• оқушылардың бағдарламадағы оқу материалын меңгеруі


Жаңа жағдайдағы экономикалық даму



бет6/26
Дата07.01.2022
өлшемі104,84 Kb.
#20323
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Новые

Жаңа жағдайдағы экономикалық даму
Ұзаққа созылған мұнай дәуірі аяқ­талған сияқты. Әлемдік нарықтың мүлде жаңа ахуалына дайын болу керек.
Әртараптандырылған және техно­ло­гияға негізделген экономика құру – жай қажеттілік қана емес. Біз үшін бұдан басқа жол жоқ.
Сонымен қатар экономика халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталуы керек. Ұлт­тық табыстың өсімінен түсетін игілік­тер­ді әділ бөлу, тиімді әлеуметтік «лифті­лер­ді» орнықтыру жөніндегі қоғамның өт­кір талабы міндетті түрде орындалуы тиіс.
Сондықтан еліміздің жаңа эконо­ми­калық бағдары басты жеті қағидатқа негізделуі керек:
Игіліктер мен міндеттердің әділ бөлі­нісі.

Жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлі.

Әділ бәсекелестік, кәсіпкерлердің жаңа буыны үшін нарық ашу.

Өнімділікті көбейту, экономиканың ауқымдылығын және технологиялық сипатын арттыру.

Адами капиталды дамыту, жаңа үлгідегі білім саласына инвестиция тарту.

«Жасыл» экономиканы дамыту, қоршаған ортаны қорғау.

Мемлекет тарапынан дәйекті ше­шім­дер қабылдау және сол үшін қоғам ал­дында жауапты болу.
Бұл ретте біз бәсекеге қабілеттігімізді көр­­сететін артықшылығымызға және нақ­­ты мүмкіндіктерімізге сүйенуіміз керек.
 * * *
Қазақстанның алдында тұрған аса маңызды міндет – өнеркәсіптік әлеуе­тімізді толық пайдалану.
Осы саладағы табыстарымызға қара­мастан, ішкі нарықтың зор мүмкіндіктерін әлі де болса толыққанды жүзеге асыра алмай келеміз. Өңделген тауарлардың үштен екісіне жуығы шетелден әкелінеді.

Ұлттық экономиканың стратегиялық қуатын арттыру үшін тез арада қайта өңдеу ісінің жаңа салаларын дамыту қажет. Бұл қара және түсті металлургия, мұнай химиясы, көлік құрастыру және машина жасау, құрылыс материалдары мен азық-түлік өндіру және басқа да салаларды қамтиды.


Сапалық тұрғыдан мүлде жаңа ұлттық индустрияны дамыту үшін жаңғыртылған заңнамалық негіз қажет.
Өнеркәсіпті реттеу және оған қолдау көрсету мәселелері түрлі заңнамалық актілерде көрініс тапқан. Бірақ ортақ мақсат көрсетілмеген, жүзеге асырылатын саясат пен шаралардың арасында өзара байланыс жоқ. 
Сондай-ақ жекелеген секторларды не­ме­се салаларды реттейтін көптеген заң бар.
Мысалы, «Электр энергетикасы туралы» заң, «Көлік туралы» заң.
Өңдеу өнеркәсібін дамытудың қағи­дат­тарын, мақсаттары мен міндеттерін бел­гілейтін «Өнеркәсіп саясаты туралы» бірізді заң жыл соңына дейін әзірленуге тиіс.   
Өнеркәсіпке қолдау көрсетудің нақты шараларын да жетілдіру керек. Бізде жүйелі әрі біртұтас ұстаным жоқ. Соның салдарынан сансыз көп жобаға қаражатты ысырап етіп отырмыз.  
Әрине, өнеркәсіпке қолдау көрсетудің кең көлемді қамтитын ауқымды шараларын сақтап қаламыз. Сонымен бірге Үкімет стратегиялық тұрғыдан маңыз­ды өндірістерді, негізгі экспорттық басым­дықтарды айқындап, қолдау шара­ларының аясын кеңейту керек.
Стратегиялық жобалар үшін заттай грантты, қаржыландыру жеңілдігін, жекелей кепілдікті, экспорттық қол­дау тәсілдерін топтап ұсыну жолын қарас­тыру керек. Инвесторлардың қаржы­лық шығынының бір бөлігін салық төлеуден босату арқылы өтеуге болады.
Мемлекеттік, квазимемлекеттік секторлар және жер қойнауын пайдаланушылар үшін кепілді сатып алу талабын қарастыру қажет.    
Ең басты нәрсе – жобаның жүзеге асырылатын бүкіл кезеңінде заңнамалық шарттардың тұрақты болуы.   
Әрине, тек бұл шаралармен ғана шектелмейміз. Нақты қолдау деңгейі жо­баға салынған қаражаттың көлеміне және оның басымдығына байланысты болады.  
Мемлекет пен инвесторлар арасын­дағы уағдаластықтарды бекіту үшін стра­тегиялық инвестициялық келісім жасалады. Бұл – жаңа тәсіл.

Осы бастаманы жыл соңына дейін эко­номикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі заң жобасы аясында жүзеге асыр­ған жөн. Үкімет стратегиялық келі­сім­дерге енетін жобалардың топтамасын 2021 жылдың сәуір айына дейін әзірлейді. 


Өңдеуші кәсіпорындардың отандық ши­кізатқа қолайлы бағамен толық қол жет­кізу мәселесі де жүйелі түрде шеші­луге тиіс. 
Үкіметке жыл соңына дейін еліміздің өңдеуші өндіріс орындарын шикізатпен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік бере­тін реттеу тәсілдерін әзірлеуді тапсырамын.
Өнеркәсіптің дамуына реттелетін сатып алу жүйесі тікелей әсер етеді. Оның көлемі 15 триллион теңгеге жуық немесе жалпы ішкі өнімнің бестен бір бөлігін құ­райды. Үкімет пен әкімдердің міндеті – осы әлеуетті барынша пайдалану.
Менің тапсырмам бойынша мем­лекеттік органдардың сатып алу жүйесін жақсарта түсетін жаңа заң қабылданды. Бірақ ұлттық компаниялардың сатып алу жүйесі әлі де болса ашық емес және оған қатардағы кәсіпкерлердің қолы жете бермейді. 
Жыл соңына дейін квазимемлекеттік сектордың барлық сатып алу жұмыстарын реттейтін біртұтас заң қабылдауды тапсырамын. Реттелетін барлық сатып алулар барынша ашық және «Бір терезе» арқылы ғана жүзеге асырылуға тиіс.
Егер тиісті құқық қолдану тәжірибесі болмаса, заңнаманы жетілдіргеннен ешқандай пайда жоқ.
Шетелдің арзан әрі сапасыз тауарлары отандық өнім ретінде ұсынылып, сатып алу конкурстарында жеңіп шығатын кездері жиі болып тұрады. Отандық өнім өндірушілердің тізімі де, индустриалды сертификаттар да жалған өндірушілерге нақты тосқауыл қоя алмай отыр.
Үкімет «Атамекен» ұлттық кәсіп­кер­лер палатасымен бірлесіп, жыл соңына дейін Қазақстанның қамту үлесін арттыру үшін нақты ұсыныстар әзірлейді.
Осы салаға қатысты ортақ міндет – өңдеу өнеркәсібінің өндірісін бес жыл ішінде кем дегенде 1,5 есе арттыру.
Алайда бір ғана өнеркәсіп саяса­ты арқылы индустриаландыру ісін айтар­лықтай ілгерілетуге қол жеткізе алмаймыз. Ақша-несие, салық және басқа да негізгі салалардағы саясаттың нақты сектор сұранысынан алшақтап кетпеуінің ма­ңызы зор. Бұған әлі толығырақ тоқта­ла­мын.  

2. Ес[1]— адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін ойында ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті, жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі. Адамның есте сақтау қабілеті үнемі дамып, жетіліп отырады. Ертедегі грек философы Аристотель әр түрлі нәрселер мен бейнелердің есте


әсерлену (яғни сақталу) сипаттарын үш топқа бөледі:


  • әсерленген нысанның белгілі бір кеңістік пен уақытқа ұштаса қабылдануы;




  • әсерленген нысанның басқа бір нысанға өзара ұқсастығы;




  • олардың бір-бірінен айырмашылығы мен қарама-қарсылығы.

Есте сақтаудың тиімді әдісі қажетті материалдарды жаттап алу. Ғылымда есті дамытуға арналған жаттау тәсілін мнемоника (жаттап алу амалы) деп атайды. Қайта жаңғырту еріксіз және арнайы болып екіге бөлінеді. Еріксіз қайта жаңғырту — мақсатсыз жүзеге асады. Мысалы, музыканттың белгілі ән-күйлерді күнде орындауы. Арнайы қайта жаңғыртуда белгілі мақсат болады. Адам оған өзінің ерік-күшін жұмсайды, арнайы әдіс-тәсілдер қолданып, бұрынғы қабылдағандарын қайта жаңғыртады. Ұмыту дегеніміз — қабылдағанды, есте қалдырғанды қажет болған кезде еске түсіре алмау, танымау. Ұмыту жүйке қызметінің күйіне байланысты. Жүйке жүйесі әбден шаршағанда не ауруға ұшырағанда адамда ұмытшақтық пайда болады. Мұндай құбылыс психологияда амнезия деп аталады. Бұл құбылыстар мидағы тежелу, өшу заңдылықтарына байланысты. Бірақ ұмытылған нәрсе бір кезде жаңғырып, еске түседі. Бұл ес процесінде реминисценция делінеді. Есті дамытып, жетілдіріп отырудың басты шарты — адамның әр түрлі іс-әрекеттері. Ақыл-ойды тарих жасаған білім қорымен үнемі байытып отыруға ұмтылу естің мән-мазмұнын тереңдете түспек. Қазіргі кезде ес туралы түрлі анықтамалар мен теориялық болжамдар бар. Осы орайда, бүгінде естің механизмі мен оның заңдылықтары жайында қалыптасқан психология және нейропсихология бағыттарға қосымша үшінші бағыт — биохимиялық тұрғыдан зерттеу қосылып отыр. Сондай-ақ, есті бұлармен қатар кибернетика ғылымы тұрғысынан зерттеуде де едәуір қалыптасқан жүйелер бар. Соңғы жылдары ес психологиядан басқа ғылым салалары арқылы да қарастырылуда.

Ес түрлері үш негізгі белгіге байланысты бөлінеді:


Психикалық белсенділікке қарай





  • Сезімдік ес - бұл адамның басынан өткізген сезімдерін есте қалдыру;




  • Бейнелі ес - заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақты бейнесін есте қалдырып және қайта жаңғырту;




  • Сөз логикалық ес - бұл адамның ойыныңтүрлі формаларын есте қалдыруды айтамыз.

Мақсатқа қарай




  • Ырықты ес – түрлі мәліметтерді есте сақтауға саналы мақсаттың қойылуы;




  • Ырықсыз ес – адамның мақсат қоймай материалды есте сақтауы.

Материалды есте сақтау ұзақтығына қарай







  • Ұзақ мерзімді есте қалдыру (Ұзақ мерзімді ес);




  • Оперативті ес - өзімізге керекті материалдарды дер кезінде еске түсіру, есте сақтау және қайта жаңғыртуды айтамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет