де
сүрай бастадық.
— Не сөзіңіз бар?
— Ж үрт тыншыды ма?
— Біздің қазақта сөз жоқ деп айтуға
да болмайды һәм тыныштық деп
айтуға да болмайды. Сайлау сөзі
партияның сөзі, қала берсе, үрлық
сөзі болады. Бүрын-соңды бүлардан
басқа сөздер қазақ арасында жоқ еді.
Сол жоқ сөздер біздің Ж ақсыбайда
табылып түр.
— Біздің қазақтан махүрым қалып
жүрген ол не нәрсе?
— Шырағым, жасымыз біразға келіп
еді, мүндай ісгі көргенім де жоқ, һәм
естігенім
де
жоқ.
Бүрынғыдан
қалған сәз бар еді: „Ақырзаман бо-
ларда кемпір мен шал жігіггік
қылар" деген сол болды ма деймін.
Біздің Ж ақсыбай болысының ал-
тыншы ауылында бір Ж үмабай
дейтүғын шал бар еді, жасы жетпісте.
О ны ң жігіт ағасы болған үш-төрт
балалары да бар, кемпірі бар, ауқаты
тәуір. Сол Ж үмабай әне күні күзем
алыпты киіз басуға. Үш-төрт бойжет-
кен
қыздар шақырыпты.
Біреуі
оның немере қарындасы, біреуі
Көшпелінің қызы, өзгесі көршілері.
Ө зінің қарындасы мен Көшпелінің
қызын үйіне алып қалып; тоқты сой-
ып, қонақ қылыпты. Ас артынан
қонақтары сыртқа шықса, Ж үмабай
бір таса жерде түрып Көшпелінің
қызын үстап алып, жігіттік қамын
қызға баян қыл^ыпты. Қыздың жалы-
нып, жібер деп бірнеше қайта
айтқан
сөзін
шал
Ж үмабай
тындамай қүшақтай бастапты.
Сол жерде Көшпелінің қызы мен
Ж үмабайдың қарындасы бірігіп,
Жүмабайды көтеріп үрып, ендігі
қалған күнін қүрбан қылғандай
қылып сабайды. Өлтіруге де ойлары
бар екен, көлденең кісілер келіп
айырып алыпты. Көп жатып Жүма-
бай азар адам болыпты.
Сол адамды көремін деп Қаратөбе
базарында мен көп әуре болдым, ба-
зардан
тапқызбады.
„Ж ақсы ны
көрмек үшін" деген. Қой шырағым,
ондай жанға әуес болма! Әуес бол-
121
і
сад, тәуір жанға әуес бол. Ж ам анды қ
аяқты ң астында, ж ақсы лы қ тау ба-
сында, ж ақсы лы ққа жету қиын, жа-
манды ққа оңай деп үгітті айта
бастаған мезгілде қоңы рау болып,
класқа кіріп кеттік.
Ж үм абай ды ң хақында сүрастырып
көрсем, ол мүнан бүрын да осындай
үш-төрт іс істеп жазада қалған адам
екен.
,.ч-
Біздің қазақты ң жетпіс-сексендегі
шалдары
он
бес-жиырмадағы
қыздарды некелеп алады деп бойы-
мызға
ішкен
асымыз
тарамай
жүргенде мынау не деген сүмдық.
С. Б . Алаиш нек.
Әй, қ а за қ
Дүниеге бір күн хош қалмаймыз ба,
Шамдай сөніп бақиға бармаймыз ба?!
Қ ардай еріп ғүм ы ры ң із тастамай,
Төсек ғып қара жерден алмаймыз ба?
Көз тоймай дүни-дүниең
сыртга қалып,
Тоғыз көз ақиретте жалмаймыз ба.
О нда байлық, патш алы қ
сенен қашар,
Ешбір ж ақы н табылмас есік ашар.
Сүм дүние опасы жоқ артта қалып,
Күндіз-түні қараңғы түман басар.
Астың сыз, қорған ы ң тар,
тән ің сылық.
М үны ойлап әруақытта көңілім
нашар,
Сонда қи ы н сөз сөйлеу бас көтеріп,
Ғаділдікті қолға алу ақш а беріп.
Көп ақш аға болыстық шын беретін.
Ү лықтарың түк бермес ж ақын келіп,
Неше жыл осы ретпен көрде жатып,
С үйегің босқа қурар тәнің еріп.
Көптен бері ойлаушы ем мен бёйшара,
Сіздер мүны қолға алып ойлап қара.
Екі өлмек жалғыз жанға ғаділ емес,
Ө лсін өтірік жалғанда болып пара,
Ж ү р егім н ің түбіне көз жіберсең.
„Рас" — дёп айтар едің „толған жара"
Ж үрегім ішім өрт боп, апыр-тапыр.
Д үш панға дүрдиемін болып батыр,
Дәретсіз п ы ш ақ салып былғаса да,
Қ азағы м бас көтермей үйықтап
жатыр.
Ж о л қайда, ғылым қайда,
ж ары қ қайда?
Ізденбей аянаты н енді не түр?
Қ ай р ан жүрт ш ы н адасып кетемісің,
Ж е р үш ін м алы ң сатып бітемісің,
Болмаса, бала оқытып, ғылым іздеп,
Әр итке адамш ылық жетемісің.
Лапылдап келіп қалған өртке кетпей,
Көпірден анау түрған өтемісің!?
Бүл бір жүмбақ, ойландым,
шеше алмадым,
Ерте ойландым, сандалдым, жете
алмадым,
Ішім толған қан, жара,
сыртым дүрдей.
Надандық қақпаны нан өте алмадым,
Талаптан^ым, талпындым,
көп ойландым.
Шеңгелінен зорлықтың кете алмадым,
Мен шаршадым, қаламым,
сен де тоқта,
Кім естіді сөзінді, ісің жоқ па?!
Қанш а айтсаң да тілінді қазақ алмас,
Ж азған өлең сырыңды көпке жаяр,
Қой тоқта, ж олығарсың атқан оққа.
Дәрияны бір тамшы сүт ағарта ма,
Ғаділдік үстін болмақ бақ арта ма?
Ш ындық пен өтірікті айы рм асаң,
Тарихында ж азылар қара таңба!
Бір бес күнге аптығып, аңғалданып,
Адамшылық туынан босқа қалма.
Туыппыз ж иы рмасы нш ы ғасыр
саясында,
Арналсын бүл қазақты ң баласына.
Адасқан алаш ыңды жолға бастап,
Ж үректің дәрі ізделік ж арасы на.
Көзіңді аш, таң келеді, оян қазақ,
Мәз болмай кісіліктің жаласына.
К . Найманск.
Ж аңа кітап
„Маса" — Ахмет Байтүрсынов
шығарған Орынборда.
„Дін уа мағиіі г" мүтбағасында ба-
сылған, бағась ж иы рм а тиын.
Бүл кітаптың ііығарушысы жүйрік
жігіт екендігі ф б ір сөзінен көрініп
түр. Әсіресе „Қ азақ салты", „Қ азақ
қалпы", „Достыма хат", һәм „Ж иған-
терген" нағыз сап-дүрлер.
Ж алғы з-ақ біздің айтатүғынымыз
жазу емлесін біразы рақ түзеп жазу
керек еді. Ж азуш ы сы қ ар а ха-
лы қты ң түсінуіне жақындатып жаз-
бақшы болғандай көрінеді, Іликин
ол о кітапты қар а халықтан да
көбірек оқығандар оқиды ғой. О лар
емленің бүзылғанына дым-ақ р и за
болмаса керек және тағы ондай әдеби
кітаптарды оқитүғын бір ғана қ а за қ
емес, былайғы түркі туғандарымыз
да оқиды. С оны ң үш ін де орта*
сөздерде ортақ емлені үстау керек
еді. Кітап жазуш ыны біз білсек те,
1 2 2
өзі кітапқа тура есімін қоймаған соң,
біз де атын атамадық, іликин біздің
білуімізше атын жазу керек еді.
Кітаптың көп сатылуына жәрдемі бо-
лар еді.
Шахзаман мырзага
Мырза! Көзіңіз шатынап, шеке та-
мырыңыз шығып, аузыңыз көпіріп
таласқа кетіп барасыз. Таластан
қазақ баласы пайда тауып жүрген
жоқ. Сабырменен отырып, ойласып
іс істелік. Қ азақ тіліндегі дыбыстар-
ды көп я аз деп көрсетіп, борышыма
берейін деп отырғаным жоқ қой.
Мақсат
сіз
болып,
біз
болып,
ғақылдасып отырып, дыбыс басына
хәріп белгілеп, жазуымызды бір
жөнге салалы қ деген. Осы күнде
әркім әртүрлі жазып жүр. Бір жөнме-
нен
жазылатын
жазу
жоқ.
Ж азғаны м ы зды ң қате я дүрыстығын
айы рарлы қ
емле
жоқ.
О ны ң
жоқтығы қазақ тіліндегі дыбыстарға
ашып арнаған хәріптер жоқ. Бір
сөзді екі кісі екі түрлі жазады. Хәтгә
бір кісінің өзі де бір сөзді екі түрлі
жазады. С оны ң екі түрін жазғанша
бір-ақ түрін дүрыстап кесіп айтсақ
болмай ма? Сіздің жазған сөзіңізді
байқаймын, қазақты ң тілінде не һәм
нендей дыбыстар бар екен деп еш
уақытта
ойланып
қарамағансыз.
Өзгелердің қазақ тіліндегі дыбыстар
турасында жазғанын оқымағансыз.
Дыбыс пенен хәріп екеуін бір затқа
санайсыз. Мен қазақ тіліндегі дыбы-
старды
айтамын,
сіз
арабтың
хәріптерін алып келіп көрсетесіз.
Сіздің
қарауыңызш а,
араб
хәріптеріне дүрыс келетін дыбыстар
қазақ тілінде бар болмақшы, дүрыс
келмейтін дыбыстар тіпті жоқ болма-
шы.
Олай
болғанда
арабтың
хәріптері қазаққа келмей түрған
уақытта қазақта ешбір дыбыс бол-
масқа керек қой. Араб хәріпінен
бүрын қазақ сөйлемеді дейсіз бе? Біз
ойлаймыз, қазақ араб хәріпінен
бүрын да сөйледі деп. Сөйлеген соң
дыбыстары да болды деп, Ол дыбы-
стардың араб хәріптеріне тура ке-
летіні де бар, келмейтіні де бар деп.
Бәрі тегіс келмейтін себебі, араб
әліппесі
қазаққа
деп
арнап
шығарған әліппе емес» араб тіліне
арнап
шығарған.
Әр
халықтың
тіліндегі
дыбыстардың
ішінде
бөлектік болады. Бірінде бар дыбыс,
бірінде жоқ болуға ықтимал. Сіз
қалай ойлайсыз? Араб әліппесінде
тура келетін хәріпі жоқ дыбыстары-
мызды тіпті жоқ қылу керек пе?!
Негізінен ойлаңызшы, тіл хәріп
үшін шығарған нәрсе ме? Болмаса,
хәріп тіл үшін шығарған нәрсе ме?
Әлбетте хәріп тіл үшін шығарған
нәрсе, олай болса, хәріпі жоқ деп
тілдегі дыбысты жоғалту емес, ол ды-
бысқа жоқ хәріпті іздеп табарға ке-
рек. Ол жалғыз бізде емес, өзге
жүртта да болған.
Бүл
ойыңыздың
негізгі
қатесі.
Негізгі қате болған соң арман қарай
басқасы да қатә бола береді. Қ азақ
дыбысының бәрі де жарты дауысты
дыбыс дейсіз. Оны да қазақ сөзін
алып,
дыбысын
қарамай,
араб
хәріптеріне қарай айтасыз. Мысалы,
„Баран" деген қазақта да, орыста да
сөз бар. „Бор" — деген қазақта да,
орыста да сөз бар. Бор осындағы „аи,
„о" дыбыстарын орыстар жарты дау-
ысты дыбыстар демейді. Олардың:
„о", „а" дыбыстарынан „о", „а" дыбы-
старымыздың еш кемдігі болмаса,
біз қалай жарты дауысты дейміз. Бүл
дыбыстарды жарты десек, қандай
дыбысты бүтін деп айтармыз? Қ азақ
тілінде тіпті „о" дыбысы жоқ дейсіз,
„бор", „боз", „жол", „ол" мүнан басқа
да ішінде „о" келетін сөздер толып
жатыр, бүларды қазақ сөзі емес
дейсіз бе? Біз бүларды қазақ сөзі
дейміз, һэм олардың ішіндегі дыбы-
стардың бәрі де қазақ тілінде бар
дейміз.
„ы" дыбысы жоқ дейсіз, аз-азы, бар-
бары,
жар-жары,
бас-басы.
Бүл
сөздер қазақ сөзі емес пе?
„Э" дыбысы қазақта „ие" емес, „іе"
-ге жақын дейсіз. Мен қазақ тілінде
бүл дыбыс қандай екенін бек жақсы
білемін, бірақ арабта тура келетін
хәріп болмаған соң „ие" менен жаза-
лы қ деймін. Мүнан гөрі „іе" менен
жазу қолайлы десеңіз, олайда жазып
көрелік. „Ер" деген сөзді сізше „ір"
деп жазу қолайлы болмақ. „Кесек"
деген сөзді сізше „кісек" деп жазу
қолайлы болмақ.
„Керек" сізше
„кірек" деп жазылмақшы. Қайсысын
жазу қолайлы һәм не үшін қолайлы,
сіз айтпасаңыз мен айта алмаймын.
Астына
екі
ноқат
қоюды
қолайлағаным
бүрынғы
жазып
жүргенімізден тым алыс болмасын
деген еді. „Іе" я „ие" қолайлы көп
үнатқаны болсын.
123
і
С іздің ай тқан ы ң ы з ша, ж, ф қазақ
дыбыстары болмақшы. Ж қазақ
тілінде бар дейсіз де сөзіңізді ажбат-
тау үш ін ж урнал деген сөзді көрсе-
тесіз. Бүл сөз қазақ сөзі емес,
ф р ан ц у з сөзі ғой. Әңгіме қазақ
тілінде қандай дыбыстар бар һәм
оларды қандай хәріптерменен жазу
турасы нда. Ф ранцуз дыбыстарын
қоя түрып, әуелі өз тіліміздегі дыбы-
старға хәріп арнап, сөзді бір жерге
қоялы қш ы . Ф дыбысы қазақ тілінде
бар дейсіз де, қай сөздерге жазыла-
ты ны н көрсетпей, азы р ақ әдіс айтып
бүлтарып кетесіз. Ф дыбысы бар
сөздер
қазақта
есепсіз
көп
болғандықтан жазып көрсетпеймін
дейсіз. Есепсіз болса, бәрін жазуға
мүмкін емес, бірақ бір-екеуін жазып
көрсетсеңіз, қ азақ тілінде ф дыбысы
рас бар екенін көрер едік. Көрсетпей
түрған ы ң ы з
көптігінен
емес,
ж оқтығынан
болар.
О лар
әдіс
жүмсайтын бүл ісіміз қазақты ң сай-
лауы емес еді, бірақ өзіңізге үнағаны
сол ш ы ғар. Ө зің із айтқан Ахметһәди
М ақсүды кітабында һәм „төте оқу"
кітабында осы екі дыбысты я ноғай,
я қ азақ сөздерінде бар деп көрсетпе-
ген ғой. Ж дыбысын оры с сөздеріне
жазған.- Бір дыбыс жуан да жіңіш ке
айты латы н болса, оны ң екі түрлі
айты лғаны на екі хәріп алмаймыз.
О ндай ды бы старды ң жуан-жіңіш ке
айтылу ы қтияры дауысты дыбыстар-
да
болады.
Ол
жалғыз
біздің
тілімізде емес, басқа тілде де солай.
Ө зің із ойлап қараңы зш ы , осы күнде
ж азы п ж үрміз. Бас, басқа, басқару,
бастыру, атау, тау, айту, тура бас-
тапқы төрт сезде С дыбысы екі түрлі
ж азы лғанм ен айтылуы екі түрлі
емес, ж алғы з-ақ түрлі. Екінші төрт
сөзде дыбысы екі түрлі жазылғанмен
айты луы екі түрлі емес, жалғыз-ақ
түрлі.
Екі
түрлі
жазуымыздың
пәлендей' мәнісі бар деп а й т ы п .
беріңіз.
К,азақта сөз екі түрлі, бір түрі жуан,
екінш і түрі ж іңіш ке. Ж у ан сөздің
ішіндегі ды бы стары ны ң бәрі жуан
болады. Ж ің іш к е сөздің ішіндегі ды-
бы стары н ы ң бәрі де ж іңіш ке бола-
ды. Ж ал ғы з-ақ түрлі айтылатын
дыбыстар екі түрлі сөздің бірақ
түріне кіріседі.
Бүлардан басқа сізге күлкі көрінген
мы нау
болса
керек.
„
М енің
XXX
айтқандарымды дүрыс емес дегендер
Наху Сәрб қағидалары нан ажбат
көрсетіп дүрыс емес жерін айтсы н"
деген сөз. Наху Сәрб дегеніміз тіл
законы ны ң ғылымы. Тіл болса зако-
ны боларға керек. Законы болса;
оны ң ғылымы боларға керек. Су
тоңса, мүз болмақшы, хлор менен
натрий қосылса, түз болмақш ы.
Бүлар табиғат законы. О сы ндай за-
кон тілде^е бар. Хлор менен натрий
қосылса, түз болатындығын байқау
қарау, іздеуменен тапқан. Тілдің де
законы сол жолменен табылады.
Қ азақ тілінде бір сөзге жуан дыбыс
пен
ж іңіш ке
дыбыс
араласы п
кірмейді. Бүл тіліміздің законы емес
це? Осындай закон тауып жазсақ,
айтсақ ол Наху С ә р б п ң қағидасы
емес пе?! Наху Сәрбті мен граммати-
ка мағынасында түтынамын. Басқа
жүртга грамматика үш ке бөлінеді:
фонетика, морфология, синтаксис.
М енің бүрынғы жазған сөзім һәм
осы жолы жазған сөздерім фонети-
каға тиісті сөздер. Ф онетиканы ң
қарасты раты ны тілде қандай дыбы-
стар бар, олар қалай сөз ішінде бай-
ланысады.
Біздің
сөйлеп,
қарасты ры п отырғанымыз қ а за қ фо-
нетикасы.
С іздің
ой ы ңы зды ң
қателігін м енің көрсетуім керек. Фо-
нетикадан ажбат келтіріп, м ен ің
ойы м ны ң қаталығын сіз көрсетуге
керек, фонетикадан ажбат (мь :ал)
келтіріп.
Бүлай
деп
сізді
та*ы
„Қорқытамын".
С іздің
қоры қпайты н батыр екендігіңізді
көрдім, көре түра қорқытатыным:
Өткен жолы і анш ып алаты н най-
заңы з
бен
бүлтарып
кететін
айлаңы зды ? #рсеттіңіз,
бүлардан
басқа өнерлер*ңізді де көрмек үш ін.
XXX
Мен ойлаймын сіз м ен ің кейбір
сөздерімді
теріс
түсініп
теріс
кеттіңіз-ау деп. С іздің қате түсінген
ж ерлеріңіз мы нау ш ы ғар деймін.
Әуелі
мүсы лманш а
оқудың
бүлғалақ-ш ырғалағы
көп
деген.
Екінші, араб әліппесі дінменен бай-
ласқан, онан басқа әліппені қ азақ
қабылдамайды деген. Үшінші, қ азақ
тілінен
ш ы ғары п
тасталатын
хәріптерді қазаққа тіпті білуге керегі
жоқ деп айтады деген ш ы ғарсы з.
О рысш а, мүсы лманш а оқу ж айлы
сөйлегенде басқалар емес, қ а за қ бүл
124
оқуларды
қалаи оқып жүргенін
айтамыл. Басқа жүртгың мүсылман-
ша оқуьт кемелденген шығар, оған
таласпаймын, бірақ қазақ арасында
мүсылманша оқу азы н алмай, жал-
пақ көбін алғанда баяғы „Қызғаныш
заманнъщ" оқуынан алысқа кете
қойды дей алмаймын.
Әлде сіз қазақ арасы на үсүл жәдит
жолы жайылып болды, мүнан артық
еш нәрсе керек емес дейсіз бе?
Екінші, теріс жорыған сөзіңіз араб
хәріптерін алуға зорланады деген.
Мен қиналғанымды білдірейін де-
генім жоқ, сол сөздердің ішінде
қиналдым, зорландым деген сөз жоқ
шығар. Ол сөзді келтіргенімнің
мәнісі біреулер араб әліппесінен
қазақ тіліне ж ақсы рақ келетін хәріп
бар дейді. Тіпті басқа хәріптерменен
кітап ш ығарған да бар. М енің со-
ларға
айтқан
сөзім
еді.
Басқа
хәріптер қазақ тіліне жақсы келсе де
оларды қ азақ қабыл алмайды, басқа
жаққа алаңдамай, керегімізді араб
әліппесінен қаралы қ дегенім еді.
Қ азақ қабылдамағанда
не үшін
қабылдамайтын
себебін айтайын
деп, араб әліппесінің дінменен бірге
байласып сінд*ендігін көрсетіп едім.
Оны сіз не себептен теріс жо-
рығаныңызды білмеймін.
Үшінші қате түсінді ме дейтінім
қазақ тілінен ш ығарған хәріптер.
Сіз бүларды тіпті оқытпасқа керек
деп ойлады ма деп шүбәланамын.
Бүл
хәріптерді
балалар
қазақ
сөзіндегі хәріптерді біліп болған соң
оқиды.
Енді көресіз бе, Шахзаман мырза!
Аузыңыздың
босқа
көпіргенін.
Айтқан көп сөзіңіздің бірі — сүраған
мәслихатымызға тура келмейді.
М енің білгенім осы, мүның дүрыс
емес жерін көрсетіп, қалай түзету
ғақылын айтып беріңіздер деп сүра-
дым. Білетін адамдар білімдеріңнен
қарасы ндар дедім. Сіздей кектенбей-
ақ, сізден білімі кем емес адамдар да
ақылын жай айтты. Мысалы, Бөкей-
ханов әпенде айтты: „Ж арты дау-
ысты й һәм ү Англия тілінду де бар,
оларға өз алдына басқа хәріптер
алынбайды. неге десең, дауысты ды-
быстардың соңынан келетін й һәм ү
жарты
дауысты
болады
деген
қағидалары бар" — дейді. Сол
қағиданы біздің тілімізге кіргізуге
болады. Ж арты дауысты й һәм ү
үшін хәріп белгілеп арнамаймыз екі
хәріп кемиді. Осындай орнымен
айтқан ғақылдан етек, жеңімізді
түріп
қашпаймыз.
Орынсыз
айтылған нәрсені сіздің көзіңіз ша-
тынағанменен
істемейміз.
Мен
ойлаймын, „былғалық, шырғалақ"
деген
сөзді
оқыған
соң-ақ
атыңыздың айылы шабьіна кетіп
яки әрі бауырына түсіп тулауменен
болып, жайғасып отырып ойланба-
дыңыз ғой деп, я болмаса, жау келіп
қалған екен деп, атыңызға міне, най-
заңызды ала, аяқтарыңыз салақтап,
етектеріңіз далақтап шаптыңыз ғой.
Ж алғыз мақсат жауды мүқатуда бо-
лып, бар өнеріңізді соған жүмса-
дыңыз деймін.
Ж ау жоқ, найзаңызды тастаңыз,
жайғасып отырып мәслихат беріңіз.
Қүрал сайлау керек дегендэ жаула-
судың қүралы емес, оқудың қүра-
лын айтамын. Оқу қүралын сайлау
оңай емес, сіз болып, біз болып
өнерімізді осыған жүмсап, осы істі
аяқтандыралық. 28 хәріппенен жазу
жазып, бір-бірімізді түсініп жүрміз
ғой деген сөз қазақты ң баланды оқыт
дегенде „оқымай да өлмей күн көріп
жүрміз ғой" деп айтатын жауабы
сықылды. Ж азуымызда тәртіпсіздік,
кемшілік барлығын жалғыз мен
емес,
басқалар да айтады.
Еш
кемшілігі болмаса, ешкім сөз қылмас
еді ғой. Қ азаққа пәлен ет, түген ет
деп олар күн көре алмай жүргеннен
айтпаймыз. Тіршілігінде кемшілік,
ретсіздік болғаннан тәуірлен, реттен
дейміз
ғой.
Сондай
кемшілік,
ретсіздік жазуымызда да бар. Оны
реттеу, жөндеу керек. Ж азуымыз-
ды ң
тәртіпсіздігі
оқу
кітабын
шығаралық
десек,
алдымыздан
көлденең
келеді,
бала
оқытсақ
оралғы болады. Қ азақш а граммати-
ка шығаралық десек, қадам бастыр-
майды. Сіз айтыпсыз. осы жиырма
сегіз хәріппен де оқу кітаптары тара-
лып жатыр деп. О ны ңы з рас. Бірақ
ол кітаптарда кемшілік бар ма, жоқ
па, педагогика методикадан хабары
бар байқайтын шығар. Қысқасы мы-
нау ғой, қытайша жазу, үйрену қиын
дейді. Сонда да оқып біледі. Бірақ
қиын оқу менен оңай оқу бір емес.
Біріне уақыт көп кетеді һәм көп
қиналады. Бәріне уақыт аз кетеді
һәм әз қиналады.
Ж иы рм а
сегіз
хәріппенен
жазғанымыз жарамды-ақ болсын,
соныменен жазылып шығып жатқан
125
кітаптар оқуға қолайлы -ақ болсын,
бірақ жақсыдан да жақсыны іздеу,
алға басу, ілгері басу керек емес
дейсіз бе?! Тарихты ң да • негізгі
мағынасы жақсыдан ж ақсы ны іздеу
емес пе?! Ауырды жеңілтіп, қиынды
оңайлату емес пе? Бүл неше түрлі
маш ина, от кеме от арба жақсыдан
да ж ақсы ны іздегеннен табылған.
Ж ел кемесі болса да, от кемені
іздеген, ат-арбасы болса да, от арба-
ны іздеген, енді көк кемесін іздеп
жатыр. О сы н ы ң бәрі де жақсыдан да
ж ақсы ны іздеу тарих жолы.
Қ ы ң ы р
келмеңіз,
мырза,
түзу
келіңіз! Ж азу, түзету бірімізге емес,
бәрімізге керек нәрсе ғой. Битке
өкпелеп тонын ж аққан сықылды бір>
екі
хәріпті
қ азақ
тілінен
ш ы ғарғаны м а өкпелеп ғүмымы (бар-
лық) істен қол сілкіп безбеңіз. Ж үк
қасы ндағы „Аққу, шортан, шаян"
үш еуіне үқсамалы қ.
Ахмет Байтурсынов.
Әулие-Ата
Әулие-Ата қаласы н ы ң маңайында
қазақ-қы рғы з, қалада түруш ылар-
д ы ң көбірегі сарт болып, саудагер
ноғайлар да бар. Бүрынғы жылдарға
қарағанда осы уақытга орыстарда да
көбейіп келеді. Әулие-Ата шәһәрінде
ресми 2-3 махалла мешіт болса да
Іликин ер һәм қы з балаларға ар-
налған бір ғана мектеп болса да мед-
ресе
жоқ.
Медресе
есімінде
салы нған болса да оқудан бос болып,
қаң ы р ап түр.
Мешіт,
медресеге
тиісті... иш ан, хазіреттер ішіп-жеп
рахаттанып жатыр. Ишандардан 5-6
қаты нға қанағаттанбай 7 қатын алу-
ш ы лар да бар. Ноғай махалласын-
дағы кош нойск болысында біреу
и ш ан ды қ қылып жүріп, бір мырза-
н ы ң
қары ндасы н
айналдырып
ж үргені үлкендерге естіліп, бозбала-
ларға аңдытып, үстап алып, иш ан-
нан тиісті қ ал ы ң малын алып, һәм
800 сом ақш асы н алып, қызды
беріпті.
Бүл
иш ан
бүрында
Қ аракөлбек болысында бір кісінің
қы зы н дөңгелетіп жүріп, ақы ры нда
атасы н қорқы ты п ... сол қызды алған
екен. Қ ай терсің бүл надан халық со-
нда да и ш ан н ан безер болмайды.
Әулие-Атада
оқу
ж алғы з-ақ
бір
ноғай махалласында бар. Ж етпістеп
бала оқытып жатыр, былтырғы теріс
мінезді мүғалімі қуылып, Уфадағы
медресе Ғалиядан Ысмағүл Ю ніси
деген мүғалім алдырылған... ойлы
ноғайлар бесеу-алтау ғана болса да
аш ы қ пікірлілері бар. Бүл мешіт,
мектепке арналған қараж ат жоқ бол-
са
да
өзара
ынтымақпен
жәрдемдесш, тәрбиелеп түр. Өте
қарасуш ылары: Сыражалдин, Ах-
метжан, Ысмағүл, Ш әріпалдин деген
адамдар.« Бүлардан
басқалар
да
қолдарынан
келгенше
қарап
түрмайды. Медресе Хайсын Бигиев
деген адам әр уақыт жамиғат жасап,
медресенің кем-кетігін қарап түра-
ды, биыл бір хазірет ... махалла
кісілерін
азғырып,
мүғалімдерді
қумақш ы болса да ол ойын ж еріне
жеткізе алмай қалыпты.
Әулие-Атада қазақ-қы рғы з балала-
ры на ... школдар бар. Әммә расход
қазақтарды ң өздерінен алынады...
Әулие-Атадан ж иы рма молда инс-
пектордан орын сүрап ары з берген
екен. М уфти қазиларды ш ақы ры п
Әммә молданы емтихан қылғанда
біреуі
ғана
ж арарлы қ
болып
шығыпты. Бүл емтихан мәжілісінде
мүғалім Хәлел әпенде де бар екен.
Ж ақсы мүғалімдер алдырып берейін
деп инспекторға айтса да не үшін
ш ығарылатынын,
қабыл
етпепті.
Қ азақ-қы рғы з
ағайы ндар
өздері
өтініп
школдарына
жақсы
дін
мүғалімдерін алдырып қоюға се-
бепші
болмаса
түземниде
оқып
ш ы ққан
шәкірттердің
дін
ғылымында бүрынғысындай надан
қалпында қалаты ны на еш кім шек
етпесе керек.
Әулие-Ата уезіндегі қазақтар жер
мәселесі туралы жаңа, ж аңа қы ш лақ
боламыз ба, жоқ па? — деп ойланы-
сып жатыр. Қ ы ш лақ бола бастаған
бірлі-жарымды қазақтар көрінеді.
Ботамойнақ, Алмалинск болы сы ны ң
управителі дербес Қалабаев деген
кісі бүкіл өз қоластын қы ш лақ
қылып, қазірде таңдама жерден жер
кестіріп алып жатыр. Кридитный то-
варищ ества аш уға рүқсат сүрап жа-
тыр. Дербес мырза әр уақы т халы қ
пайдасына қызмет етуге үмтылған
көңіл көзі аш ық, дүниеден хабарлар
төте оқуды с ү ю ш і... адам. Былтырғы
1912-інші жыл өз қоластынан ақш а
жинап, Сыдық Абыланов деген бір
баланы медресе Хасинеге жіберді,
дербес м ы рзан ы ң бүл қызметі әр бо-
лы сқа үлгі боларлық бір қызмет һәм
1 2 6
алла қасында да сауапты екенін
ешбір мүсылман ідкәр етпес әр бо-
лыстарымыз осындай шетке бала
жіберіп оқытса, көп сауатты жумыс,
мемлекетке зор қызмет қылған болар
еді. Іликин ел болған соң, не жоқ,
милләт
үшін
мүндай
қызмет
етушілер әр жерден табылғандай-ақ.
Шөп шауып, отын кесуді жақсы
көрушілер де бар. Мінеки, біздің
өзімізбенен ауылнайлас Юніс қажы
Қүтгықожа деген адамның былтыр
жазғытүры қора-қопсы, ағаш үйлері
күйіп кетті. Сол уақытга қайырын
берсін айтып һәм көзі көріп, қолмен
үстамаса да біраз адамға жармас-
пақшы болып план қүрып отырғанда
көп жылдан бері Көкшетауда, надан
хазіретте оқып жүрген Ғалиаспар де-
ген аулымызДың бір жігіті сабақтан
қайтқан екен, сол жүрт жиылған
үйге кіріп келіп, көптен көрмей
сағынған ағалары ны ң қолын алып
амандасып отырды. Ж иы лған адам-
ны ң
ішінде
фітінә,
бүзықтық,
өсекшілікпен болмаса да, халыққа
аты ш ы ққан Сүлеймен қажы Бана-
налыүлы деген бір тәуір адамымыз:
— Ей, молда Ғалиаспар! не бітіріп
келдің? Әкең Айтқожа шөп таба ал-
май малын жүтатып алды, сен оқу
оқимын деп қүр қаңғырасың! Онан
да біздің А қанны ң екі
баласы
сияқты жақсыларға атқосшы болып
жүрсең, әкең жүтамай, өзің кем-қор
болмас едің" деп лепіре қайтқан
ш әкірттің
жүрегін
осындай
мағыналы сөзбен қайтары п таста-
ды.
Жүтамайтүғын,
мал-қазына
оқу
екенін білмеген адамға не айтарсың!
Сол мәжілісте мен де бар едім.
Сүлеймен қажы белбеуін жуан буы-
нып жүрген халқымыздың жақсы де-
ген адамдарынан болып, оқуда жүріп
тарықсақ, жәрдемі тие ме деп жүрген
білімдар адамымыз. Білімдарлықпен
айтқан сөзі болған соң не өкпе бар.
Сондадағы ел болған соң, дербес
мырза
Қалабаев,
Әлжан
болыс,
Ж үманов сияқты милләтке қызмет
етушілер де шығар! Әлжан болыс
төрт жылдан бері Сейітбәттәл Мүста-
фаүғылын Стамбулда оқытып жа-
тыр. Бүларға рахметтен басқа сөз
жоқ.
Қүдай тағала осындай адамдарымыз-
ды көбейтсін.
һіүхаметс&лім Көші ыол.
Қазақша тарих керек пе...
Біз өткен жылғы бірінш і „Айқапта"
қазақ халқының нәсілГ турасында
біраз
ғана
сөз
қозғап
едік.
Мақсатымыз бүрынғы өткен ата-ба-
баларымыз хақында кітаптарда жа-
зылып
қалған
сөз
болса,
қариялардың да, кәріқүлақтардың
естіген сөзі болса да „Айқапқа" жаза
берсек, түбінде бір тиянақты іс бо-
лып шығар ма еді деген едік.
Біздің қазақ халқының бүрыннан
жазылып
келе
жатқан
белгілі
шежіресі
жоқ,
ауыздан
ауызға
айтылған сөздер болмаса. Қазақ
хақында
басқа
жүрттардың
білімділері жазған кітаптар бар, ол
кітаптарда онша толық жазылмаған.
Сондадағы
сол
кітаптардағы
айтылған сөздерге қүлақ салмай бол-
майды. Ол кітаптардың жазушыла-
ры ны ң көбірегі орыс ғалымдары.
Олардың біз туралы жазған сөздері
әлбетте біздер үшін, әсіресе қазақ
үшін онша көңілге қонымды болып
шықпайды. Олардың осындай бізге
үнамсыз сөздерін бірнеше нөмір
„Айқапқа” да жазып едік. Мүнымыз
қара халыққа үнамапты.
Мүнымызды
үнатпаған
оқығандарымыз да табылды. Сол
үнатпаған сөздердің біреуін осы жо-
лы жазып, көптің алдына саламын.
Бүл сөзді жазушы өзі бізге онша та-
ныс адам болмаса да жазылған
сөздеріне қарағанда ғалым адам
сияқтанады. Бүл сөзін ол адам был-
тырғы жылы басуға жіберіп еді. Реті
келмеген соң тоқталып еді. Сөзі мы-
нау:
— Қүрметті редактор! Сіздің журна-
лыңызды бір адамнан көріп оқыдым,
іске сәт! „Керуен қосы жүре түзе-
леді" деген. Мәскеу бір күнде салын-
баған
деседі.
Аз-аздап...
қайырларыменен болсын.
Ж урнал-газетке не жазу, ол неге ке-
рек екендігі турасынан мен біраз сөз
жазсам, сіз ғажап етпессіз.
„Айқаптың"
бірнеше
нөмірінде
қазақтың ру-аталарын жазыпсыз
һәм үміт еткенсіз білген кісілер то-
лы қ қылып жазар деп... Әпендем!
Біздің қазақ-өзбек халқына бірлік
кіріп, басы қосылмай, „алты ауызды
алаш"
аталғаны
сол
үру-үру^а
бөлініп,
үран
шақырып
партия
болғаннан еді. Сіз журналыңызға
жазып оны не қыласыз? Үмытқан
127
кісілер бола қалса есіне түсіп,
қайтадан бір ел бір елді, бір ауыл бір
ауылды ш ауып алып, бірлігі кете
түссін деген жүмыс па?! М үны газет-
ж урналм енен көрсетпей-ақ қазақ өзі
де
үмытар
емес.
Етігін
ш еш ш
бақай ы н санайды ол турада. Ешоір
ас, той қ а за қ басы қосылған жерлер
төбелес соғыс болмай, ^ қазақтын,
аузы -басы қан болмай қайтқан емес.
Баяғы атаға, үруға бөлінген турадан.
Халықтын. бас қосып, көңіл көте-
ретін үлкен жиылыстарында екі бала
ойнап жүріп үрсып, біреуі «Най-
ман!",
„Найман!"
не
„Арғын ,
„Арғын!" десе, қан ш а жиылған жүрт
ёкі ж ақ болып соғысады. Көбі не
екенін білмейді де; „ А таның әруағын
ш ақы рған соң шыдамадым, найман-
ды қам ш ы м енен соя бердім“ дейді.
Бізге барш а түрік халқына, арғын,
найм ан, дулат, қоңыратгы қойып
б ір ақ тоқсан екі баулы өзбек оолып
табылу керек...
Қ а за қ өзін-өзі үмытпайды һәм өзінде
біріне-бірі ғибрат беретін еш нәрсе
жоқ. Қ айта газетгің әрбір нөмірінде
көрсетсеңіз орыс, әнглиш ан, ф ран-
цуз, ам ерика ж үрттары ны ң бізден не
ар ты қ білімі бар? Біздің олардан кем
білетініміз немене?
Айтарсыз: „Сынап жазу, ^біреудің
қатесін
көрсету
оңай,
сол
айтқаны ңды
өзіңіз
неге
жазып
жібермедіңіз" деп. М ұны сіз антпа-
саңы з да біреу айтар. Ондай адам
табы ла қалса сөзім мынау: жолаушы
жүруге әуелі жолды білу керек. Істің
жөнін ұқпай дауға кірісіп болмас.
Е . Дуисенбайугылы.
М інеки, ш еж іре жазуды үнатпаушы-
н ы ң сөзі. Бүл сөздердің барлығы да
қатасы з тауып айтқан сөз деп біз
түсінбейміз.
Біздің
білуімізше
қазақты ң партиялы ғы н күшейткен
нәрсе
'—
қазақты ң
ҮРУ^ҮРУ**®
бөлінгендігі болса, сол үру-үру бо-
лы п бөлінуге түп себеп не болған?
Сол үру-үрудан қазақ қанш а залал
көрген, асы лы нда үру деген не
нәрсе, жасыл кілем бүрынғы ата-ба-
бамьіздьщ қалпын, ж айы н білш
істеген, білмей ж аңы лы п істеген
нәрселерін жазып, айтып халыққа
түсіндіру керек дейміз. Тарих жазу,
оқудан мақсат осы емес пе?! Аталар-
д ы ң үлгі боларлы қ ісі болса, қолға
үстап, залалды ісгері болса, ол істі
енді істемей тастау үш ін тарих керек
емес пе?! Қ азақта бір мақал бар „Ата
балаға
сынш ьГ
деген.
О сы
мақалдың
мүлдем
керісінш е
айтылған Европа жүртында бір сөз
бар „Нәсіл нәсіп бүрынғы өткен ата-
бабалардың тураш ы сьГ деген. Сол
туралы болу үш ін әлбетге ата-оаоа-
н ы ң істеген ісін білу керек. Ж урнал-
ды ң
мақсаты
осы
жайларды
түсіндіріп, мүнан былайғы жерде
қазақты ң „пәлен жүз, пәлен үрум де-
генді
тастауы
тиіс
екендігін
түсіндіру деп білеміз.
Бүрынғы
ата-бабаларымыздың
нәсіл нәсібін тексергендіктен қазақ
қайта жауласып кетіп. бірін-бірі ша-
уып алар деген хәуіпке біз ортақ бола
алмаймыз.
Қ азақ халқы үшін тарихты білу ке-
рек. Ж оғарыда айтылып еді, қара
қазақты ң
үнатпағандықтары
хақында
да.
О ларды ң
үнатпаи
жүргендері „Қ азақ халқы бір атан ы ң
баласы емес, әр үрудан қүралған жи-
ынтық"
—
деген
орыс
ғалы мдары ны ң сөзі.
Қазақта „Әнс сахаба" нәсіліміз деген
бір ж аңылыс түсініп кеткен бір сөз
бар. Халықтың көбінің үстап кеткені
осы
сөз
боларға
керек.
Біздің
түсінуімізше бү да бір ж аңы лған сөз.
Мүсылман
болу
үш ін
сахаба
нәсілінен өрбу ш арт емес. Біздің
нәсіліміз
„Түрік".
Тарихтардың
айтуына қарағанда ешбір атадан кем
болмаған. Бір заманда бүкіл дүниені
тітіретіп түрған сол. „Түрік халқы “
бүрынғы
заманда
өздерінің
мәдениеті, өздерінің ғүрпы болған.
Сол „Түрік“ халқы бүл мәдениетке.
бүл
ғүрыпқа
ғалымдар
„үйғыр
мәдениеті, үйғыр ғүрпы" деп есім
берген. Ш ыңғыс хан, Ақсақ Темір
көреген
секілді
жиһәнгерлер,
Әбуғалисина,
Ж әуһәри
секілді
мәшһүр ғалымдар ш ы ғарған сол
түрік халқы емес пе? Осындай ата-
ларды ң балалары бола түрып та
түркіліктен қаш уды ң себебі не біз
түсіне алмаймыз.
с
Ш ымкент уезінде
Шымкент>
ш аһары нда
шығып,
Түлкібас қыстағына келіп, Мүхамет-
жан есімді ш айханаш ы ға түстім.
Қыстақ^га жиналған қазақтар толып
128
I
жатыр өкөн. Ж ақы нда болатүғын
Сартбек
қаж ы ны ң
асына
бара
жатқан М енің де астың қызығын
көргім келіп, 25 ш ақырым жолдан
бүрыс болса да ас беруші Рысқүлбек
болыстың үйіне бардым.
Асқа арналы п тоғыз жүз үй тігіліпті.
Үй алып келіп тігушілер ас 6е-
руш ін ің ағайындары. Әрбір үй алып
келіп тігуші, сол тігілген үйдің
ш ығынын
өзі
көтереді
екен.
Рысқүлбек тек үй басына бір пүтган
күріш
береді
екен.
Кедей
ағайындардың
борышқа
батып
қалғандары да көп болса керек.
Рысқүлбекке
әрбір
жақындары
жәрдем береді екен. Біздің көзімізше
әулие-аталық Керімбай Бүралқы ба-
ласы деген бдр батыр мың екі жүз
сом берді. "
Қонақтарды екі күн күтіп, әртүрлі
ойындар көрсетіп түрды. Біз шым-
кенттік Хатқа баласы Ғабдылқадыр
мырзаменен ғақылдасып, орынсыз
ысырап орынға төгіліп жатқан көп
малдан „Айқапқа да" жәрдем болмас
па деп хәрекет қылып көрсек те
милләт пайдасына, сауапты орынға
пүлдың жолы берік көрініп ешнәрсе
өнбеді. Бірақ әрқайсысы түрған,
жүрген, жолыққан адамдарға газет-
журнал керектігі хақында көп сөз
айтып, көп адамға „Айқаптың" адре-
стерін жазып бердім. Өзіме өлең
айта келген ахун молда Мансүр
Қүнанбаев, Орынбай, Ысқақ ахун-
дардан „Айқапқа" деп бір сом, жа-
рым
сомдарын
алып
қалдым.
Зорлары
үқпағанда
бүлардың
үғуына алла разы болсын айттым.
Сексен ат шауып, он бес атқа бәйге
болып, алдыңғы атқа екі мың жарым
бәйге болды. Барша Шымкент халқы
болмаса да арақ ішу, папирос тарту
деген жаман нәрселер көбірегіне
ғадет хүкімінде болып кеткен екен.
Осы істің өзінде де осылардың көп
арақ
сатылды
дегенін
өз
қүлағымменен
естідім.
Шымкент
халқы әрнешік егін егуге үйренген
халық болса да жалқаулықтары се-
бепті
кедей-кембағыл
болуға
айналған екен. Бүларға көкпарда
лақ тартуға бір-бір көк шолақ бедеу-
лері болса, өзге малдың керегі де
жоқ. Мүқтаж уақытга қарызға та-
былса болады. Бала-шағалары аш-
жалаңәш жылап отырса да олар лақ
тартуды қоймайды.
О ны ң үстіне жақсы жерлёрі пересе-
ленстерге
кетіп
барады.
Қала,
қыстақ болу мәселесі арыздарында
бар болса да әзір ол турада өте са-
бырлы
көрінеді.
Шымкент
қазақтәры ны ң ішінде егер атқа
мінерлері көнсе оқу оқыту, қыстақ
болу иждаһатында болған, оқыған
білімділері де бар көрінеді.
Қалайда бүл аста орынсыз, ысырап
жерге төгілген малдың қисабы жоқ.
М енің жазғаным ширегі ғана. Бәрін
де жазсам өзі бір журнал боларлық
еді. Ж ақсыларымыз осы ғибрат ын-
тымақ, ерліктерін дін, милләт жолы-
на сарып қылса, қазақ халқы мүндай
кем, қор болып қалмас еді-ау.
Өлеңші яки ишандардың бірі болма-
сам да бес сом ақша, бір шапан сый
алып, Әулие-Атаға жүріп кеттім.
Мухаметсө.іім
Каш імов.
5* -201;
Қадірменді оқушылар! журналымыз
үшінші
жасына
шығып,
алда-
рыңызға бірінш і нөмірі келіп түр.
Мүнан былайғы айында екі рет
шығып,
шамасы
келгенше
оқушыларын риза етуге үмтылады,
журналымыз мүны бірінші міндет
деп біледі.
„Айқап” журналы екі жылғы ғүмы-
рын
халықтың ықыласы,
еткен
жәрдемінің арқасында аман-есен
өткізді. Сол өткізген екі жылдың
ішінде дүниеде біздің қазақ халқы
түсінгендей қандай уақиғалар болып
озды, осыны біраз жазайық.
„Айқап“ дүниеге ... шыға бастаған
1911 жыл қысы жақсы болса, жазы
қолайсыз
болды.
Егін,
шөп
шықпады. Мал нарқы өте төмен бо-
лып, ш аруа күйзеле бастады. Қыс
үшін қамдалған ... шөп болмады.
Сөйтіп жүргенде қыс жетті. Қайыр,
қыстың
1911-інш і жылға тиісті
бөлімі шаруа үшін тыныш қолайлы
қалпында
өтп.
1912-інші
жыл
кірісімен 1 9 ғинуардан бастап боран
көтеріліп, ж аңбыр аралас қар жау-
ып, ағын, сүргін, көбейіп кетіп көп
мал, көп жан ш ығын болды. Көп ша-
руалар орта түсті, мүлдем қүрып
қалғандары да болды. 1912-інші
жылдың жазы да, күзі де ш аруа үшін
ала- қүлалау
болды.
Егіні,
шөбі
шығып азы р ақ ш аруасын жөндеген
жерлер
де
болды,
егіні,
шөбі
ш ықпаған „жьіғылғанға жүдырық"
көрген
жерлер
де
табылды.
(Қостанай уезіндегі Сарыой, Шүбар
болыстары).
Сөйтіп „Айқаптың'* екі жасар ғүмы-
рында
қазақ
ш аруасының
ор-
тайғаны
көрініп
түр.
Ж ер
мәселесінде бүл өткен екі жылдың
ішінде ... хүкімет тарапынан ешбір
жаңарып низам шыққан болмаса да
халық ішінде әр жерде аздап-аздап
көшпе қалыпты тастап отырықшы
қалыпқа ауысқан елдер көріне бас-
тады. Іликин, әлі күнгіше бүкіл
қазақ болып мәслихатқа келген іс
жоқ. Әр„жерде әркім өз білгеніменён
жоспарлап жүріп жатыр. Бүл жер
мәселесі туралы „Айқапта" біраз
кеңестер жазылды. Оған бірлі-жа-
рымды қүлақ асқан елдер де болды.
Басқа мәселелерге келсек, қ азақ ар а-
сында
хал=жай
һәммен
ескіше.
Баяғы талас-тартыс, үрлық-зорлық,
өйтіп, бүйтіп ... думаға депутат
кіргізуді сүрау керек деп бірлі-жа-
рымды ауызға алған адамдар табыл-
са да халықтың көбі бүған не үшін
дүр аса ілтипат етпеді. Соның үшін
1912-інші жылғы ... думаға депутат
сайлау уақытгары қазақ халқы үшін
ешбір әсерсіз өтті.
Өткен екі жылдың ішінде Қ азақ
халқында
мәтбүғат
базары ны ң
ашылғандығы көңілге біраз шаттық
бергендей болды. „Айқап" журналы-
ны ң
дүниеге
шығып
таралуы
„Қазақстан" газетінің шығуы һәм
„Қырық мысал", „Маса", „Бақытсыз
Ж амал", „Өрнек", „Томыш", „Шай-
ы р"(
„Көкселдір",
„Шежіре",
„Мүсылмандық кітабы", „Қалқаман-
Мамыр", „Топжарған" секілді жаңа
рухта жазылған кітаптардың дүниеге
131
таралуы — қазақ халқы ны ң ішінде
де „бірлі жарым, уйқылы ояу баста-
ры н көтеруш ілердің барлы ғы на таң
қараңғы сы ндай бір иш арат болып
көрінсе керек.
М үны ң да біразы рақ қараңғы жағы
болды. „Қазақстан** ақш а жоқтықтан
тоқталды. Ж а с жазуш ыларымыздан
Дулатов окружной соттың хүкімі
бойы нш а айыпты болып, бір жыл
крипосты ққа отыруға хәкім етілді.
„Айқап" байқам ай сөйлеймін деп
жүз сом ш траф тартты. Оқу, оқыту
ж ағы на келсек, мүнда да шаттанар-
л ы қ һәм қай ғы рарлы қ істер бар. Әр
жерлерде „Төте" оқу менен балалар
оқытылып жатқандығы, Ақтөбеде
учительский школ ашылып, ел ара-
сында әр жерде тәртіпті мектеп, мед-
реселер
аш ылып,
балалардың
оқулары,
ш әһарлардағы
тәртшті
медреселер де һәм школдарда қазақ
б алалары н ы ң
көп
жиылулары
көңілді біраз шаттандырады. Іликин,
күзгі оқу маусымы басталған кезде
О ры нборск
учительск
школға
жүзден арты қ бала орын сүрап, сегіз
бала алы ны п, Қостанайдағы педаго-
гическ класқа отыз бала орын сүрап,
сегіз бала алынып, қалғандары ны ң
оры нсы з қалулары әр жердегі двух-
класны й һәм волосный школдарға
кіреміз деп талаптанған балалардың
көбіне оры н жетпей қалулары һәм
күйінерлік, һәм ш аттанарлы қ іс.
Ш аттанарлы қ
дегеніміз
—
оқуш ы ларды ң
көбеюшілігі,
күйінерлік дегеніміз соншама көп
талапкерлердің орын таба алмай,
сандалып қалулары.
Енді бүкіл Россияда уа ғайры жер-
лерде
болып
келе
жатқан
әңгімелерге
біразы рақ
көз
жіберейік.
Біздің үлы Россия мемлекетінде
көзге
ш арпы ғандай
уақиғалар.
1911 -інш і жылы бірінш і сентябрьде
Киев ш әһәрінде бас министр Столы-
пин
хазіретлері
бір
жауыздың
қолы нан өлтірілуі, үш інш і государ-
ственны й дума жабылып, жаңадан
сайлау болып ... төртінші дума ашы-
луы.
1 9 1 1-1912-інш і жылдардың
қысы халы қ үш ін ауы р болып,
қ азы н ан ы ң пособие беруі ...
Енді өткен жыл осындай көрсеткен
сый-қүрметтерімен өтіп кетті. Алды-
мыздағы ж аңа кірген
1913-інш і
ж ы лды ң не айтары н күн бүрын кім
біле қояр. Тек барш амы зға қайырлы
жылдар болсын деп шын көңілден
тілеп, өзіміздіңтиісті жүмысымызды
істей береміз-дағы.
к&. С .
Қ азақш а бастапқы ойын
17 февральда Семейдің приказчик
клубында қазақш а әдебиет кеші бол-
ды. О йнауш ы лар қазақты ң оқыған
жастары, оқыған әйелдері еді. О йы н
төрт
бөлімге
бөлініп,
қазақты ң
бүры ннан сауықш ыл өлеңші, әнш і
ақындары, ескі кемеңгер билердің
шешендігі,
әртүрлі
сөздермен
тақпақтап өлеңдетіп айтылды. Сөз
үсталығы, бүрынғы қалыпта сауы қ
қылу, ән салу, домбырамен күй тар-
тулардың е ң сүйкімді нәрсе, жан
азығы екені турасында, соң ы рақ за-
манда ел іш іне қожа, молдалар
көбейіп, бүл сауықтарды обал, күнә
деп халықтың сауықтан көңілін
қайтаруы, бертін кезде Ыбырай Ал-
тынсарин, әсіресе Абай Қүнанбаев
сықылды кемеңгер ақы ндар шығуы,
олардың өлең әніне не жан кіргізіп,
өң беруі, үлтттың әуезін сақтауы,
жоғарылауы
жалғыз
әдебиеттің
арқасында ғана болуы турасында до-
клад оқылды. Доклад үзын жазылып,
мысал үшін бүрынғы ақындар, даһи
(көсем) билердің өлендері де аиты-
лып өтгі. О н ы ң арты нан қазір айна-
латын Біржан мен С ара турасында
жүртқа мағлүмат берілді. С ахнаны ң
төріне
қазақ
салтынш а
масаты
кілемдер төселіп, оюлы отау шатыр
қүрылған.
Залдың
бір
жағына
қолында үкілі домбырасы, торғын
шапанды, ақ қамзолды, орта бойлы,
дөңгелек кіш кене сақалды, кәмшат
бөріктің
ш оқпардай
үкісін
былғаңдатып
айқайды
сала
ән
ш ы рқап Біржан шықты. Б ірж анны ң
салдарша киінген бес жолдасы да
жандлнда түрды.
Бүл үйде С ара бар ма, ш ы қсы н бері,
Іздеген келіп түрмын Біржан сері.
Ж олы қпай сөзі өктемге
жүрген шығар,
Үйінде Түрысбектің өлер жері —
деп ш ы рқаған Біржан даусын естіп
қасында жеті-сегіз қыздары бар,
бүрала басып,
сылқылдай
С ара
шықты,
үстінде
оқалы
қызыл
қамзол, атлас ш апаны н иы ғы на жа-
132
мылыг, бүтіндүниені бірты рнағы на
тең геркей келе жатқан сері қыз Са-
ра екенін көрген жерде-ақ әркім
білді.
Екі
нөкер
сахнаның екі
жағына отырып кезекпе-кезек • ән
ш ырқап айтысты. Біржан-Сараның
өлеңін бәрін айтып бітіру халықты
жалықтырар деп қысқартып айтыл-
ды. С аран ы ң ролін алған Түрар ха-
ным Қозыбағарова да рольдерін
ойлағаннан арты қ шығарды. Әсіресе
Түрар ханы м ны ң сөзінің анықтығы,
даусының
мінсіздігі
жүрттың
ықыласын өзіне магниттей тартты.
О йы н
арасында
тынымдаған
уақытта музыка ойналып түрды.
2-ойында Н азиф а Қүлжанова: Ыбы-
рай А лты нсариннің жазды суретте-
ген сөзін сөйледі. Әнші Әлмағамбет
„Ырғақты", оТаітьяна*1, „Ж ар қ етпес"
дейтін әндёрді домбыраға қосып айт-
гы. Екі домбыра бір мандалинаны
қосып, үлт күйін тартты. Т. Ж омар-
тбаев, К. Сәтбаев, М. Малдыбаев де-
кламация оқыды. 2 — бөлімнің
аяғында 1 2 жасар Қайықбай деген
бала ән салды. Түйенің өркешіндей
кіш кене Қ айы қбай сахнаға шығып,
біраз домбырасын күйлеп алып
„Аридашай" деген әнді шырқағанда
көзімнен жас қалай ш ыққанын да
білмей
қалдым.
Орындыққа
отырғанда аяғы
жерге жетпеген -
Қ айы қбай
баланы ң
даусы
ш ыққанда бүтін халық демін ішіне
тартып тындап түрды. Қүдай біледі,
тас жүректі кісі болса да осы бала-
ны ң даусына қорғасындай балқып,
жүйесі бір босаған шығар-ау...
О ры сты ң Ш аляпин дейтін әншісі
бар еді. Сартга жалшылықта жүрген
Қ айы қбай үлгі көрсе ешкімнен кем
болмас еді-ау, әттең кедейлік-ай!
Әнш ілердің жүйе босататын даусы Г.
Н. Потанин жарықтықтың — „Он
жылдан соң қазақ әншісі патш аның
сарайында өлең айтады" — деген
сөзін есіме түсірді.
3-бөлімде Ж а н а қ ақы н мен бала
айтысты. Ж ан ақты ң ролін — Ал-
мағамбет;
баланы ң
ролін
—
Ғабділхамид Ыбырай Алтынсарин
баласы атқарды. Тағы да декламация
оқылды, әнш і Қали Бекберген бала-
сы неше түрлі әнге салды. Мүның
даусын жүрт қатты үнатты.
4-бөлімде живой картина болды.
Әуелі басына қалқан, үстіне темір
сауыт киіп, қолына айбалта, найза
үстаған қазақты ң батыры көрінді.
Батыр
болған
жігіт
қозғалмай
түрғандықтан, жүрт жансыз нәрсе
екен деп қалыпты. Орал, Торғай,
Жетісу,
Семей
облысындағы
қазақтың келіншектері өз форы-
мында шығып жүртқа тәжім етіп
көрінді. Картинадан соң сахнаның
бір жағына қыз-келіншектер, екінші
жағына бозбалалар отырып, кезек-
пе-кезек қосылып ән салды. Сөйтіп
той сықылды болып тарқалды. Ойын
өзі көңілді, қызықты болды.
Музыка
Әр милләт, әр жүрт музыкасыз түра
алмайды. Бүл, аны қ болған бір
нәрселер. Қай халыққа көз салып
қарасаң да бүл музыка бүрынғы һәм
жаңа заманда болып ойналып келе .
жатқан, бүл музыканы ешкім өтірік
бекер
дей
алмайды.
Арабтарда
мүсылмандық болмастан бүрын бүл
музыка ойыны бар еді.
Мүсылмандыққа кірген соң да бүл
ойынды тыймады, қайта рум, парсы
сияқты реттірек жүрттарға араласып
олардан әртүрлі керек-жарақ музы-
ка саймандарын алу себепті мүсыл-
мандардың арасында көбейіп өршіп
кетті.
Арабтар түрлі үлттардың музыка
саймандарын
жиды,
ғылым,
мәдениетке кіріп өнер тапқан сайын
музыкалары дағ музыкаға қүмар
ойнаушылар да көбейіп өрши берді,
өздерінде бүрыннан болғанын, оның
үстіне шеттен де алып, түрлі қару-
саймандарын түзетіп түрды. Мүсыл-
мандардың қасында музыка қатгы
сүйкімді
болды.
Музыка
ойнай
білушілерге
үлкен
қүрмет-сый
көрсетісіп түрды.
Рум, парсы сияқты жүртгардың ең
алғаш музыка ғылымын үйреніп
мүсылмандар
арасы на
таратып
үйретуші „Меке" ш әһәрінің Сәғид
бин Мәсжиг есімді бір мусылман еді.
Сонан соң мүсылмандар арасында
музыка ойыны көбейді. Ерлерден
ойнаушылар болған сияқты қатын-
қыздардан да білушілер бар еді.
Жәмилә, Хибабәт, Ғақилиә есімді
белгілі, атақты қатындар бар еді.
Ерлерден музыка ойнаушылар көп
еді. Музыкашылар әр уақыт жина-
лып өздері мәжіліс, жамғият жасап
сөйлесіп, кем-кетігі болса толтырып
үйренісіп түрушы еді.
133
і
Бүл музыка күй күйлеп, күйлендірш,
күлдіріп,
мүңайтып,
жылататын,
адамға
—
рух
беріп
көтеретін
қайғылы уақытта көңіл ашатын,
жалғыз уақытта серік болатын осы
музыка домбыра деп айтуға болады.
Біздің қазақта домбыраны жақсы та-
за тарта білуші аз емес еді, бүрынғы
қария үлкендердің бәрі де деп айтар-
л ы қ зарлы, мүңды, жақсы күйлерді
білуш ілер көп еді. Өзім көзім көрген
қарияларда
Ақмолаға
қараған
Қалутан,
Б ақақ
өзені
бойында
марқүм
Есім
деген
кісінің
тартқаны н көрдім, әлі қүлағымнан
кетпейді, қазіргі уақытта солардай
домбыраны күйлеп тартып, шер-
туш ілер азайы п бара жатқан сияқты
көрінеді. Әр жерде бүрынғы сауық,
ойын-күлкі
азайы п
қалып
бара
жатқан секілді. К,олымыз білетін ата-
бабамыздан келе жатқан бүл домбы-
ра
өнерінен
де
айырылсақ,
арамы здан жақсылап шертіп, ән са-
луш ы лар да жоғалса, ол уақытта
қалған-қүтқан
ойын-күлкі
мәжілістеріміз де қүлаққа үрған та-
надай болып қалмаймыз ба? кейінгі
жастарымыз
үмытып,
бара-бара
мүлдем жоғалып кетпес пе? Соның
үш ін қолынан келетін өнерпаз мыр-
заларға ескертемін, біздің нотаға
салдырып ала алсақ жақсы болар еді,
үмытпас үш ін. Осындай талапкер-
лерім із осы ны ң жолында тырысула-
ры н өтінеміз.
Ғабдолла Ток,аев
Үшбу 1913 жылы, 2 апрельде татар-
дан ш ы ққан атақты ақы н Ғабдолла
Тоқаев ж иы рм а алты жасында Қазан
ш әһәрінде дүниеден қайтты.
Ғабдолла
Тоқаевты
татардың
тоқсандағы ш алы нан бастап алты-
жетідегі баласы на шейін, еркек-әйел
демей білмейтін жан жоқ. О н ы ң кім
екенін медресе есігіне аяқ басқан
қазақ
ж астары ның,
инш алла
әрқайсы сы білсе керек. Ж асы тол-
май атасы нан, үш жаста анасы нан
а й ы р ы л ы п '
тәрбиеш ісіз,
жетім
қалған бүл зат өзінің аз ғана күн
тірш ілігінде
қанш ам а
ауыртпа-
лы қтарға душ ар болса да, ол сол
ауы ртпалы қты ң астында өзі үшін
қайғы рм ай милләт үш ін қайғырды.
„Еримін ж ақсы лы ққа балауызбын,
М ақтаймын көркем істі балды
ауызбен.
Көрінсе келіспеген жаман істер,
Кетермін онда сөгіп мен жауызбын",
деген сөзді айтып майданға ш ы ққан
асыл сөзді ақы н сол сөзінде түрып,
бірнеш е жыл төре, қара, бай-жарлы
демей бар халыққа бірдей қарап ту-
ралықты
баяндап,
кемшілігімізді
көрсетіп арты на оннан арты қ ре-
саләсін (кітабын) қалдырып залым
дүниенің ж апасы на шыдай алмай:
Күндерді алдымдағы ақ дей алмай,
Күшімді қалдым соңға сақтай алмай.
Тура тіл көбейтті дүшпанымды,
Көп залым — мен-мендерді
мақтай алмай,
Күш бітіп, ішім қанбай
мен кірлендім
Бүл нәжіс кір дүниені пәк дей алмай,
деген сөздерін айтып, арамы здан
кетті.
Достарыңызбен бөлісу: |