18
Топография – жер бетін әуе және ғарыштық түсірім негізінде
жоспарға және ірі масштабты картаға түсіру, әрі бейнелеу әдістерін
зерттейтін ғылым. Бұған көзбен өлшеу, бұрыш өлшеу, мензульдық,
тахеометриялық немесе алыстан өлшеу сьемкалары жатады. Таулы
жерлерде фотограмметрия қолданылады.
Топография жер бетін зерттеуде физика және экономика,
географияға, ал жер бетін топографиялық түсіруде (топографиялық
карта жасауда) геодезия мен картография ғылымдарына сүйенеді.
Топографиялық картаның мазмұнының толықтығы ең алдымен
планның немесе картаның масштабына байланысты болады.
Масштабы кішірейген сайын картаның жер беті элементтерін
сұрыптау және жалпылау дәрежесі артады. Мұндай жағдайда картаға
географиялық тұрғысынан маңызды деп есептелінетін жер беті
элементтерін мүмкіндігінше көбірек қамту көзделеді. Картаны толық
етіп құрастыруда топографиялық шартты белгілер жүйесі де маңызды
рөл атқарады. Әскери істегі Топография – тактикалық және оперативтік
мақсаттар үшін жергілікті жердің ерекшеліктерін зерттейтін әскери
ғылым саласы. Кейінгі кезде жерді план не картаға түсірерде
аэросьемка немесе аэрограмметрия деп аталатын фотографиялық
сьемкалар қолданылады.
План (лат. planum – жазықтық)
1.
жер бетінің белгілі бір телімін жазықтықта (1:10000 не одан
да үлкенірек масштабпен) шартты белгілердің көмегімен бейнелейтін
сызба (топографиялық План);
2.
қандай да бір ғимараттың немесе нәрсенің горизонталь
қимасы немесе оның жоғарыдан қарағандағы көрінісі;
3.
горизонталь проекция.
Достарыңызбен бөлісу: