны  дамыту,  шенеуніктердің  ха лық 

алдындағы  жауапкершілігін  арт тыру 

жəне  тағы  басқа  да  өзекті  мəсе лелер 

тұрғысында əңгіме өрбітті əрі өз əріп-

тес терін алдағы сайлауға белсенді түрде 

қатысуға үндеді.

Сонымен, съезд делегаттары биылғы 

20 наурызға тағайындалған Парламент 

Мəжілісінің  сайлауына  партияның 

қатысуы  туралы  төралқаның  шешімін 

бірауыздан қолдады. Бұдан бөлек, жиын-

да партияның «Ақ жол – еңбектенер кез 

келді»  атты  сайлауалды  бағдарламасы 

қабылданды əрі Парламент Мəжілісіне 

сайлануға  үмітті  35  адамнан  тұратын 

партиялық тізім бекітілді. 

Айта  кетейік,  партияның  сайлауал-

ды  бағдарламасында  бизнестi  қорғау 

жəне кəсiпкерлiк саласы, нарықтық ре-

формалар  жəне  экономика,  бiлiм  мен 

денсаулық  сақтау,  жұмыспен  қамту, 

тұрғын үй құрылысы, агроөнеркəсiптiк 

кешен,  рухани-мəдени  сала,  сыбайлас 

жем қорлыққа қарсы күрес жəне сот-құ-

қықтық реформа, қауiпсiздiк мəселелері 

қамтылған. 

Ал үміткерлер тізіміне келер болсақ, 

олардың  68  пайызы  бизнес  өкілдері 

көрінеді. Бұл жөнінде Азат Перуашев: 

«Ақ  жол»  ҚДП-ның  партиялық  тiзiмi 

35 адамнан тұрады, олардың 24-i, яғни 

68 пайызы – бизнес өкiлдерi, кəсiпорын 

мен банк құрылымдарының басшылары, 

6 адам, яғни, 17 пайызы – ұлттық жəне 

техникалық салаға қатысты зиялы қауым 

өкiлдерi, бесеуi – партиялық орган бас-

шылары. Кандидаттардың ұлтына кел-

сек, 30 адам – қазақ, олардың қатарында 

оралман азамат бар, екi орыс, бiр немiс, 

ингуш жəне чуваш бар. Үмiткерлердiң 

орташа  жасы  –  46  жас»,  –  дедi.  Бұған 

қосымша,  А.Перуашев:  «Жергілікті 

мəслихаттарға депутаттыққа кандидат-

тар тиісті филиалдармен ұсынылатыны 

белгілі.  Филиалдар  мұны  облыстық 

жəне  қалалық  (Астана  жəне  Алматы) 

конференцияларда  жүзеге  асырды.  Ал 

Парламент Мəжілісінің депутаттығына 

үміткерлердің партиялық тізімін түзуде 

ұйымның  орталық  органдары  филиал-

дармен бірлесе отырып, үлкен дайындық 

жұмысын жүргізгенін атап өткім келеді», 

– деді. 

Тағы  бір  айта  кетер  жайт,  съезде 

ұйымның бұрынғы сайлауалды бағ дар-

ламасында көрсетілген барлық мақсат-

міндеттерді  одан  əрі  жүзеге  асыруды 

жалғастыра беру ісіне де қатысты шешім 

қабылданды.

Съезд барысында партияның ай мақ-

тардағы  филиалдардың  төрағаларына 

өңірлерде  электоралды  науқанды 

ұйым  дастыру  мен  өткізуге  қатысты, 

сенім біл  дірген адамдар мен бақы лау-

шылар дың тізімін жасауға, науқанның 

беде лін арттыруға жəне басқа да мəсе-

лелерге байланысты нақты тапсырма-

лар берілді. 

––––––––––––

Суретті түсірген 

Ерлан ОМАРОВ.

Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Сайлау  заңнамасының  талаптары-

на сəйкес партиялық тізімді саяси пар-

тияның  өкілі  Қазақстанның  «Ақ  жол» 

демократиялық  партиясының  пар-

тиялық  тізімді  ұсыну  туралы  кезектен 

тыс  XІІІ  съезінің  хаттамасынан  үзінді 

көшірмемен  бір  мезгілде  тапсырды. 

Өкілдің өкілеттіктері тиісті құжаттармен 

расталған.

Ал,  партиялық  тізімді  тіркеу  үшін 

Орталық  сайлау  комиссиясына  мына 

құжаттар:  саяси  партияның  Қазақстан 

Республикасы  Əділет  министрлігінде 

тір келгені  туралы  құжаттың  көшір-

ме сімен  қоса  Қазақстанның  «Ақ  жол» 

демократиялық  партиясының  пар тия-

лық тізімді ұсыну туралы кезектен тыс 

XІІІ  съезінің  хаттамасынан  үзінді  кө-

шірмесі,  партиялық  тізімге  енгізілген 

азаматтардың  тізімге  енгізуге  келісімі 

туралы  өтініштері,  партиялық  тізімге 

енгізілген əрбір адамның өмірбаяндық 

деректері, салық органының партиялық 

тізімге енгізілген кандидаттардың жəне 

олардың  жұбайларының  табысы  мен 

мүлкі  туралы  декларация  тапсырғаны 

туралы анықтамалары жəне партиялық 

тізімге  енгізілген  адамдардың  «Ақ 

жол» партиясына мүшелігін растайтын 

құжаттар тапсырылды.

Сайлау  заңнамасына  сəйкес  Қа-

зақ станның  «Ақ  жол»  демократиялық 

пар тиясы  өткен  сайлауда  дауыс 

беруге қатысқан сайлаушылардың жал-

пы санының жеті пайыздан артық дауы-

сын алғандықтан, сайлау жарнасын енгі-

зуден босатылады.

«Қазақстанның  «Ақ  жол»  демо кра-

тиялық  партиясы  сайлауға  байланыс-

ты  бүгін  кезектен  тыс  съезін  өткізді. 

Саяси  науқанға  қатысатын  партиялық 

тізім бекітіліп, оны Орталық сайлау ко-

миссиясына  тапсырдық.  Біздің  тізі мі-

мізге партияға мүше 35 адам кіріп отыр. 

Олардың  басым  бөлігі  кəсіп керлер. 

Ірі  кəсіпорындардың,  банк  құры лым-

дарының  басшылары  бар.  Партиялық 

тізім  Орталық  сайлау  комиссиясында 

тіркелгеннен кейін кезекті іс-шараларға 

кірісеміз.  Яғни,  қор  құрып,  сайлауға 

дайындық жұмыстарымен айналысатын 

боламыз», – деді «Ақ жол» партиясының 

төрағасы  Азат  Перуашев  бұқаралық 

ақпарат  құралдары  өкілдеріне  берген 

сұхбатында.

«Аќ жол»: міндеттер наќтыланды

Партиялыќ тізімді ўсынды



Кеше Астанада Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының ке-

зектен тыс ХІІІ съезі өтті. Жиында делегаттар алдағы уақытта өткелі отырған 

Парламент Мəжілісінің сайлауына қатысу туралы партия шешімін бірауыздан 

мақұлдады. Сондай-ақ, съезде ұйымның сайлауалды бағдарламасы қабылданды 

əрі Парламент Мəжілісіне үміткерлердің партиялық тізімі бекітілді.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына 35 адам 

енгізілген  Қазақстанның  «Ақ  жол»  демократиялық  партиясының 

партиялық тізімі тіркеуге ұсынылды.

Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

«Сіздердің  назарларыңызға  «Нұр 

Отан»  партиясының  партиялық  тізі-

мін тіркеу туралы қаулы жобасы ұсы-

ны лып  отыр,  –  деді  Орталық  сайлау 

комиссиясының хатшысы Бақыт Мел-

дешов құжат жобасымен таныстыра келіп. 

– Қолдасаңыздар, қаулы бойынша «Нұр 

Отан» партиясының партиялық тізімін 

бүгін тіркейміз. «Нұр Отан» партиясының 

партиялық  тізімі  бойынша  тіркелген 

Парламент Мəжілісінің депутаттығына 

кандидаттарға куəлік беріледі. Партиялық 

тізімді тіркеу туралы қаулы бұқаралық 

ақпарат құрал дарында жарияланады. «Нұр 

Отан» партиясы атауы сайлау бюлле теніне 

енгізілетін болады».

Бақыт Мелдешовтің хабардар етуін-

ше, «Нұр Отан» партия сы ОСК-ға толық 

құжаттарын  тапсырған.  Партиялық 

тізімге  енгі зіл ген  азаматтардың  Қа-

зақстан  Респу б ликасының  «Сайлау 

туралы»  Заңы на  сəйкестігі  еліміздің 

Ішкі істер министрлігі мен Бас проку-

ратурасы арқылы тексерілген. Аталған 

ведомстволар берген ақпараттар бойын-

ша партиялық тізімдегі азаматтардың 

барлығының  да  заңнамаға  сəйкестігі 

анықталған.  Кандидаттардың  жəне 

олардың жұбайларының табысы жəне 

мүлкі  туралы  декларациялары  салық 

ор гандарының анықтамаларымен рас-

талған. Ал сайлау заңнамасы бо йынша 

«Нұр Отан» партиясы жарна төлеуден 

босатылады. Өйткені, 2012 жылы өткен 

Мəжіліс сайлауында «Нұр Отан» пар-

тиясы 7 пайыздан көп дауыс жинады.

Орталық  сайлау  комиссиясының 

мүшелері  қаулыны  бірауыздан  қа-

былдаған соң, Орталық сайлау комис -

сия сының төрағасы Қуандық Тұрған-

құлов  «Нұр  Отан»  партиясы  Төра-

ға сының  бірінші  орынбасары  Ас қар 

Мырзахметовке ҚР Парламенті Мəжі-

лісінің  депутаттығына  кандидаттың 

куəлігін  тапсырды.  Сондай-ақ,  «Нұр 

Отан» партиясынан партиялық тізімге 

енгізілген  Мəжіліс  депутаттығына 

кандидаттардың барлы ғының куəліктері 

де А.Мырзах метовке берілді.

«Нұр Отан» партиясының партиялық 

тізіміндегі 127 кандидаттың ішінде жеті 

ұлттың  өкілі  бар.  Олардың  23  пай-

ыздан  астамы  əйелдер  болып  келе-

ді.  Партияның  партиялық  тізіміне 

енгізілген кандидаттардың 60 пайызға 

жуығы  55  жасқа  дейінгілер,  олардың 

ең  жасы  –  26  жаста.  Партия  ұсынған 

33  кандидат  Парламент  Мəжілісінің 

де  пу  таты болған. Кандидаттар арасын-

да, сондай-ақ, ғылым, мəдениет жəне 

білім  саласының  қайраткерлері,  бел-

гілі спортшылар, коммерциялық құры-

лымдардың, мемлекеттік органдар мен 

мекемелердің  қызметкерлері  де  бар. 

Күнтізбелік  жоспарға  сəйкес  саяси 

партиялардың тізімдерін тіркеу ағым-

дағы  жылғы  19  ақпанға  дейін  жал-

ғасады, ал 20 ақпаннан бастап тіркелген 

партиялар үгіт жұмысына кірісе алады.

«Бүгін Қазақстан Республикасының 

Орталық  сайлау  комиссиясы  «Нұр 

Отан» партиясының Мəжіліске ұсынған 

кандидаттарының тізімін бекітті, – деді 

партия Төрағасының бірінші орынба-

сары  Асқар  Мырзахметов  Комиссия 

отырысынан кейін журналистерге бер-

ген сұхбатында. – Енді жақын күндері 

сенімді өкілдердің тізімін тіркеу үшін 

сайлау комиссияларына ұсынатын бо-

ламыз.  Бүгінгі  тіркеу  біздерге  сайлау 

қорларын,  арнайы  есепшоттар  ашуға 

мүмкіндік береді. Жалпы, бүгінгі таңда 

осы  сайлау  науқанына  байланыс ты 

«Нұр Отан» партиясының арнайы бекі-

тілген  жұмыс  жоспары  Орталық  сай-

лау  комиссиясының  кестесіне  сəй кес 

уақытылы жəне толыққанды атқа рылып 

жатқанын атап өткім келеді».

А.Мырзахметов партиялық тізімге 

енген  127  кандидаттың  барлығын 

бүгін  Орталық  сайлау  комиссия-

сы  тіркегенін  де  атап  өтті.  Сонымен 

қатар,  ол  журналистердің  боксшы 

Геннадий  Головкиннің  партиялық 

тізімге енуіне байланысты сауалына да 

жауап қайтарды. «Бұл жерде ешқандай 

заң бұзушылық жоқ, – деді осы жөнінде 

партия Төрағасының бірінші орынба-

сары. – Геннадий Головкин Қазақстан 

Республикасының  азаматы.  Ол  жи-

ындар мен жаттығулары үшін шетел-

де  жүрсе  де,  оның  партиялық  тізімге 

кіруіне еш тосқауыл жоқ, Г.Головкинді 

партиялық  тізімге  кіргізер  алдында 

заңгерлер  бұл  мəселені  жан-жақты 

зерделеді. Заңгерлер Қазақстан Рес пуб -

ликасының заңнамасының, оның ішін де 

сайлау туралы заңна маның қандай да 

бір бұзылу белгісін таппады».

Алєашќы болып 

«Нўр Отан» тіркелді



Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы «Нұр Отан» 

партиясының партиялық тізімін тіркеді.

Облыс  əкімдігінде  Парламент 

Мəжілісі жəне барлық деңгейдегі мəс-

лихаттар депутаттарының сайлаула-

рын өз деңгейінде өткізуге ар налған 

семинар-кеңес  өтті.  Онда  сайлау 

комиссияларының,  жергілікті  атқа-

рушы  органдардың  жəне  үкіметтік 

емес  ұйымдар  мен  сайлау  барысын 

байқаушылардың,  бұқаралық  ақпа-

рат  құралдарының  өзара  іс-қимыл 

тиімділігін арттырудың түрлері мен 

əдістері ортаға салынды.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Оңтүстік  Қазақстан  облысын-

да  3  миллионға  жуық  халық  тұрады. 

Со ның  1  млн.  317  мың  225-і  дауыс 

бере ді.  Былтырғымен  салыстырғанда 

сайлаушылардың саны 100 мың адамға 

артқаны  облыстық  сайлау  комис сия-

сының  жұмысын  біршама  күр делен-

діретіні  анық.  Бұл  жолы  1047  сайлау 

учаскесі жұмыс жасайды.

– Сайлауды заң аясында, жоғары дең-

гейде ұйымдастыру үшiн алдымен сай-

лау комиссияларының мүшелері заңды 

жан-жақты бiлуi тиiс. Бүгiнгi жиынның 

мақсаты да осы – 20 наурызға белгiленген 

сайлауға  байланысты  заңнамаларды 

түсiндiру. Бұл саяси науқан – халықтың 

өз  қалаулысын  заңдық  тұрғыдан 

бекiтетiн  үдеріс.  Сол  себептi,  халық 

үшiн, мемлекет үшiн өте маңызды саяси 

ша раны жоғары деңгейде ұйымдастыру 

бiзге  сын.  Оңтүстiк  Қазақстан  облы-

сы  сайлаушылардың  көптiгiмен  ерек-

шеленедi.  Халық  санының  өсуiне  бай-

ланысты  қосымша  46  сайлау  учаскесi 

ашылып  отыр.  Қазiр  барлық  дауыс 

беретiн  учаскелерде  жарақтандыру 

жұ мыстары жүргiзiлуде, – дедi облыстық 

сай лау комиссиясының төрағасы Əлiбек 

Өмірəлиев.

Семинарда облыстық сайлау комис-

сиясының  мүшелерi  сайлау  науқанын 

заңдық,  қаржылық,  материалдық-тех-

ни калық ұйымдастыру мен ақпа раттық 

қамтамасыз етуге қатысты заңнамалық 

құжаттарды түсiндiрдi.

Бұған  қосымша  айтарымыз,  сайлау 

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында өте тін-

діктен,  көптеген  азамат  тұрғылықты 

жерлерінде емес, басқа елді мекендерде 

болуы ықтимал, іссапармен жүретіндер 

де  бар.  Семинар-кеңесте  осы  жағы  да 

пы сықталды. Сайлау кезінде облыс аума-

ғында 9 мыңға жуық комиссия мүшесі 

жұмыс жасайды. Сонымен қатар, сақтық 

мəселесі де күшейтілетін болады.



Оңтүстік Қазақстан облысы.

«Егемен Қазақстан» республикалық 

газеті» акционерлік қоғамының пре зи-

денті Сауытбек Абдрахманов маңызы 

жоғары құжат төңірегінде өз ойын орта-

ға салды. «Осында жиналған жұртшы-

лыққа  Парламент  сайлауының  мəн-

маңы зы, қай қоғамда да, қай заманда да 

қандай рөл атқаратыны жөнінде айтып 

жату  қажет  емес  деп  ойлаймыз.  Бұл 

– ерек ше маңызды саяси науқан. Осы 

маңыз ды саяси науқанның қарсаңында 

Бас редакторлар клубының бұрыннан 

қалып тасқан дəстүр бойынша осындай 

хар тияны қол қою үшін дайындағаны 

өте құптарлық, қай жағынан да дұрыс 

бас тама. Бұл хартияның идеясы бұрын-

нан бар. Бұрын өткен бірнеше сайлау 

бойына бұқаралық ақпарат құрал дары 

бірлесіп,  бір  уəжге  тоқтап,  сайлау 

науқаны кезінде елімізде тыныш жағ-

дайдың қалыптасуына, сайлаудың əділ, 

объективті, алалаусыз өтуіне өздерінің 

үлесін қосты. Биыл да осындай болады 

деп сенеміз. Хартияны толықтай қол-

даймыз», – деді С.Абдрахманов. 

«Казахстанская  правда»  респуб-

ликалық газеті» акционерлік қоғамының 

президенті  Александр Тараков та хартия 

жөніндегі маңызды пікірін ортаға сал-

ды. «Өткен Парламент сайлауында да 

осындай хартия төңірегінде топтасқан 

болатынбыз.  Президенттік  сайлауда 

да  солай  болды.  Бүгін  үшінші  мəрте 

хартияға  қол  қойып  отырмыз.  Оның 

маңыздылығы сонда, ірі саяси науқан 

тұсында  топтаса  түсеміз.  Сайлаудың 

əділ,  объективті  түрде  өтуіне  деген 

еркімізді жария түрде білдіреміз. Бұл 

өз кезегінде сайлаудың мейлінше ашық 

өтуіне ықпал етеді», – деді ол. 

Хартиясыз  да  бұқаралық  ақпа рат 

құ ралдары  сайлау  барысында  заң ды 

мүлтіксіз орындауы тиіс. Ал, хартия-

ға қол қою бұқаралық ақпарат құрал-

дарының өте маңызды демократиялық 

үрдісті  жүзеге  асыру  барысында 

топтасуы на мүмкіндік береді. Заң та-

лап ете тіндей, бір-біріміздің алдымыз-

да сайлау үдерісін ашық, нақты, айқын 

көрсетуге міндеттеме аламыз. Респуб-

ликалық қана емес, жергілікті бұқара-

лық ақпарат құралдарының басшыла-

ры да қабылданған ортақ құжатқа қол 

қойып, өздерінің мүдделілігін білдіреді. 

«Человек и закон» газетінің бас ре-

дакторы  Марат  Башимов  те  хартия 

төңірегіндегі  толымды  пікірін  төмен -

дегіше  тарқатты.  «Қоғам  үшін  сай-

лау  науқаны  өте  маңызды.  Ең  бас -

тысы – біз билікке үміткерлерді ірік-

тей міз.  Осы  үдеріс  барысында  бұқа -

ралық  ақпарат  құралдары  қоғам дық 

пікірді  қалыптастыруға  үлкен  көмек 

көрсетеді. Толыққанды, нақты, объек-

тивті  ақпарат  жеткізу  жолында  жур-

на листер  қауымдастығы  өздеріне 

маңыз  ды əлеуметтік функцияны жүк-

тейді.  Сайлаушылардың  лайықты 

канди даттарды  іріктеулеріне  септігін 

тигізеді. Сол себепті бұл хартияны қол-

дай мын. Осы арқылы біз елімізде демо -

кратиялық, құқықтық үрдісті қалып  тас-

тыруға ықпал етеміз», – деді М.Баши мов.

«Қазақстан» телерадио корпорация-

сы»  АҚ  басқармасының  төрайымы 

Нұр жан Мұхамеджанова іргелі құжат-

тың  сайлау  үдерісіне  ықпалы  жоға-

ры екендігін мəлімдеді. «Біз осы хар-

тияның  қабылдануын  дұрыс  деп  са-

наймыз. Өйткені, біздің еліміз əлемдік 

саясаттың  бір  мүшесі  ретінде  хар-

тияда  айтылғандай,  Адам  құқының 

жалпыға  ортақ  декларациясының 

19-бабындағы  ережелерді  толығымен 

қуаттайды. Ақпаратты іздеу, алу жəне 

тарату еркіндігіне сай осы хартияға қол 

қоюымыз өте орынды. Аталған құжатқа 

қол қою арқылы біз сайлау үдерісінің 

əділ, шынайы, объективті түрде өтуіне 

өзіміздің кəсіби үлесімізді қосамыз деп 

білемін», – деді басқарма төрайымы. 

Бұқаралық  ақпарат  құралдары 

арқылы сайлау кейіпкерлерінің айқын 

бейнесі  қалыптасады.  Аяқасты  бұра 

тартпасын деңіз, онда əділеттілік жай-

лы ұғым əдіра қалады. Партиялардың 

сай лау  үдерісіндегі  қимыл-əрекетін 

ашық жеткізуге дəнекер болатын хар-

тияның  да  қызметі  ерекше  дейтініміз 

сон дықтан. Олай болса, демократиялық 

құн дылықтардың  қоғамда  орнығуына 

ық пал ететін партия мен хартияның үй-

лесімділігіне айрықша сенім артамыз.

Партиялар мен хартия

Дайындыќ пысыќталєан семинар-кеѕес

Сайлаушылар саны ґсті

(Соңы. Басы 1-бетте).


4 ақпан 2016 жыл

www.egemen.kz

5

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІМІН ТІРКЕУ ТУРАЛЫ

 Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2016 жылғы 3 ақпандағы  № 9/94  қаулысына 2-қосымша

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хабары

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан 

Республикасы  Конституциялық  заңының  89-бабына  сəйкес 

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2016 

жылғы  3  ақпанда  «Нұр  Отан»  партиясының  127  адамды 

қамтитын партиялық тізімін мынадай құрамда тіркеді:

1.

Айдарбаев 



Алик 

Серікұлы 

19.05.1963 ж.т., 

Маңғыстау облысының əкімі, Ақтау 

қаласында тұрады

2.

Айдарбеков 



Қайрат 

Нұртасұлы

25.02.1989 ж.т., 

Эстрада əншісі, Астана қаласында тұрады

3.

Айсина 


Майра 

Арапқызы  

10.11.1956 ж.т., 

Бесінші шақырылған Қазақстан 

Республикасы Парламенті Мəжілісінің де-

путаты, Астана қаласында тұрады

4.

Аманжолова 



Зəуреш 

Жұманəліқызы 

 15.03.1958 ж.т., 

«Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық фи-

лиалы төрағасының бірінші орынбасары, 

Алматы қаласында тұрады 

5.

Аронова  



Ирина 

Петровна 

05.08.1957 ж.т., 

Бесінші шақырылған Қазақстан 

Республикасы Парламенті Мəжілісінің де-

путаты, Астана қаласында тұрады 

6.

Ахметов 


Даниал 

Кенжетайұлы 

15.06.1954 ж.т., 

Шығыс Қазақстан облысының əкімі, 

Өскемен қаласында тұрады

7.

Ахметов 



Сапар 

Қайратұлы 

27.10.1965 ж.т., 

«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық фи-

лиалы төрағасының бірінші орынбасары, 

Астана қаласында тұрады 

8.

Əбдіқалықова 



Гүлшара 

Наушақызы

15.05.1965 ж.т., 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік 

хатшысы, Астана қаласында тұрады

9.

Əбдірайым 



Бақытжан 

Жарылқасынұлы

13.05.1965 ж.т., 

Қазақстан Республикасы Əділет 

министрінің орынбасары, Астана қаласында 

тұрады


10. Əбдіров 

Нұрлан 


Мəжитұлы

12.01.1961 ж.т.,     

Бесінші шақырылған Қазақстан 

Республикасы Парламенті Мəжілісінің де-

путаты, Астана қаласында тұрады

11. Əлтаев 

Нұржан 

Бауыржанұлы



13.10.1978 ж.т., 

«Атамекен» Қазақстан Республикасының 

Ұлттық кəсіпкерлер палатасы» Басқармасы 

төрағасының орынбасары, Астана 

қаласында тұрады

12. Əлімжанов 

Нұрлан 

Баянғалиұлы



29.04.1984 ж.т., 

Актер, Астана қаласында тұрады

13. Əміренов 

Рышат 


Бабайұлы

06.09.1959 ж.т., 

«Еуразия энергетикалық корпорациясы» 

АҚ «Восточный» разрезінің учаске 

механигі, Екібастұз қаласында тұрады

14. Əшімбаев 

Мəулен 

Сағатханұлы 



28.01.1971 ж.т., 

Бесінші шақырылған Қазақстан 

Республикасы Парламенті Мəжілісінің де-

путаты, Астана қаласында тұрады

15. Əшімбетов 

Нұржан 


Кемерұлы 

26.06.1969 ж.т., 

Павлодар облысы əкімінің орынбасары, 

Павлодар қаласында тұрады

16. Базарбаев 

Асқар 


Ермырзаұлы 

13.11.1954 ж.т., 

Бесінші шақырылған Қазақстан 

Республикасы Парламенті Мəжілісінің де-

путаты, Астана қаласында тұрады

17. Байманов 

Шахмардан 

Асқарұлы


 02.04.1984 ж.т., 

«Жас Отан» жастар қанатының төрағасы, 

Астана қаласында тұрады 

18. Балиева 

Зағипа 

Яхянқызы


03.10.1958 ж.т.,    

Бесінші шақырылған Қазақстан 

Республикасы Парламенті Мəжілісінің де-

путаты, Астана қаласында тұрады

19. Баталов 

Амандық 


Ғаббасұлы

22.11.1952 ж.т.,    

Алматы облысының əкімі, Талдықорған 

қаласында тұрады 

20. Бектұрғанов 

Əбдіманап 

Елікбайұлы  

28.08.1958 ж.т.,

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік 

университетінің ректоры, Талдықорған 

қаласында тұрады 

21. Бектұрғанов 

Ерсұлтан 

Өтеғұлұлы  

21.06.1952 ж.т., 

Бесінші шақырылған Қазақстан 

Республикасы Парламенті Мəжілісінің де-

путаты, Астана қаласында тұрады

22. Белгібаев 

Еркен 


Əубəкірұлы

07.11.1965 ж.т., 

«Аytei Group» холдинг компаниясы» ЖШС 

президенті, Алматы облысы Қаскелең 

қаласында тұрады

23. Бижанова 

Гүлнəр 

Қадыржанқызы



07.01.1969 ж.т., 

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС 

департаментінің директоры, Қарағанды 

қаласында тұрады 

24. Бишімбаев 

Қуандық 


Уəлиханұлы

11.04.1980 ж.т., 

«Бəйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» 

АҚ басқармасының төрағасы, Астана 

қаласында тұрады

25. Бопазов 

Марат 

Дəрібекұлы



01.06.1963 ж.т., 

Алматы облысы Талдықорған қалалық 

мəслихатының хатшысы, Талдықорған 

қаласында тұрады 

26. Бычкова 

Светлана 

Федоровна

07.07.1957 ж.т., 

Бесінші шақырылған Қазақстан 

Республикасы Парламенті Мəжілісінің де-

путаты, Астана қаласында тұрады

27. Веронская

Майя 

Владимировна



 22.06.1983 ж.т., 

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының 

тележүргізушісі, Алматы қаласында тұрады          

28. Головкин 

Геннадий 

Геннадьевич

08.04.1982 ж.т., 

Кəсіпқой боксшы, Олимпиада 

ойындарының күміс жүлдегері, əлем 

чемпионы, Астана қаласында тұрады

29. Дəуренбаев 

Амангелді 

Айдарұлы

31.07.1967 ж.т., 

Алматы облысы Қарасай ауданының əкімі, 

Алматы облысы Қаскелең қаласында 

тұрады

30. Дулатбеков 



Нұрлан 

Орынбасарұлы

05.05.1962 ж.т., 

Қарағанды облыстық мəслихатының хат-

шысы, Қарағанды қаласында тұрады

31. Дұғалова 

Жанар 

Асылбекқызы



 18.01.1987 ж.т., 

Эстрада əншісі, 

Алматы қаласында тұрады

32. Дүйсебаев 

Жексенбай 

Қартабайұлы 

25.02.1950 ж.т., 

Бесінші шақырылған Қазақстан 

Республикасы Парламенті Мəжілісінің 

депутаты, Астана қаласында тұрады

33. Дьяченко 

Сергей 


Александрович 

18.09.1952 ж.т., 

Бесінші шақырылған Қазақстан 

Республикасы Парламенті Мəжілісінің 

депутаты, Астана қаласында тұрады

34. Ералиев 

Абзал 

Жұмашұлы


28.03.1960 ж.т., 

«Абзал жəне Компания» толық 

серіктестігінің директоры, Қызылорда 

қаласында тұрады 

35. Ержан 

Құдайберген 

Төлепұлы

07.11.1959 ж.т., 

Оңтүстік Қазақстан облыстық 

мəслихатының хатшысы, Шымкент 

қаласында тұрады

36. Ерман 

Мұхтар 

Тілдəбекұлы



05.09.1963 ж.т., 

Қазақстан Республикасы Парламентінің 

Мəжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы 

фракциясының аппарат басшысы, Астана 

қаласында тұрады

37. Ертаев 

Бақытжан 

25.06.1952 ж.т., 

Бесінші шақырылған Қазақстан 

Республикасы Парламенті Мəжілісінің де-

путаты, Астана қаласында тұрады

38. Есім


Ахметжан 

Смағұлұлы

15.12.1950 ж.т., 

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компания-

сы» АҚ Басқармасының Төрағасы, Астана 

қаласында тұрады 

39. Жабағиев 

Қожахан 


Көкірекбайұлы  

29.10.1960 ж.т., 

Бесінші шақырылған Қазақстан 

Республикасы Парламенті Мəжілісінің 

депутаты, Астана қаласында тұрады

40. Жаилғанова 

Анар 

Нұралықызы



10.07.1969 ж.т.,

Қазақстан Республикасы Конституциялық 

Кеңесінің экс-мүшесі, Астана қаласында 

тұрады


41. Жақыпов 

Қабиболла 

Қабенұлы

16.09.1949 ж.т., 

Бесінші шақырылған Қазақстан 

Республикасы Парламенті Мəжілісінің 

депутаты, Астана қаласында тұрады

42. Жақыпов 

Мирболат 

Хабиұлы 


17.04.1955 ж.т.,  

Қазақстан Республикасы Президентінің 

Əкімшілігі Жалпы бөлімінің меңгерушісі

Астана қаласында тұрады

43. Жамалов 

Аманжан 


Мəкəрімұлы

01.04.1960 ж.т., 

«Атамекен» Қазақстан Республикасы 

Ұлттық кəсіпкерлер палатасының 

Қазақстан Республикасының Парламенті 

Мəжілісіндегі жəне Үкіметіндегі өкілі, 

Астана қаласында тұрады

44. Жарасов 

Жанат 

Абдоллаұлы  



07.11.1951 ж.т., 

Бесінші шақырылған Қазақстан 

Республикасы Парламенті Мəжілісінің 

депутаты, Астана қаласында тұрады

45. Жылқышиев 

Байділдə


01.01.1952 ж.т., 

Оңтүстік Қазақстан облысы əкімі 

аппаратының басшысы, Шымкент 

қаласында тұрады

46. Звольский 

Сергей 


Адамович

 22.06.1963 ж.т., 

«Астық-STEM» ЖШС директоры, 

Солтүстік Қазақстан облысы Қарағаш 

ауылында тұрады

47. Иқсанова 

Гүлнəр 

Мұстахимқызы



24.04.1958 ж.т., 

Бесінші шақырылған Қазақстан 

Республикасы Парламенті Мəжілісінің 

депутаты, Астана қаласында тұрады

48. Ильин 

Илья 


Александрович

24.05.1988 ж.т., 

Екі мəрте олимпиада чемпионы, Алматы 

қаласында тұрады

49. Имашева 

Снежанна 

Валерьевна  

20.04.1981 ж.т., 

«Батыс Энергоресурсы» ЖШС Директоры, 

Орал қаласында тұрады

50. Исимбаева 

Гүлмира 


Истайбекқызы

23.08.1957 ж.т.,

Бесінші шақырылған Қазақстан 

Республикасы Парламенті Мəжілісінің 

депутаты, Астана қаласында тұрады

51. Казанцев 

Павел 

Олегович


22.03.1960 ж.т.,

Қазақстан Республикасы Кəсіподақтар 

федерациясы төрағасының орынбасары, 

Астана қаласында тұрады

52. Кесебаева 

Балайым


Туғанбайқызы

23.04.1966 ж.т.,

Қызылорда облыстық Əділет 

департаментінің басшысы, Қызылорда 

қаласында тұрады

53. Клименко 

Иван 

Иванович


02.08.1970 ж.т., 

«Цветная» ЖШС президенті, Қостанай 

облысы Затобольск кентінде тұрады

54. Козлов 

Евгений 

Александрович

 27.11.1960 ж.т.,

Заңгер,  Өскемен қаласында тұрады

55. Кулагин 

Сергей 


Витальевич

08.09.1952 ж.т.,

Ақмола облысының əкімі, Көкшетау 

қаласында тұрады

56. Қайназаров 

Уəлихан 


Анарбайұлы

01.01.1959 ж.т., 

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам 

ауданының əкімі, Шымкент қаласында 

тұрады  

57. Қаныбеков 

Сəкен 

Əсембекұлы



26.08.1966 ж.т., 

Оңтүстік Қазақстан облысы əкімінің 

орынбасары, Шымкент  қаласында тұрады 

58. Қаракен 

Құралай 

Əнуарқызы  

06.06.1958 ж.т., 

Бесінші шақырылған Қазақстан 

Республикасы Парламенті Мəжілісінің 

депутаты, Астана қаласында тұрады

59. Қарақұсова 

Гүлжан  


Жанпейісқызы

09.09.1950 ж.т., 

Бесінші шақырылған Қазақстан 

Республикасы Парламенті Мəжілісінің 

депутаты, Астана қаласында тұрады

60. Қаратаев

Фахриддин 

Абдинабиұлы

05.12.1963 ж.т., 

«Жанубий Қозоғистон» облыстық 

қоғамдық-саяси газетінің директоры – бас 

редакторы, Оңтүстік Қазақстан облысы 

Қарабұлақ ауылында тұрады

61. Қасымғалиев 

Қанатбек 

Махмұдұлы

11.01.1979 ж.т., 

«Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының 

орынбасары, Атырау қаласында тұрады

62. Қзыкеев 

Берікбек 

Талғатбекұлы

27.11.1968 ж.т., 

«Казцинк» ЖШС Риддер кен-байыту 

кешені директорының орынбасары, Шығыс 

Қазақстан облысы Риддер қаласында 

тұрады

63. Қожахметов 



Арман 

Төлешұлы   

09.10.1967 ж.т., 

Бесінші шақырылған Қазақстан 

Республикасы Парламенті Мəжілісінің 

депутаты, Астана қаласында тұрады   

64. Қошанов 

Ерлан 


Жақанұлы

14.08.1962 ж.т., 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі 

Кеңсесінің Басшысы, Астана қаласында 

тұрады 

65. Құрманбекова 



Сұлушаш 

Сəтбекқызы

17.02.1963 ж.т., 

Жамбыл облысы əкімдігі Білім 

басқармасының басшысы, Тараз қаласында 

тұрады


66. Құрманова 

Айзада 


Амангелдіқызы

08.05.1970 ж.т., 

«Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық 

филиалы төрағасының бірінші орынбасары, 

Павлодар қаласында тұрады  

67. Құртаев 

Əлімжан 

Сейітжанұлы

10.10.1958 ж.т., 

«Оңтүстік құрылыс сервис» ЖШС 

директоры, Шымкент қаласында тұрады 

68. Құсайынов 

Серік 

Досымханұлы



08.05.1964 ж.т., 

Алматы қаласы Алмалы ауданының əкімі, 

Алматы қаласында тұрады

69. Мамыраев 

Бейбіт 

Баймағамбетұлы



05.02.1957 ж.т.,

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау 

мемлекеттік университетінің ректоры, 

Атырау қаласында тұрады

70. Махамбетов 

Мансұрхан 

Махамбетұлы

24.03.1965 ж.т., 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы 

жанындағы Құқық қорғау органдары акаде-

миясы Басқармасының экс-аға прокуроры, 

Астана қаласында  тұрады

71. Мəкен 

Бақтияр 


Мəкенұлы

22.11.1981 ж.т., 

Батыс Қазақстан облысы əкімінің орынбаса-

ры, Орал қаласында тұрады

72. Мусин 

Қанат 


Сергейұлы

27.02.1966 ж.т., 

Астана қаласы Əділет департаментінің 

басшысы, Астана қаласында тұрады

73. Мұқанов 

Абай 


Құспанұлы

05.12.1962 ж.т., 

«Алюминстрой» ЖШС директоры, 

Қостанай облысы Арқалық қаласында 

тұрады

74. Мұсақожаева 



Айман 

Қожабекқызы

15.03.1958 ж.т.,

Қазақ Ұлттық өнер университетінің ректо-

ры, Астана қаласында тұрады

75. Мұсырман 

Кəрібай 

Иманжанұлы 

28.02.1957 ж.т., 

«Солтүстік Қазақстан облысы əкімдігінің 

«Қызылжар ақпарат» ЖШС директоры, 

Петропавл қаласында тұрады 

76. Мұхамедиұлы 

Арыстанбек

11.02.1963 ж.т., 

Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне 

спорт министрі, Астана қаласында тұрады

77. Мыңбай 

Дархан 

Қамзабекұлы



26.01.1962 ж.т.,

Қазақстан Республикасы Ұлттық 

мұражайының директоры, Астана 

қаласында тұрады

78. Мырзахметов 

Асқар 


Исабекұлы

01.10.1962 ж.т.,

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші 

орынбасары, Астана қаласында тұрады

79. Назарбаева

Дариға 


Нұрсұлтанқызы

07.05.1963 ж.т., 

Қазақстан Республикасы Премьер-

Министрінің орынбасары, Астана 

қаласында тұрады 

80. Нұркина 

Айгүл 

Қабдешқызы  



21.02.1966 ж.т., 

Бесінші шақырылған Қазақстан 

Республикасы Парламенті Мəжілісінің де-

путаты, Астана қаласында тұрады

81. Нұрманбетова 

Жəмила


Нүсіпжанқызы

22.02.1964 ж.т.,

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университетінің бірінші проректоры, 

Астана қаласында тұрады

82. Нұрғожаев 

Ербол 

Сапарбайұлы



23.08.1973 ж.т., 

«Қостанай минералдары» АҚ 

Басқармасының төрағасы, Қостанай облысы 

Жітіқара қаласында тұрады

83. Нығматулин

Нұрлан 


Зайроллаұлы

31.08.1962 ж.т.,

Қазақстан Республикасы Президенті 

Əкімшілігінің Басшысы, Астана қаласында 

тұрады

84. Олейник



Василий

Иванович


03.03.1956 ж.т., 

Шығыс Қазақстан облысы прокурорының 

экс-орынбасары, Өскемен қаласында 

тұрады


85. Омарбекова 

Жанат 


Əнуарбекқызы

14.08.1961 ж.т.,

«Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» 

РҚБ президенті, Астана қаласында тұрады 

86. Омарбекова 

Жұлдыз 


Қажыкенқызы

 24.09.1983 ж.т., 

«Бауыржан» Қоғамдық қайырымдылық 

қорының президенті, Алматы қаласында 

тұрады

87. Омаров 



Сапархан 

Кесікбайұлы

05.05.1968 ж.т., 

Қазақстан Республикасы Ауыл 

шаруашылығы вице-министрі, Астана 

қаласында тұрады

88. Оспанов 

Бауыржан 

Кеңесбекұлы

 12.03.1968 ж.т., 

«ZHERSU» Инвестициялық-өнеркəсіптік 

корпорациясы» ЖШС Байқау кеңесінің 

төрағасы, Алматы қаласында тұрады 

89. Оспанов 

Берік 

Серікұлы


29.01.1976 ж.т., 

«Нұр Отан» партиясының Оңтүстік 

Қазақстан облыстық филиалы төрағасының 

бірінші орынбасары, Шымкент қаласында 

тұрады  

90. Өксікбаев 

Омархан 

Нұртайұлы  

22.12.1954 ж.т., 

Бесінші шақырылған Қазақстан 

Республикасы Парламенті Мəжілісінің 

депутаты, Астана қаласында тұрады

91. Өтебаев 

Сəкен 


Нұриұлы

08.02.1966 ж.т.,

«МАЭК-Қазатомпром» ЖШС Бас 

директоры, Ақтау қаласында тұрады 

92. Өтемісов 

Шауқат 


Əнесұлы

12.06.1963 ж.т., 

Бесінші шақырылған Қазақстан 

Республикасы Парламенті Мəжілісінің 

депутаты, Астана қаласында тұрады

93. Павлов 

Дмитрий 

Владимирович

14.01.1973 ж.т.,

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ персонал 

жөніндегі директоры, Қарағанды облысы 

Теміртау қаласында тұрады

94. Платонов 

Артур 


Станиславович

11.09.1974 ж.т.,

«КТК» телеарнасының стратегиялық 

даму жөніндегі директоры, Алматы 

қаласында тұрады

95. Пішембаев 

Мейрам 

Құдайбергенұлы



29.10.1959 ж.т.,

Бесінші шақырылған Қазақстан 

Республикасы Парламенті Мəжілісінің 

депутаты, Астана қаласында тұрады

96. Рау 

Альберт 


Павлович

01.09.1960 ж.т., 

Қазақстан Республикасы Инвестициялар 

жəне даму  вице-министрі, Астана 

қаласында тұрады

97. Сабильянов 

Нұртай 

Салихұлы


01.06.1962 ж.т.,

Бесінші шақырылған Қазақстан 

Республикасы Парламенті Мəжілісінің 

депутаты, Астана қаласында тұрады

98. Салықова 

Римма 


Аждарқызы

 12.05.1959 ж.т., 

«Алматинские краски» ЖШС директоры, 

Талдықорған қаласында тұрады 

99. Сапарбаев 

Бердібек 

Машбекұлы

09.02.1953 ж.т., 

Ақтөбе облысының əкімі, Ақтөбе 

қаласында тұрады  

100. Сапарова 

Əлия 


Сүйіндікқызы

12.09.1984 ж.т., 

«Нұр Отан» партиясының Қостанай 

облыстық филиалы төрағасының 

бірінші орынбасары, Қостанай қаласында 

тұрады  


101. Сауэр 

Иван 


Адамович

11.08.1958 ж.т., 

«Родина» агрофирмасы» ЖШС директоры, 

Ақмола облысы Родина ауылында  тұрады

102. Сəдуақасов 

Дəрмен 


Қанатұлы

28.04.1979 ж.т., 

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ департаментінің 

директоры, Астана қаласында тұрады 

103. Сəпиев 

Серік 


Жұманғалиұлы

16.11.1983 ж.т., 

«Astana Arlans» кəсіпқой спорт клубы» 

ЖШС бас  директоры, олимпиада чемпио-

ны, Астана қаласында тұрады

104. Сейдуманов 

Серік 

Тұрарұлы  



15.02.1957 ж.т., 

Бесінші шақырылған Қазақстан 

Республикасы Парламенті Мəжілісінің 

депутаты, Астана қаласында тұрады

105. Симонов 

Сергей 


Анатольевич

01.02.1973 ж.т., 

«Стройдеталь» ЖШС атқарушы директоры, 

Ақтөбе қаласында тұрады

106. Скляр 

Роман 


Васильевич

08.05.1971 ж.т., 

«Қазақстан Темір Жолы» АҚ вице-

президенті, Астана қаласында тұрады

107. Смағұл 

Бақытбек


06.02.1960 ж.т., 

Бесінші шақырылған Қазақстан 

Республикасы Парламенті Мəжілісінің де-

путаты, Астана қаласында тұрады

108. Смағұлов 

Асылбек 


Айжарықұлы

28.04.1970 ж.т.,

«Қазақстан Республикасының Заңнама 

институты» ММ директоры, Астана 

қаласында тұрады

109. Суслов 

Александр 

Васильевич

18.01.1960 ж.т., 

«Қазхром» Ұлтаралық компаниясы» АҚ 

Ақсу ферроқорыту зауытының техникалық 

директоры, Павлодар облысы Ақсу 

қаласында тұрады 

110. Сұлтанов 

Бақыт 

Тұрлыханұлы



29.11.1971 ж.т.,

Қазақстан Республикасы Қаржы министрі, 

Астана қаласында тұрады

111. Сұлтанов 

Қуаныш 

Сұлтанұлы 



12.05.1945 ж.т.,

Бесінші шақырылған Қазақстан 

Республикасы Парламенті Мəжілісінің 

депутаты, Астана қаласында тұрады

112. Тасболатов 

Абай 


Бөлекбайұлы

21.09.1951 ж.т., 

Бесінші шақырылған Қазақстан 

Республикасы Парламенті Мəжілісінің 

депутаты, Астана қаласында тұрады

113. Теміржанов 

Мұрат 

Баритұлы


 18.08.1977 ж.т., 

«Агро Интер Тех» ЖШС бас директоры, 

Көкшетау қаласында тұрады

114. Тілеухан 

Бекболат 

Қанайұлы


07.08.1966 ж.т.,

Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығының 

президенті, Астана қаласында тұрады

115. Тінікеев 

Мұхтар 

Бəкірұлы


27.09.1963 ж.т., 

Бесінші шақырылған Қазақстан 

Республикасы Парламенті Мəжілісінің 

депутаты, Астана қаласында тұрады

116. Унжакова 

Ирина 


Сергеевна

21.02.1964 ж.т., 

«Status» əйелдер федерациясы» қоғамдық 

бірлестігі Басқармасының төрайымы, 

Өскемен қаласында тұрады

117. Үмбетов

Серік 

Əбікенұлы



19.06.1950 ж.т., 

Бесінші шақырылған Қазақстан 

Республикасы Парламенті Мəжілісінің де-

путаты, Астана қаласында тұрады

118. Хаменова 

Бақытгүл 

Қайыржанқызы

09.04.1981 ж.т., 

Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжі 

директоры, Атырау қаласында тұрады

119. Хитуов 

Тарас 


Киікбайұлы       

04.02.1964 ж.т., 

«ҚаражанбасМұнай» АҚ аппаратының бас-

шысы, Ақтау қаласында тұрады

120. Чернов 

Дмитрий 


Дмитриевич

23.11.1962 ж.т., 

«Қарағанды қаласының № 1 қалалық ау-

руханасы» МКК директоры, Қарағанды 

қаласында тұрады

121. Чирков 

Михаил 

Владимирович



07.09.1954 ж.т., 

Астана қаласы əкімінің кеңесшісі, 

Астана қаласында тұрады

122. Шарапаев 

Петр 

Анатольевич



14.04.1971 ж.т., 

«Радуга» ЖШС атқарушы директоры, 

Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл 

ауылында тұрады 

123. Шиповских 

Геннадий 

Геннадиевич

22.10.1989 ж.т., 

«Локомотив» АҚ машинисінің көмекшісі, 

Қызылорда қаласында тұрады

124. Шишигина 

Ольга 


Васильевна 

23.12.1968 ж.т., 

Бесінші шақырылған Қазақстан Рес-

публикасы Парламенті Мəжілісінің депу-

таты, олимпиада чемпионы, Астана 

қаласында тұрады 

125. Щегельский 

Глеб 


Анатольевич 

19.04.1969 ж.т., 

Бесінші шақырылған Қазақстан 

Республикасы Парламенті Мəжілісінің 

депутаты, Астана қаласында тұрады

126. Ізмұхамбетов 

Бақтықожа 

Салахатдинұлы

01.09.1948 ж.т., 

Атырау облысының əкімі, Атырау 

қаласында тұрады

127. Яковлева 

Татьяна 

Ивановна


17.03.1958 ж.т., 

Бесінші шақырылған Қазақстан 

Республикасы Парламенті Мəжілісінің 

депутаты, Астана қаласында тұрады




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет