• оқушылардың бағдарламадағы оқу материалын меңгеруі


Цифрлық білім беру ресурстары (ЦБР)



бет5/26
Дата07.01.2022
өлшемі104,84 Kb.
#20323
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Новые

Цифрлық білім беру ресурстары (ЦБР) – электрондық оқыту жүйесінің негізгі бір құрамды бөлігі. Олар – оқу үдерісін ұйымдастыруға қажетті сандық формада көрсетілген фотосуреттер, көркем үзінділер, статикалық және динамикалық модельдер, виртуальды нақтылық пен интерактивті модельдеудің объектілері, картографиялық материалдар, дыбыс жазбалары, таңбалық объектілер мен іскерлік графика, мәтіндік құжаттар мен басқа да оқу матриалдары.
Білім беру үдерісінде ЦБР-ды қолданудың негізгі әдістері:

Біріншіден. ЦБР-ды пайдаланудың ең танымал түрі, ол – электрондық құралды жаңа материалды

түсіндіргенде немесе жаңа сабақты бекіткенде қолдану әдісі. Бұл жағдайда анимациялық, бейне үзінділер,

дыбыстық файлдар, графикалық кескіндерді көрсету сияқты ЦБР-ды пайдаланған дұрыс.

Екіншіден. оқушының өзіндік оқу іс-әрекетін ұйымдастыруға арналған ЦБР-дағы үлкен мүмкіндіктерді

пайдалану әдісін атауға болады. Мұндай әрекет үй тапсырмасын, сынақ және т.б. даярлауда орындалуы

мүмкін. АКПО құрамына кіретін ЦБР материалдарына жобалау қызметінде де сұраныс бар. Бұл жағдайда оқу

комплексінің барлық материалдары: анимация, бейне, дыбыстық сүйемелдеу, интерактивті компоненттер,

суреттер, кестелер, графиктер, диаграммалар және қарапайым мәтіндер де пайдалы болуы мүмкін.

Үшіншіден. ЦБР-ды әртүрлі бақылауларды (кіріс, ағымдық, кесінді, қорытынды) ұйымдастыруға қолдану

әдісін атауға болады. Мұндағы бақылау-диагностикасы оқушылардың компьютерлік тестіленуі жайлы.

Төртіншіден. мультимедиялық құралдарды пайдалану арқылы ЦБР-ды нақты бір пән не бағыт бойынша

топтастыруға мүмкіндік беретін әдіс. Бұл сақталған ресурстардың қорын жасап, оларды бір жүйеге

келтіріп, оқушыға да, мұғалімге де тақырып бойынша қажетті ресурсты жылдам іздестіруге көмектеседі.

Сөйтіп, білім беру мекемесінде қарастырылатын проблема бойынша сақтаулы тұрған ЦБР, қағазда

тасымалданатын ресурстар және Internet желісіндегі сайттарға сілтемелер жайлы берілгендер банкі де

құрылуы мүмкін.

2.Тәрбие психологиясының басты міндеті жеке адамды

қалыптастырудың психологиялық механизмін зерттеу. Іс-

әрекет және жеке адамды қалыптастыру. Жеке адамның даму деңгейі мен оның белсенділігімен ара-катынасы.


Ниеттің негізгі мақсаты - адамның қажеттіліктерін анықтау.

Оқушылардың басты ниет-тілектерінің өсуі мен

қалыптастыру заңдылықтары. Оқушының өзіндік ерекшелігі

мен кісілік қасиеттерінің өзге адамдармен қарым-

қатынасында айқын байқалуы. Жеке адамның өзіндік

қасиеттерін қалыптастырудың психологиялық механизмдері.

Адамның тұғалық құрылымының өзгеру сипаты. Оқушының

мінез-құлық қасиеттеріндегі уақытша қайшылықтардың

кездесуі және олардың бірізді дамымау себептері. Тәрбие ісін

меңгеру мәселесі және оның психологиялық мәні. Адамның

сыртқы қимыл қозғалысы мен ішкі жан дүниесін билеуі.

Адамның өзін-өзі тануы мен өз басын бағалауы тәрбие

ісіндегі өзін-өзі билеу шарты. Өзін-өзі тәрбиелеу адамның өзін

билеудегі табандылығы. Оқушылардың ғылыми

көзқарастары мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып

отырудың психологиялык негізі. Еңбекке баулудың

психологиясы. Оқушыларға кәсіптік бағдар сілтеп, олардың

мамандық тандауына психологиялық тұрғыдан даярлығын

арттыру. Жас буынды тәрбиелеудегі жанұяның ролі. Тәлім-

тәрбие істерін психологиялық тұрғыдан негіздеу.

Оқушылардың тәрбиелік және әдептілік деңгейін анықтау

мәселелері, ондай қасиеттерді қалыптастырудың тірегі мен

көрсеткіштері.

Негізгі ұғымдар: жеке адам, іс-әрекет, жеке адамның

қасиеттері, қатынас, ниет, ықлас-ынта, жеке бойындағы

тұрақты адамгершілік қасиеттер, адамның өз мінез-құлқын

басқару мен өзін-өзі тәрбиелеу.

3.

Мектептегі әдебиет теориясынан берілетін білім көркем шығарма табиғатын танудың құралы, кілті болып есептеледі. Одан білім беру жеке қарастырылмайды, ол көркем шығармамен тығыз байланыста, оны оқып-үйрену кезінде қалыптасады. Оқу бағдарламасында оқушылардың жас ерекшеліктеріне, сыныптарына, онда оқылатын көркем шығармалардың сипатына қарай, берілетін білім мөлшері белгіленген.


Оқу бағдарламасы, сол бойынша жасалған оқулықтарды парақтай отырып, әрі осы сыныптардағы оқушылардың жас ерекшеліктеріне, оқылатын көркем туындылардың құрамына қарай отырып, әр сынып бойынша төмендегі жүйеде әдеби-теориялық ұғым беруге болады деп есептейміз.Қай сыныпта болмасын, әдеби-теориялық ұғымдар көркем шығарма негізінде, онымен тығыз байланыста түсіндіріледі.
Енді осы әдеби-теориялық ұғымдарды сабақтың қай кезеңінде беру тиімді – соған тоқтайық. Фольклор, ауыз әдебиеті, ертегі туралы жалпы ұғымды ертегіні бастайтын алғашқы сабақта, кіріспеде берген жөн.

Әдеби-теориялық ұғымдарды берудің келесі бір жолы – салыстырмалы жұмыстар, салыстыру әдістері.


Әдеби-теориялық ұғымдар берудің, маңызды бір саласы – әдебиеттің көркемдігі, тропа, фигуралар туралы білім беру. Бұл жұмыс көбінде көркем шығарма тіліне, поэзиялық шығармаларға поэтикалық талдау жасау арқылы, жүзеге асады.
26билет



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет