2. Қаражат төлеу тәртібі
4. Өзінің өмір тіршілігін, сондай-ақ өз бетінше алатын табыс көздері жоқ онымен бірге тұратын отбасы
мүшелерінің өмір тіршілігін қамтамасыз ету үшін салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеу үшінтерроризмді және экстремизмді қаржыландырумен
байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға жалақы, зейнетақы, степендия,
жәрдемақы, өзге де әлеуметтік төлемдер түріндегі қаражатты төлеуді қаржы мониторингі субъектілері
жүзеге асырады.
5. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген тұлғалар өтініш жасаған кезде жалақы, зейнетақы,
степендия, жәрдемақы, өзге де әлеуметтік төлемдер түріндегі қаражатты алу, сондай-ақ салықтарды,
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеу үшін қаржы
мониторингі субъектілері көрсетілген тұлғаларды сәйкестендіру бойынша шаралар қабылдайды.
Терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне
енгізілген жеке тұлғаға жалақы түріндегі ақша қаражатын төлеу үшін жұмыс орнынан жалақы мөлшері
туралы анықтама қосымша сұратылады.
Терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген
жеке тұлғаның онымен бірге тұратын, өз бетінше алатын табыс көздері жоқ отбасы мүшелері үшін Заңның 12-бабы
8-тармағының 1) тармақшасында көзделген жалақы түріндегі ақша қаражатын төлеу үшін қосымша
мынадай құжаттар сұратылады:
1) туыстығын сәйкестендіру үшін туу туралы куәлігін қоса, отбасы мүшесінің жеке басын куәландыратын
құжат;
2) неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәліктің түпнұсқасын немесеазаматтық хал актісін тіркеу
туралы анықтама;
3) отбасының әрбір мүшесіне бір мекенжай бойынша тіркелгендігін растайтын мекенжай анықтамалары;
4) отбасының әрбір кәмелетке толған мүшесіне жұмыссыздық туралы анықтама.
6. Қаржы мониторингінің субъектілері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы
№ 1484 қаулысымен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын
операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау
белгілерін бекітуге сәйкес осы Қағидалардың 2-тарағында көрсетілген тұлғаларға жалақы төлеу бойынша
күдікті ретінде операцияларды тануға және уәкілетті органға оны өткізгенге дейін мұндай операция туралы
дереу хабарлайды.
7. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген хабарламаны алғаннан кейін, ол алынған
сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде операцияны жүргізу не оны жүргізуден бас тарту туралы шешім
қабылданатын үш жұмыс күніне дейінгі мерзімде күдікті операцияны жүргізуді тоқтата тұру туралы шешім
қабылдайды және оны электрондық тәсілмен немесе қағаз тасығышта күдікті операция туралы хабарлама
ұсынған қаржы мониторингі субъектілерінің қаперіне жеткізеді.
8. Қаржы мониторингінің субъектілері Заңның13-бабының 5-тармағына сәйкес операция жүргізу туралы
уәкілетті органның шешімін алғаннан кейін Заңның 12-бабының 8-тармағының 1) тармақшасында көзделген
жалақы түріндегі терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың
тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға ақша қаражатын төлейді.
9. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалақы, зейнетақы, степендия, жәрдемақы,
өзге де әлеуметтік төлемдер түріндегі ақшамен немесе өзге де мүлікпен операциялар жүргізу, сондай-ақ
салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеуді
жүргізутуралы шешімдіқаржы мониторингі субъектісі өз бетінше қабылдайды.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 8 қаңтарда
Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12823 болып енгізілді.
7. Өтінімді қарау нәтижелерінің негізінде Комитет өтінімді қабылдау аяқталған күннен бастап 5 (бес)
жұмыс күні ішінде стандарттау жөніндегі техникалық комиттерінің, стандарттау бойынша халықаралық
және өңірлік стандарттау ұйымдарының тиісті отырыстарына (жұмыс топтарына, кеңестеріне) қатысу үшін
мүдделі ұйымның өкілін тарту туралы шешім қабылдайды.
8. Өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен кейін түскен өтінімдер қаралмайды және өтінімді алған
күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде мүдделі ұйымның өкіліне хабарламаны жолдау арқылы бас
тартуға жатқызылады.
9. Оң шешім қабылданған жағдайда Комитет шешім қабылданған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні
ішінде мүдделі ұйымға стандарттау жөніндегі техникалық комиттерінің, стандарттау бойынша халықаралық
және өңірлік стандарттау ұйымдарының тиісті отырыстарына (жұмыс топтарына, кеңестеріне) қатысу үшін
осы ұйымның өкілін тарту туралы өз шешімін жолдайды.
10. Мүдделі ұйымның өкілі стандарттау жөніндегі техникалық комитетінің, халықаралық және өңірлік
стандарттау ұйымдарының отырысы (жұмыс тобы, кеңесі) аяқталған соң 5 (бес) жұмыс күні ішінде
Комитетке мыналарды:
1) отырыс туралы ақпаратты;
2) отырыстың хаттамасын (болған жағдайда);
3) таныстыру материалдарын (болған жағдайда) қамтитын іс-сапар туралы ақпаратты ұсынады.
Мүдделі ұйымдардың өкілдерін стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің, стандарттау
жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдардың отырыстарына қатысу үшін тарту жөніндегі
қағидаларға қосымша
Нысан
Мүдделі ұйымдардың өкілдерін стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің,
стандарттау жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдардың отырыстарына қатысу үшін
тарту жөніндегі тартуға өтінім
Кімге:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(мемлекеттік мекеменің толық атауы)
Кімнен:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(қатысушының Т.А.Ә.)
Іс-шараның атауы
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Іс-шараны өткізу күні
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Іс-шараны өткізген ел, қала
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Ұйымдастырушы
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Қатысу мақсаты
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Мүдделі ұйым өкілінің біліктілігі туралы мәліметтер
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(білімі, арнайы білімі немесе кәсіби дайындығы бар екені туралы құжат,
салыстыру үшін түпнұсқасын ұсыну арқылы жеке басын куәландыратын
құжаттың көшірмесі, еңбек қызметін растайтын құжат)
Басшысы __________________________________________
Қолы _________________________
Өтінім берілген күн: _____________
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 30 желтоқсанда
Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12653 болып енгізілді.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы
2015 жылғы 4 желтоқсан №1158 Астана қаласы
Стандарттау жөніндегі сілтемелік нормативтік құжаттарды қолдану қағидаларын
бекіту туралы
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының
7-бабының екінші бөлігіндегі 25) тармақшасына сәйкес,
бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Стандарттау жөніндегі сілтемелік нормативтік құжаттарды қолдану қағидалары
бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метро-
логия комитеті (Б.Б. Қанешев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен
кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде,
сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу
үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және
электрондық түрде жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ре-
сурсы мен мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он
жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне
осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы ту-
ралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар
және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы
А.РАУ
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 4 желтоқсандағы №1158 бұйрығымен бекiтiлген
Стандарттау жөніндегі сілтемелік нормативтік құжаттарды қолдану қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Стандарттау жөніндегі сілтемелік нормативтік құжаттарды қолдану қағидалары (бұдан әрі –
Қағидалар) «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының
7-бабының екінші бөлігінің 25) тармақшасына сәйкес әзірленді және стандарттау жөніндегі сілтемелік
нормативтік құжаттарын қолдану тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда стандарттау жөніндегі сілтеме нормативтік құжаттар оларға нормативтік құқықтық
актіде сілтеме берілген ұлттық стандарттар мен техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жіктеуіштері
болып табылады.
3. Уәкілетті орган деп техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге мемлекеттік орган
(бұдан әрі – уәкілетті орган) танылады.
2. Стандарттау жөніндегі сілтемелік нормативтік құжаттарды қолдану тәртібі
4. Нормативтік құқықтық актілерде ресми басып шығарылған ұлттық стандарттар мен техникалық-
экономикалық ақпараттың ұлттық жіктеуіштеріне немесе олардың құрылымдық элементтеріне сілтемелер
келтіріледі.
5. Нормативтік құқықтық актілер мәтінінде ұлттық стандарттар мен техникалық-экономикалық
ақпараттық ұлттық жіктеуіштерінің жобаларына сілтемелер келтіруге рұқсат етілмейді.
6. Егер нормативтік құқықтық актілерде бұл туралы нұсқаулар берілсе, нормативтік құқықтық актілерде
стандарттау жөніндегі сілтемелік нормативтік құжаттар нақты техникалық талаптарды бекіту үшін келтіріледі
және міндетті болып табылады.
7. Сілтемелер тағайындалуы жөніндегі тікелей және жанама болып бөлінеді.
8. Нормативтік құқықтық актілерде стандарттау жөніндегі сілтемелік нормативтік құжаттарға тікелей
сілтемелер беру белгілі бір талаптарға сәйкестікке қол жеткізудің жалғыз жолы көрсетілген стандарттау
жөніндегі сілтемелік құжаттардың талабын сақтау болып табылатын жағдайда келтіріледі.
9. Стандарттау жөніндегі сілтемелік құжаттарға арналған тікелей сілтемелерді белгілеулер мынадай
түрлерге бөлінеді:
1) күні қойылған, егер нормативтік құқықтық актіде стандарттау жөніндегі сілтемелік құжаттың белгіленуі,
бекітілген жылы мен атауы көрсетілген болса (мысалы, ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар», ҚР МЖ 03-2007 «Экономикалық қызмет түрлерінің жал-
пы жіктеуіші (ЭҚТЖ)»);
2) күні қойылмаған, егер нормативтік құқықтық актіде стандарттау жөніндегі сілтемелік нормативтік
құжаттың бекітілген жылы көрсетілмей, тек оның белгіленуі мен атауы көрсетілген болса, (мысалы, ҚР
СТ 1125 «Жол белгілері. Жалпы техникалық шарттар», ҚР МЖ 08 «Қазақстан Республикасында жоғары
және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуіші»).
10. Қайта қаралған жағдайда күні қойылған стандарттау жөніндегі сілтемелік нормативтік құжаттар
олар келтірілген нормативтік құқықтық актіге өзгерістер енгізген сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.
11. Күні қойылмаған сілтемелерді қолданған жағдайда стандарттау жөніндегі сілтемелік нормативтік
құжаттардың соңғы басылымдары, оған енгізілген барлық өзгерістерімен бірге, осы нормативтік құқықтық
актіге өзгерістер енгізілусіз пайдаланылады.
12. Күні қойылмаған сілтемелер стандарттау жөніндегі сілтемелік құжаттардың құрылымдық элементіне
қолданылмайды.
13. Стандарттау жөніндегі сілтемелік құжаттарды басқаша белгіленеген құжаттармен алмастырған
жағдайда нормативтік құқықтық актіге өзгерістер енгізіледі (мысалы, ҚР СТ 935-92 «Цемент өндіруге
арналып түйіршіктелген электротермофосфорлы қождар. Техникалық шарттар» ҚР СТ 2301-2013
«Түйіршіктелген электротермофосфорлы қождар. Техникалық шарттар» стандартына ауыстырылды»).
14. Нормативтік құқықтық актілерінде стандарттау жөніндегі сілтемелік нормативтік құжаттарына жа-
нама сілтемелер белгілі бір талаптарға сәйкестікке қол жеткізу жолы көрсетілген стандарттау жөніндегі
сілтемелік нормативтік құжаттарының белгіленуі және атауы көрсетілмеген стандарттау жөніндегі сілтемелік
нормативтік құжаттардың сақталуы болып табылғанда қолданылады.
15. Мемлекеттік органдар олар қабылдаған және (немесе) олар әзірлеушісі болып табылған нормативтік
құқықтық актілерге, сондай-ақ олардың құзыретіне қатысы бар актілерге қатысты стандарттау жөніндегі
сілтеметік нормативтік құжаттарды өзектендіру қажеттілігін анықтауға талдау жүргізеді.
16. Стандарттау жөніндегі сілтеметік нормативтік құжаттарды әзірлеу жұмыстарының басталғаны және
аяқталғаны туралы ақпараттар жалпы қолданыстағы ақпараттық жүйеде жарияланады (www.memst.kz).
17. Нормативтік актілердің әзірленуіне жауапты мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық акт
тіркелген сәттен бастап мерзімі күнтізбелік он күн ішінде осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан
бойынша стандарттау жөніндегі сілтемелік нормативтік құжаттарды қамтитын нормативтік құқықтық актіні
қабылдау туралы хабарламаны уәкілетті органға жолдайды.
18. Уәкілетті орган нормативтік құқықтық актілерде оларға тікелей сілтеме берілген стандарттау
жөніндегі нормативтік құжаттар туралы ақпаратты жинауды жүзеге асырады.
19. Уәкілетті орган нормативтік құқықтық актілерде оларға тікелей сілтеме берілген стандарттау
жөніндегі сілтемелік нормативтік құжаттар туралы ақпараттарды ресми ақпараттық басылымдарда (ка-
талогтар, стандарттау жөніндегі көрсеткіштер), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және
даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің жалпы қолданыстағы интернет-ресур-
сына www.memst.kz орналастыруды ұйымдастырады.
Стандарттау жөніндегі сілтемелік нормативтік құжаттардың қолданылу қағидаларына
қосымша
Нысан
Стандарттау жөніндегі сілтемелік нормативтік құжаттарды қамтитын нормативтік құқықтық
актіні қабылдау туралы хабарлама
Мемлекеттік орган ________________________ стандарттау жөніндегі
(Мемлекеттік органның атауы)
сілтемелік нормативтік құжаттарды қамтитын мынадай нормативтік құқықтық актілердің қабылданғаны
туралы хабарлайды:
№
Нормативтік құқық-
тық актінің нысаны
мен актіні қабыл-
даған орган
Нормативтік
құқықтық
актінің
атауы
Нормативтік құқықтық
актіні әзірлеуге жауап-
ты мемлекеттік орган
Сілтемелер берілген
НҚА құрылымдық
элементінің белгі-
ленуі мен атауы
Стандарттау жөніндегі
сілтемелік нормативтік
құжаттың белгіленуі
мен атауы
1
2
3
4
5
6
Мерзімі «___»____________ 201_
Мемлекеттік орган
басшысы (қолы) Т.А.Ә. (болған жағдайда)
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 8 қаңтарда
Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12833 болып енгізілді.
№ 147 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11183 болып
тіркелген) бекітілген «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни
мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім
беру» және «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс
жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарттарына
сәйкес ұсынған құжаттарына;
2) үй-жайлар орналасқан облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтық-
географиялық ерекшеліктеріне;
3) ұй-жайлар орналасқан облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың діни ахуалына;
4) осы Нұсқаулықтың 5, 6-тармақтарын ескере отырып, тұрақты үй-жайлар мен діни жоралар өткізуге
арналған үй-жайлардың орналасқан жеріне мұқият назар аудару қажет.
9. Тұрақты үй-жайлар мен діни жоралар өткізуге арналған үй-жайлардың тізімі облыстардың,
республикалық маңызы бар қаласының, астананың жергілікті атқарушы органдарының интернет-
ресурстарында орналастырылады.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 2 желтоқсанда
Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12337 болып енгізілді.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы
2015 жылғы 4 желтоқсан №1157 Астана қаласы
Мүдделі ұйымдардың өкілдерін стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің, стан-
дарттау жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдардың отырыстарына қатысу үшін
тарту жөніндегі қағидаларды бекіту туралы
«Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы
3-тармағының 11) тармақшасына сәйкес,
бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Мүдделі ұйымдардың өкілдерін стандарттау жөніндегі техникалық
комитеттердің, стандарттау жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдардың отырыстарына қатысу үшін
тарту жөніндегі қағидалар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және
метрология комитеті (Б.Б. Қанешев):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін
күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде,
сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу
үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және
электрондық түрде жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсына
және мемлекеттік органдардың интранет-порталына орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он
жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне
осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы
туралы мәлімет беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар
және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы
А.РАУ
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының
2015жылғы 4 желтоқсандағы №1157 бұйрығымен бекітілген
Мүдделі ұйымдардың өкілдерін стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің, стандарттау
жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдардың отырыстарына қатысу үшін тарту жөніндегі
қағидалар
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мүдделі ұйымдардың өкілдерін стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің, стандарттау
жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдардың отырыстарына қатысу үшін тарту жөніндегі қағидалар
(бұдан әрі – Қағидалар) «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы
Заңының 7-бабы 3-тармағының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және мүдделі ұйымдардың өкілдерін
стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің, стандарттау жөніндегі халықаралық және өңірлік
ұйымдардың отырыстарына қатысу үшін тарту тәртібін айқындайды.
Осы Қағидалар стандарттау бойынша халықаралық және өңірлік ұйымдарының толық құқылы
мүшелері болып табылатын Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерінің
өкілдеріне қолданылмайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) мүдделі ұйымның өкілі – стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің, стандарттау бойынша
халықаралық және өңірлік ұйымдарының отырыстарына (жұмыс топтарына, кеңестеріне) қатысуға
тартылған тұлға;
2) Стандарттау, метрология, сертификаттау және аккредиттеу бойынша Еуразиялық кеңесінің
стандарттау жөніндегі техникалық комитеті – өңірлік стандарттарды әзірлеу үшін, сондай-ақ оларға бекітіп
берілген стандарттау объектілері немесе салалары бойынша өңірлік стандарттау жөнінде дайындық және
қосалқы жұмыстарды жүргізу үшін құрылған Стандарттау, метрология, сертификаттау және аккредиттеу
бойынша Еуразиялық кеңесінің жұмыс органы;
3) стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымының техникалық комитеті – өзіне бекітілген қызмет
салаларында халықаралық стандарттарды әзірлеу үшін құрылған халықаралық ұйымның жұмыс органы;
4) стандарттау бойынша өңірлік ұйым – қызметіне қатысу тек бір ғана – географиялық, экономикалық
өңірдің тиісті стандарттау жөніндегі органдары үшін ашық болатын стандарттау жөніндегі ұйым;
5) стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым – оған мүше болу әлемнің кез келген елінің тиісті ұлттық
органы үшін ашық болатын стандарттау жөніндегі ұйым.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және
метрология комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы стандарттау бойынша халықаралық
және өңірлік ұйымдарының мүшесі болып табылатын осы стандарттау бойынша халықаралық және
өңірлік ұйымдарының стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерінің отырыстарына (жұмыс топтарына,
кеңестеріне) қатысу үшін мүдделі ұйымдардың өкілдерін тартуды жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |