Бақылау сұрақтары:
Картография тарихы қандай кезеңдерді бастан кешті?
Ресей Империясының қарамағында картографияның дамуы
қалай жүрді?
128
ІІ Зертханалық бөлім
№1 Зертханалық жұмыс
1-тапсырма. Мысалда көрсетілген өлшемдер мен топографиялық
жартылай қалың шрифтпен парақтың рамкасын және трафареттік
торды салу (1-сурет).
1-сурет. Рамка өлшемдері, мм
Тапсырманы орындауға арналған ұсыныстар. Барлық жұмыс ең
алдымен қарындаш көмегімен жасалады. Сонымен қатар, рамканың
қалындығы екі жіңішке сызықтармен сызылады. Мысалда өлщемдер
миллиметр есебімен берілген.
Сызу барысында қарындашты қатты баспау керек, себебі одан
кейін тушьпен жіңішке сызық жүргізу қиынға түседі. Сонымен қатар
өшіргішті де көп пайдалану тиімсіз, өшірген жерлерде тушь ағып
кетеді.
Топографиялық шрифтпен жазылған бас әріптердің көбі негізгі
элементтің енінің 5 бірлігін құрайды. Тек қана А (5,5), Ц (6), Д, М
(6,5), Ф, Ю, Ы (7), Ж, Ш (7,5), Щ (8) әріптері өзгеше болып келеді.
1 мен 4 сандарынан басқа барлық сандардың ені 4 бірлікке тең.
Бас әріптердің биіктігі 16мм, ал кіші әріптер 12 мм биіктікпен
сызылады. Әріптерді алдымен қарындашпен, содан кейін тушьпен
сызады,
Сызбаның рамкасы мен әріптер қара түсті, ал трафареттік тор
көк, жасыл немесе қызыл түстермен сызылады.
129
Достарыңызбен бөлісу: |