Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық
компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы жұмыскерлерінің
еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ережені
бекіту туралы
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 15-бабының 3)
тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық
компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен
сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) бекітілсін.
2. Ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдар акцияларының бақылау пакеттерін иелену
және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар акцияларының бақылау
пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдар директорлар
кеңестерінің басшы жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттарын Үлгілік
ережеге сәйкес белгілеуді қамтамасыз етсін.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы төрағасының және басқарма
мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттарын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-
ауқат қоры» акционерлік қоғамының директорлар кеңесі айқындайды.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің
күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға
тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1183 қаулысымен бекітілген
Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық
компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу
мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың,
акционерлік қоғамдардың басшы жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру
шарттары туралы үлгілік ереже (бұдан әрі-Үлгілік ереже) акцияларының бақылау пакеттері
мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың (бұдан әрі - ұйымдар)
басшы жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен оларды ынталандыру мәселелерінде бірыңғай
тәсілдерді қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.
2. Осы Үлгілік ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) еңбекақы төлеу - 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне,
Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ келісімдерге,
еңбек, ұжымдық шарттарға, жұмыс берушінің актілеріне және осы Үлгілік ережеге сәйкес
жұмыскерге еңбегі үшін берілетін сыйақының міндетті төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз
етуіне байланысты қатынастар жүйесі;
2) лауазымдық жалақы - қызметкердің біліктілігін, орындала жұмыстың күрделілігін, санын,
сапасы мен жағдайын ескере отырып, еңбек нормаларын (еңбек міндеттерін) орындағаны үшін
айына жұмыскердің еңбегіне ақы төлеудің тіркелген мөлшері;
3) жылдық сыйлықақы - қол жеткізілген табыстарды материалдық көтермелеу және жұмыс
тиімділігін арттыру мақсатында жұмыс нәтижелеріне байланысты ұйымның басшы жұмыскерлеріне
бір жылғы жұмыстың қорытындылары бойынша жылына бір рет төленетін сыйақы. Жылдық
сыйлықақы тұрақты сипатта болмайды.
3. Ұйымның басшы жұмыскерлеріне:
1) бірінші басшы;
2) басшының орынбасары;
3) атқарушы органның (басқарманың) мүшесі жатады.
4. Ұйымның басшы жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу сыйлықақы беру ұйымның ағымдағы
қаржы жылына арналған бюджетінде еңбекақы төлеуге көзделген қаражат есебінен жүргізіледі.
5. Ұйымның басшы жұмыскерінің лауазымдық айлық жалақысының мөлшері, жылдық
сыйлықақы алуға құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен
жасалатын еңбек шартында айқындалады.
2. Еңбекақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары
1. Ұйымның басшы жұмыскерлерінің лауазымдық айлық жалақысының мөлшері орындалатын
жұмыстың күрделілігіне, атқарып отырған лауазымына, өндірістің (бизнестің) ерекшеліктері мен
ауқымына және оларға байланысты тәуекелдерге, еңбектің салалық ерекшелігіне, республиканың
әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ұйымның рөлі мен орнына байланысты сараланып
айқындалады және ұйымның Директорлар кеңесінің шешімімен белгіленеді.
7. Ұйымның басшы жұмыскерлерінің өндірістің тиімділігі мен жұмыс сапасын арттыруға
мүдделілігін күшейту үшін жылдық сыйлықақы жүргізіледі.
8. Жылдық сыйлықақының мөлшері ұлттық басқарушы холдинг ұлттық холдингтер, ұлттық
басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компаниялар болып
табылатын акционерлік қоғамдарды қоспағанда, акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке
тиесілі акционерлік қоғамдардың әрбір басшы жұмыскерінің қызметін бағалаудың жеке тәсілі
негізінде айқындалады және олардың даму жоспары орындалуының сапалық және сандық
көрсеткіштеріне байланысты болады.
9. Ұйымның басшы жұмыскерлеріне жылдық сыйлықақы төлеу тәртібі мен шарттары ұйымның
Директорлар кеңесінің шешімімен айқындалады.
10. Басшы жұмыскерлерге жылдық сыйлықақылар аудиттелген қаржылық есептілік негізінде
ұйымның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері белгіленген тәртіппен бекітілгеннен кейін
қаржы жылының нәтижелері бойынша төленеді.
11. Басшы жұмыскердің орташа жалақысын есептеу жылдық сыйлықақысын ескермей,
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
12. Ұйымның басшы жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары
Директорлар кеңесінің шешімімен айқындалады.
13. Басшы жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру жүйесін белгілеу кезінде
ұйымның Директорлар кеңесі осы Үлгілік ережені басшылыққа алады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 31 желтоқсандағы №1183 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік
қоғамдардың басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы
үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 маусымдағы №
558 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 29, 291-құжат).
2. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері
туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 қарашадағы № 1048 қаулысымен
бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен
толықтырулардың 12-тармағы.
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері
жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір
шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір
шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21
қарашадағы № 1080 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 14-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
2008 ж., № 44, 500-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы № 399 қаулысымен бекітілген Қазақстан
Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 5-тармағы (Қазақстан
Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 17, 145-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 шілдедегі № 1101 қаулысымен бекітілген Қазақстан
Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 13-тармағы (Қазақстан
Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 43, 317-құжат).
6. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының мәселелері» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы №1638 қаулысы (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 2009 ж., №43, 418-құжат).
7. «Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік
қоғамдардың басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы
үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 маусымдағы №
558 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің
күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қарашадағы
№1470 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №80, 1182-құжат).
8. «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің
(Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың,
сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық
компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қоры тобының құрамына кіретін ұлттық компанияларды
қоспағанда) әкімшілік шығыстарының жекелеген түрлерінің лимиттерін және оларға мониторинг
жүргізу тетігін айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 266 қаулысының 2-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014
ж., № 74, 664-құжат).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2015 жылғы 31 желтоқсан №1186 Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу
қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 10-бабының 3-1) тармақшасына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі
қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу
қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1186 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнін (бұдан әрі - Мемлекеттік
рәміздер күні) мерекелеу қағидалары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына,
«Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы
Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына сәйкес әзірленді және Мемлекеттік
рәміздер күнін мерекелеу тәртібін анықтайды.
2. Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу қазақстандық азаматтық біртектілікті, патриотизмді
және ұлт бірлігін нығайту бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі элементі болып табылады.
Мереке «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойылған күнге орайластырылған.
2. Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу тәртібі
3. Мемлекеттік рәміздер күні жыл сайын еліміз бойынша барлық жерде мерекеленеді.
4. Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеуге мемлекеттік заңды тұлғалар ұлттық басқарушы
холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар сондай-ақ Қазақстан Республикасы оларға
қатысты жалғыз акционер (қатысушы) болып табылатын өзге де акционерлік қоғамдар және
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер (бұдан әрі - заңды тұлғалар), Қазақстан Республикасының
елшіліктері және басқа да ресми шет елдік мекемелер, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің
әскери құрамалары, бөлімдер бөлімшелері және мекемелері тарапынан өткізілетін ресми,
салтанатты рәсімдер немесе спорттық іс-шаралар кіреді.
5. Мемлекеттік заңды тұлғаларда, Қазақстан Республикасының елшіліктерінде және
басқа да ресми шет елдік мекемелерде, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери
құрамаларында, бөлімдерінде, бөлімшелерінде және мекемелерінде мемлекеттік рәміздер
күнін мерекелеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен безендірілген
жайларда салтанатты түрде мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлер, мәдениет, білім және
ғылым, экономика және қаржы, сондай-ақ басқа салалардың белгілі өкілдерінің қатысуымен
өткізіледі.
6. Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеуге арналған ресми және салтанатты рәсімдер, спорттық
іс-шаралар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туын салтанатты жағдайда көтеру және тігумен
басталады және Мемлекеттік Гимн орындалады, бұл ретте қатысушылар жүздерін Туға қ бұрады.
7. Мемлекеттік Гимн көпшілік алдында орындалған кезде қатысушылар оны орнынан тұрып ай -
тады (тыңдайды), бұл ретте Қазақстан Республикасының азаматтары оң қолын жүрек тұсына қояды.
8. Мемлекеттік Гимнді оркестр, хор, оркестр мен хор орындайды не ол өзге де вокалдық және
аспаптық түрде орындалады. Бұл ретте дыбыс жазу құралдары пайдаланылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін ықшамдап орындауға жол беріледі.
9. Мемлекеттік Гимн бекітілген мәтіні мен музыкалық редакциясына дәлме-дәл сәйкестікпен
мемлекеттік тілде орындалады.
10. Ресми және салтанатты рәсімдер, спорттық іс-шараларда Қазақстан Республикасының
мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеуге арналған құттықтау сондай-ақ оның тарихы, маңызы
және маңыздылығына арналған сөздер ұйымдастырылады.
Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу шеңберінде өткізілуі мүмкін:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін бір мезетте орындау жөніндегі шарасы;
2) медальдарды, төсбелгілерді, ведомстволық наградаларды, құрмет грамоталарды және
алғыс хаттарды табыстау;
3) жаңа объектілердің, ұйымдардың ашылуы;
4) әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге ант қабылдату;
5) Қазақстанның мемлекеттілігі мәселелері бойынша ғылым практикалық конференциялар,
форумдар, мәжілістер, дөңгелек үстелдер;
6) кітапханалар мен музейлерде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне арналған
тақырыптық көрмелер мен экспозициялар;
7) көрнекті саяси, еңбегі сіңген және қоғам қайраткерлерінің сұхбаттары мен жарияланымдарын,
тақырыптық бағдарламалар циклдарын шығару;
8) мемлекеттік рәміздерді дәріптеуге, өз еліне деген мақтаныш және отанына деген
сүйіспеншілікті қалыптастыруға, тәрбиелеуге бағытталған конкурстар, викториналар;
9) мемлекеттік рәміздерді насихаттауға бағытталған басылым және естелік өнімдерін шығару;
10) Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеуге арналған өзге де шаралар.
Осы Ереженің 4 тармағында көрсетілмеген заңды тұлғалар және жеке тұлғалар олардың еркі
бойынша осы Ереженің 10 тармағында көрсет шаралардың өткізілуі мүмкін.
11. Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеуде ақпараттық сүйемелдеу шеңберінде
мемлекеттік заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының елшіліктері және басқа да ресми
шет елдік мекемелер, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери құрамалары,
бөлімдері, бөлімшелері және мекемелері тарапынан өткізілетін Мемлекеттік рәміздер күніне
арналған шараларды бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жария ету жөніндегі шаралар
қабылданады.
12. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан облыстарда, республикалық маңызы бар қалада,
астанада, аудандарда (облыстық маңызы бар қалалар қаладағы аудандарда, аудандық маңызы
бар қалаларда, кенттерде, ауылда ауылдық округтерде мемлекеттік рәміздер күнін ұйымдастыру
және өткізу, сондай-ақ, ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және
бекітеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2015 жылғы 31 желтоқсан №1185 Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің
күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі
қаулы етеді:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің
күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1185 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Мемлекеттік азық-түлік контракт корпорациясын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 24 ақпандағы № 260 қаулысы.
2. «Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пай-
далану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы
№ 394 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., №12, 129-құжат).
3. «Мемлекеттік ресурстар астығын сақтайтын астық қабылдау кәсіпорындары мен көрсетілген
астық қабылдау кәсіпорындарынан астық тасып әкетуді жүзеге асыратын көлік ұйымдарының
астықты тиеуді келісу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы
20 қыркүйектегі № 1220 қаулысы.
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы № 394 қаулысына өзгерістер
енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 мамырдағы № 503 қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 21, 264-құжат).
5. «Сатып алу және тауар интервенцияларын, сондай-ақ азық-түлік тауарларын сақтау, өңдеу,
тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын мамандандырылған
ұйымдардың (агенттердің) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы
19 қарашадағы № 1106 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 43, 512-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 41 қаулысының күші жойылды деп тану
туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 тамыздағы № 776 қаулысымен
бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3
және 11-тармақтары.
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы № 394 қаулысына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жой-
ылды деп туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 тамыздағы № 781 қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 35 383-құжат).
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы № 1106 қаулысына
толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы
23 сәуірдегі № 346 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 31, 242-құжат).
9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы № 394 қаулысына өзгеріс
енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметін 2010 жылғы 14 қыркүйектегі № 940 қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 51, 489-құжат).
10. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 ж 27 мамырдағы № 589 қаулысымен бекітілген Қазақстан
Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы (Қазақстан
Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 40, 504-құжат).
11. «Отандық өндірушілерден ауыл шаруашылығы өнімін және оның терең қайта өңдеу
өнімдерін сатып алуды, сондай-ақ оларды сақтау, і өңдеу, тасымалдау жөніндегі қызметтерді
жүзеге асыр мамандандырылған ұйымдардың (агенттердің) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы № 1106 қаулысына өзгерістер енгізу ту-
ралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 5 ақпандағы № 39 қаулысы (Қазақстан
Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 3, 18-құжат).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2015 жылғы 31 желтоқсан №1187 Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын
және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Гимнінің мәтінін орналастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 873 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі
қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың
бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру
ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 873
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 36, 410-құжат) мынадай өзгерістер
мен толықтырулар енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың
бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату,
орналастыру) қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік
Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің
мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік
Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің
мәтінін орналастыру ережесінде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың
бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату,
орналастыру) қағидалары»
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
4 ақпан 2016 жыл
www.egemen.kz
15
(Соңы. Басы 14-бетте).
«1. Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы
4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (бұдан әрі - Конституциялық
заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасы
және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің мәтінін
пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібін айқындайды.»;
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын орналастыру» Туын орналастыру» деген
2-тарауда:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын пайдалану (орнату, орналастыру)»;
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) мемлекеттік заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің,
ұлттық компаниялардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы оларға қатысты жалғыз акционер
(қатысушы) болып табылатын өзге де акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктердің мемлекеттік нышандарға арналған экспозиция үшін бөлінген үй-жайларда (үй-
жайларының бір бөлігінде).
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы орналастырылатын Қазақстан Республикасының
мемлекеттік нышандарына арналған экспозиция үшін бөлінген үй-жайлар (үй-жайларының бір
бөлігі) әсем безендірілуге және шаруашылық-тұрмыстық бөлмелерден, кіреберістен және киім
ілетін бөлмелерден алыс орналасуға тиіс;»;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу, ресми және салтанатты рәсімдер, спорттық іс-шаралар
кезінде;»;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қарулы Күштердің құрамаларында, әскери бөлімдерінде, бөлімшелерінде, мекемелерінде
және басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда Мемлекеттік Туды және оның бейнесін
пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібі жалпы әскери жарғыларда айқындалады.
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын патриоттық сезімді, қазақстандық бірегейлікті
білдіру, елдің оның азаматтарының жетістіктерін көпшілік іс-шаралар және жеке іс-әрекеттер ая сын-
да қолдау мақсатында жеке және заңды тұлғалар пайдалануы (орнатуы, орналастыруы) мүмкін.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын ұлттық стандарттардың талаптарын бұза
отырып пайдалануға жол берілмейді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын қорлауға арналған зат ретінде пайдалануға
жол берілмейді.»;
7, 9, 10, 10-1, 11, 20, 23, 27, 28, 29, 30, 31-тармақгардағы «Ереженің» деген сөз «Қағидалардың»
деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
«13-1. Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктерді, консулдық
мекемелерді, халықаралық ұйымдарды және (немесе) олардың өкілдіктерін қоспағанда, Қазақстан
Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік ұйымдар мен өкілдіктер
пайдаланатын шет мемлекеттердің тулары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туымен
бір мезгілде орналастырылады.»;
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын орналастыру» деген 3-тарауда:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын пайдалану (орнату, орналастыру)»;
15-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасы Президенті Резиденциясының, Парламенттің, Сенат пен Мәжілістің,
Үкіметтің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық
атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және
есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің,
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
мен жергілікті соттарының, Қарулы Күштердің құрамаларының, әскери бөлімдерінің, бөлімшелері
мен мекемелерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, жергілікті өкілді және атқарушы
органдардың ғимараттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы елшіліктерінің, халықаралық
ұйымдардағы тұрақты өкілдіктерінің, сауда өкілдіктерінің, шетелдегі басқа да ресми мекемелерінің,
шетелдегі мекемелерінің басшылары резиденцияларының ғимараттарында - ұдайы;»;
3) тармақшадағы «ұдайы орналастырылады.» деген сөздер «ұдайы; деген сөзбен ауыстырылып,
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) мемлекеттік заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің,
ұлттық компаниялардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы оларға қатысты жалғыз акционер
(қатысушы) болып табылатын өзге де акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктердің мемлекеттік нышандарға арналған экспозиция үшін бөлін ген үй-жайларында
(үй-жайларының бір бөлігінде) орналастырылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы орналастырылатын Қазақстан
Республикасының мемлекеттік нышандарына арналған экспозиция үшін бөлінген үй-жайлар
(үй-жайлардың бір бөлігі) әсем безендірілуге және шаруашылық-тұрмыстық бөлмелерден, кіре
берістен және киім ілетін бөлмелерден алыс орналасуға тиіс.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Қарулы Күштердің құрамаларында, әскери бөлімдерінде, бөлімшелерінде, мекемелерінде
және басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда Мемлекеттік Елтаңбаны және оның бейнесін
пайдалану (орнату орналастыру) тәртібі жалпы әскери жарғыларда айқындалады.»;
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Елтаңбасының бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасын|ың
Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру» деген 4-тарауда: тақырып мынадай редакцияда
жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың
бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату,
орналастыру);»; мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:
«23-1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының бейнесі өзге де материалдық
объектілерде орналастырылуы мүмкін.
Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігін қолдану мақсатында материалдық объектілерге
бір рет пайдаланылатын заттар жатпайды.»; 26-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда
жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының Президенті мен оның Әкімшілігінің, Парламенттің,
оның палаталары мен олардың аппараттарының, Қазақстан Республикасының Парламенті
палаталары Бюроларының, Үкіметтің және Премьер-Министр Кеңсесінің, министрліктердің,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың,
Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік
органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттарының,
Қарулы Күштердің әскери құрамаларының, бөлімдерінің, бөлімшелері мен мекемелерінің, басқа
да әскерлер мен әскери құралымдардың, жергілікті өкілді, атқарушы органдардың және өзге де
мемлекеттік ұйымдардың мөрлері құжаттарының бланкілерінде;»;
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі өзге де материалдық
объектілерде орналастырылуы мүмкін.
Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігін қолдану мақсатында өзге материалдық
объектілерге бір рет пайдаланылатын заттар жатпайды.»;
мынадай мазмұндағы 34-1 және 34-2-тармақтармен толықтырылсын:
«34-1. Мемлекеттік заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің,
ұлттық компаниялардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы оларға қатысты жалғыз акционер
(қатысушы) болып табылатын өзге де акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктердің мемлекеттік нышандарға арналған экспозиция үшін бөлінген үй-жайларында
(үй-жайларының бір бөлігінде) Қазақстан Республикасын Мемлекеттік Гимнінің мәтіні міндетті
түрде орналастырылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің мәтіні орналастырылатын Қазақстан
Республикасының мемлекеттік нышандарына арналған экспозиция үшін бөлінген үй-жайлар
(үй-жайлардың бір бөлігі) әсем безендірілуге және шаруашылық-тұрмыстық бөлмелерден, кіре
берістен және киім ілетін бөлмелерден алыс орналасуға тиіс.
34-2. Қарулы Күштердің құрамаларында, әскери бөлімдерінде, бөлімшелерінде, мекемелерінде
және басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Гимнін орындау және оның мәтінін пайдалану тәртібі жалпы әскери жарғыларда айқындалады.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік оң күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |