15
Құрылымдық профилъдер – жер қыртысының берілген бағыттар
бойынша тіке тілігі және онымен қоса тіке бағытта жинақы
көрсетілетін маңайдағы құбылыстар (мысалы, геологиялық құрылым,
топырақтар өсімдіктер т.б.).
Блок-диаграммалар – бойлық және ендік профильдері
кескіндерімен қандай болса да беттің қосарланған үш өлшемді
жазықтықтағы картографиялық келбеттері. Олар тақырыбы
бойынша былайша жіктеледі:
– геологиялық және геоморфологиялық, жер беті құрылымының
жер қыртысы тіліктерімен қосарлануы;
– топырақтық, жер телімінің бедері мен топырақтық
профильдердің арақатысымен қосарлануы;
– мұхиттық су массалары, сапылары (фронттары,) ағыстары
мен тұздылығының қосарлануы.
Блок-диаграммалардың салынуы аффиндық және перспективтік
салындылармен орындалады.
Анаглификалық карталар (анагифтер) – қос бейнелеуден
стереоәсер (стереоэффект) пайда болатындай қылып, параллакти-
калық жылжытумен бірін-бірі толықтырушы екі түспен (мысалы,
көгілдір және қызыл) басылып шығарылатын карталар. Олармен
жұмыс істеуде арнайы светофильтрлі көзілдірік қажет. Бұл
карталар жер бедерін көрнекі сүлбі етіп қарауда қажетті оқу құралы
болып келеді.
Фотокарталар – фотобейнелеумен үйлестірілген карталар. Олар
жалпыгеографиялық, геологиялық, тектоникалық, ландшафтық жоне
ғарыштық, сондай-ақ Айдың және өңге планеталар бетінің
фотобейнелері болып бөліктенеді.
Бұлардан басқа транспарант, микрофиштердегі, цифрланған,
электрондық карталар, сондай-ақ картографиялық анимациялар
сияқты шығармалар да баршылық.
Достарыңызбен бөлісу: