• оқушылардың бағдарламадағы оқу материалын меңгеруі



бет3/26
Дата07.01.2022
өлшемі104,84 Kb.
#20323
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Новые

Алгоритмдік деңгей:

өткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет болады;

оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар: логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар;


Эвристикалық шығармашылық деңгей:

танымдық ізденім түріндегі тапсырмаларды орындау барысында жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс. Мұндай жұмыс – анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізгісін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді. Мұндай есептерді шешу барысында оқушылар жаңа есептерге тап болады да, проблемалық жағдай туындайды. Оны шешу үшін оқушы жаңа әдістер іздеуі керек;

өздігінен мысалдар мен есептер құрастыру және оны өздігімен шығару, өмірден алынған мәліметтерді диаграмма, графиктер салу арқылы жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекі құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар;

оқушыларды белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың икемділігін байқататын дүние жасап шығуы негізделген (теорема дәлелдеу, заңдылықтарды оқулыққа сүйенбей мұғалімнің көмегінсіз қорытып шығару);

олимпиада есептерін шығару;

берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, баяндамалар дайындау. Демек бұл тапсырмалар – оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады.


1-деңгейдің тапсырмаларын орындап үлгерген оқушыларға қалау бойынша 2,3-деңгейлік тапсырмаларды орындау тапсырылады. Нәтижесінде, оқушылардың табиғи қабілеттері мен дарындылық қасиеттерінің ашылуына және дәстүрлі оқытудағы келесі проблемаларының шешілуіне жақсы жағдай жасалады. Олар:

  • әр оқушының барлық пән бойынша толық үлгеруіне кепілдік алуы;




  • оқушының «екі алып қалу», «үлгермей қалу» үрейінің жойылуы;




  • әр оқушыға үй тапсырмасын саралап беру проблемасы шешіледі;




  • оқушыны бағалаудағы әділетсіздік проблемасы шешіледі;






  • оқушылардың мемлекеттік стандартты талаптарына сай білім алуын қамтамасыз ету.

Оқушылардың күнделікті сабақта алған білімі мен іскерлігін үнемі тексерудің мәні зор. Бұл оқу процесінің ең қажетті элементі.

3.БАТЫРЛАР ЖЫРЫН ОҚЫТУ


Батырлар жыры — ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі.  Қаһармандық эпос деп те аталады. Батырлық жырлар халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеум.қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді. Бірақ онда тарихи оқиғалар тізбегі өмірде болған қалпында емес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты өріледі. Бас кейіпкердің жүріс-тұрысына, өзге елге ерлік сапарға шығуына және өз елін жаудан азат етуіне байланысты оқиғалар бір қаһарманның маңына топталып, соның бейнесін ашуға қызмет етеді. Эпос желісі белгілі бір тарихи дәуірге табан тіреп, соны көрсетіп отырғанымен, оған көбіне түрлі заманның оқиғаларын бір қаһарманға теліп жырлап беру тән. Батырлық жырлардың осы өзгешелігіне байланысты ғылыми ортада көптен бері түрлі тұжырымдар орын алып келеді. Ресейлік зерттеушілер (Б.А. Рыбаков, Р.С. Липец, т.б.) және кейбір қазақ ғалымдары (Әлкей Марғұлан, Әуелбек Қоңыратбаев, т.б.) эпостық жырлардағы тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғаларға сүйене отырып, жыр мен тарихтың жақындығын тілге тиек етсе, енді бір топ ғалымдар (В.Я. Пропп, Б.Н. Путилов, т.б.) эпостың нақты тарихи оқиғаларға қатысы жанама түрде ғана көрінеді деген пікірді алға тартады. Мыңдаған жылдық тарихы бар қазақ эпосының шығу дәуірін, жанрлық түрлерін ішкі көптеген ерекшеліктеріне қарай топтастыру оңай іс емес.

Батырлық жырларын пайда болу кезеңдеріне қарай ірі үш топқа жинақтауға болады:




  • 1) “Ең көне заманғы эпос”, “ертегілік эпос”, “архаикалық эпос”, “көне эпос”, “мемлекетке дейінгі эпос” дейтін атаулар ғылымда алғашқы кезеңдегі эпостық жырларды атау үшін қолданылып жүр. Бұлардың қатарына “Ергенеқон”,  Ер Төстік, мергендер туралы эпостық жырлар жатқызылады.




  • 2) Тарихи кезеңдердің эпосы: Түрік қағанаты, Оғыз хандығы, ноғайлы дәуірі, Қазақ хандығы кезеңіндегі эпостар (“Қорқыт Ата кітабы”, “Алпамыс”, “Қамбар”, “Қобыланды”, “Ер Тарғын”, т.б.).




  • 3) Жаңа дәуір эпосы (тарихи жырлар, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты жырлар, “Еспенбет”, “Өтеген”, “Нарқыз”, т.б.).

Батырлық жырлар байырғы көне эпостың жалғасы ретінде дами отырып, қоғамдық қарым-қатынастың, саяси-әлеуметтік жағдайлардың өзгеруіне, бұрынғы жекелеген рулар мен тайпалардың біртіндеп халық болып құрала бастауына сәйкес қалыптасты. Осыған байланысты бұрынғы мифтік түсініктердің іргетасы сөгілді. Қайшылық, күрес идеясының түпқазығы болып бұрынғы кездегідей дию-перілер


емес, енді адамдар дүниесіндегі (басқа діндегі, тілдегі, мемлекеттегі) қайшылықтар тақырыбы алынды. Мифтік дәуірден бері қалыптасып келе жатқан батырға қаһармандық дәуірде жеке отбасы, үй-іші, қалыңдық үшін күреске шығу секілді әрекеттер жеткіліксіз еді. Енді оның ерлігі біртіндеп халықтың бостандығы, елдің бірлігі, көптің тілегі мен мүддесі үшін қызмет етуі керек болды. Мұның бәрі байырғы миф пен көне эпостың жанрлық белгілерін өзгертіп, мүлдем жаңа жанрдың — Батырлық жырлардың қалыптасуына жағдай жасады. Дегенмен, байырғы көне эпостың дәстүрі негізінде пайда болған Б. ж. бірқатар архаикалық белгілерін сақтап та қалды. Солардың бірі — батырдың болашақ жарын іздеп шығуы және осы сапарда кейбір қиыншылықтарды жеңуі. Мәселен, “Қобыланды”, “Алпамыс” жырларындағы батырдың алғашқы жорықтары осымен байланысты. Алайда, бұл жорықтың мәні біршама бәсеңдеп, жырдың түпқазығы батырдың елі-жұртын азат етуге аттанған сапарларына ауысқан. Қазақ батырлар жыры жайында алғаш пікір айтып, зерттеу жүргізген ғалымдар — В.В.Радлов, И.Е.Березин, Г.Н.Потанин, Ш.Ш.Уәлиханов, Н.И.Ильминский, А.Е.Алекторов, Ә.А.Диваев. Олардың әрқайсысы әр кезеңде болса да, қазақ ауыз әдебиетінің соның ішінде батырлар жырының молдығын, өзіндік ерекшелігін атап көрсетті, көркемдік және мазмұндығы сапаларына шолу жасады. Сонымен бірге олар ел ауызынан эпос үйгілерін жинап хатқа түсіруде, жыр нұсқаларын бір-бірімен салыстырып баспаға даярлауда, орысшаға аудартып, түсініктер жазуда көп еңбек етті.

24 билет.

1.Белсенді оқыту мен оқудың белгілі бір әдісін пайдаланардың алдында мұғалімдер өздеріне әртүрлі сұрақтар қойып, өзінің үдерістегі рөлі мен іс-қимылын ұдайы ойластырып отыруы керек.

Белсенді оқу тәсілі жаңа білімді бұған дейінгі біліммен байланыстырады, қателіктер бізге өзімізді тексеріп, түсінігімізді жетілдіруге жол ашып, нәтижесінде терең білім мен көзқарасты өзгертеді. Белсенді оқуда өз тәжірибесінің негізінде үйреніп, оқушыларға эксперимент жасап, мәнін ұғынып, түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бірлескен оқу тәсілі құрылымдалған топтық жұмыстан тұрады. Бұл әдісте тұлғааралық қарым-қатынас дағдылары жетіліп, ақпарат алу және жоғары деңгейлі ойлау дағдылары дамиды.

Оқу пәндері арасында байланыс орнату білім беру бағдарламасының аясын кеңейтіп, теңестіреді, тереңірек білім алуға мүмкіндік береді, көптеген дағдыларды қалыптастырады, түсінік пен дағдыларды дамытуға көмектесе алады, оқудың анағұрлым саналы меңгерілуіне көмектеседі, оқуға деген уәжді арттыра алады.

Оқушылардың қажеттілігін қанағаттандыру тәсілінде оқушылардың оқуға қолдау көрсету мақсатында тексеру және кері байланыс ұсынылады. Яғни, уәжді және өзін-өзі бағалау деңгейін арттыра отырып қай бағытта оқыту керектігін анықтауға көмектесеміз. Сонымен бірге оқушылардың өз жұмысын жақсартуына мүмкіндік беріп, оқушылардың барынша тиімді оқу жолдарын түсінуіне көмектесеміз.

Топтық жұмыс барысында мұғалім барлық топтардың жұмысын бақылауы тиіс. Топты бақылауды тапсырманы орындауға қатысумен бірге жүргізуге де болады. Жауаптарды бағалаудан кейін мұғалім оқу мақсатына жетуге ұмтылған топтарға қайтадан келіп, олардың оқу мақсатына жетулеріне тағы бір мүмкіндік беруіне


болады. Бұл жағдайда білім алушыларға жаңа идеяны тұжырымдауды, екі (немесе одан да көп) идеяны салыстыруды, идеяларды бағалауды, топтық талқылаулар негізінде қорытынды жасауды, сұрақтарға жауап беруді ұсынады.

Электронды оқу және жаңа технологияларды пайдалану белсенді оқудың қызықты тәсілдеріне жатады. Бұл оқушының уәжін арттыра және зерттеу жүргізу, қарым-қатынас жасау, ынтымақтастық орнату және тапсырмаларды тиімді іске асыру үшін қолданылады. Оқушылардың ақпарат іздеп, өз тәсілдерін табуына мүмкіндік бере отырып, олардың өз үлесін қосуына септігін тигізеді, сыныптан тыс өз бетінше білім алуға мүмкіндік беретін тәсілдердің бірі болып табылады.

Модельдеу тәсіл іске асып жатқан ойлау үдерістерін түсіндіре отырып мысал ұсыну, яғни оқушыларды бір мезгілде пән мазмұны туралы ойлануға және сарапшы ретінде әрекет етуге жетелейді. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуіне көбірек мүмкіндік беріп, тапсырманы кезеңдерге бөледі және үдеріс туралы ойланып, рефлексия жасауға ынталандырады. [4] Саралау тәсілі әр оқушының оқудағы қажеттіліктерін қанағаттандырып, жекелей түсінік пен дағдыларын тереңдейді. Сонымен бірге, өзіне деген сенімі мен оқуға деген уәжін артады, оқушыларға идеяларды тереңірек түсінуге көмектесе отырып, шығармашылыққа ынталандырады. Саралауда барлық оқушылар үшін тиімді, барлық оқушылардан күтілетін нәтижені арттыра алады.

2.Жасөспірім шақтың біраз бөлігі орта мектептің жоғары сыныбына сәйкес келеді және жеке тұлғаның қалыптасу процесінде айтарлықтай маңызды рөл атқарады.

Бұл жаста /15-17 жаста/ адамның тұлғалық жағынан пісіп-жетілу кезеңі аяқталады, оның өмірге көзқардсының негізгі сипаттары қалыптасады- үлкен өмір алдындағы ең алғашқы рет өз бетімен шешім қабылдап, болашақ кәсібін тандау міндеті жүзеге асырылады. Қоғамда балалық шақтан жастық шаққа өту кезені тек қана оның тұлғалық жағынан пісіп-жетілуінің ғана белгісі емес, сонымен бірге мәдениетке ұмтылу, белгілі бір деңгейіндегі білім, нормалары мен дағды жүйесін игеруі, сол арқылы жеке тұлға еңбек етіп, қоғамдық қызметтер атқара алады және әлеуметтік жауапкершілікті сезінеді.Жасөспірім шақ пен жастық шақтың арасында ап-айқын көрініп тұрған аралық шек жоқ, ол шартты түрде ғана алынады, тіпті көп жағдайда бірімен — бірі үйлесімді болып келеді. 14-15 жаспен 16-17 жас аралықтары кей жағдайларда ерте жастық шақ болып есептеледі, ал кейбір жағдайларда жасөспірімдік шактың соңы деп атылады. Жас шамасы бойынша кезеңге бөлу схемасында жасөспірімдік шақ бозбалалар үшін 13-16 жас, қыз балалар үшін 12-14 жас, ал жастық шақ жігіттер үшін 17-21 жас, қыздар үшін 16-20 жас болып анықталған.16 жасқа келгенде мінездегі тепе-теңдік тағы да орнығады: келіспеушілік күйдің үнемі жоғары болуымен алмасады, өзіне өзі ие бола алу қабілеті де артады, әсерленгіштігінің де қалыпқа түскені, көпшілдігі, болашаққа деген зор сенімі аңғарылады.

Бозбалалық шақ деген ұғым әрқашан да өтпелі кезең, жыныстық жағынан жетіту болып табылатын физиологиялық процесс деген ұғыммен тығыз байланысты. Физиологиялық бұл процес шартты түрде екі фазаға бөлінеді:

а) пубертаттық кезеңнің алдындағы немесе дайындық кезені;

ә) өзіндік пубертаттық кезең, бұл кезеңде жыныстық жетілудің

негізгі процестері жүзеге асырылады;

б) пубертаттық кезеңнен кейінгі кезең, бұл кезде адам ағзасы толық физио-


биологиялық жетілу деңгейіне жетеді.

Егер осы бөлінулерді әдеттегі жас мөлшері бойынша біріктіріп қарайтын болсақ, пубертаттық кезеңнің алдындағы кезен жасөспірімдік шаққа дейінгі кезенге сәйкес келеді, ал пубертаттық -жасөспірімдік кезенге, пубертаттық кезеңнен кейінгі кезең -жастық шаққа сәйкес келеді.

Жастық шақ ақыл-ой қабілеттілігі артуының маңызды кезеңі.

Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі шираңтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Балалардың өсіп-жетілуінің бір сатысынан екіншісіне көшуі кездейсоқ емес. Әр жастағы кезеңге тән психологиялық ерекшеліктердің үштасуын жиі байқауға болады.


Сана-сезімнің, дене күш-қуаттарының дамуы адамдардық жас ерекшеліктеріне байланысты. Баланың жасы өскен сайын бойлары өсіп, денелері тұлғаланып, ақыл-саналары дамып, білімдері тереңдей бастайды. Балалардың жас ерекшелігін есепке алу, Оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі. Қоғамда атқаратын рөлі, белгілі құқығы бар адамды жеке адам деп түсінеміз. Ал, қалыптасу дегеніміз — адамның жеке басының дамуы мен тәрбиесінің нәтижесінде жетілуі, саналы өмір сүруге дайын болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет