Қ. Т. Сапаров г.ғ. д., С. Торайғыров ат


Топографиялық  карта  бойынша  географиялық  түсіндірме



Pdf көрінісі
бет21/151
Дата07.01.2022
өлшемі5,58 Mb.
#19097
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   151
Топографиялық  карта  бойынша  географиялық  түсіндірме 
беру 
Топографиялық  карта  жалпы  географиялық  картаға  жатады. 
Мынадай  масштабтан  1:1000  000-нан  1:10  000-ға  дейін  құралған 
карталар топографиялық деп аталады. 
Ең алғашқы топографиялық карталар (грекше topos  – орын) жер 
бетінің  нақты  бір  орнын  (нүктесін)  көрсетіп,  ірі  масштабта  сол 
аумақтың шекарасын толық суреттеп берген.  
Географиялық  түсіндірме  жер  теліміне  байланысты  беріледі.  Ол 
жалпы  және  қажеттіліктен  туындайтын  нақты  сипаттамаларды 
қамтиды да, жеке – дара мынадай бөлімдермен мазмұндалады: 
-  карта  туралы  деректер  (номенклатура,  басылымнан  шыққан 
жылы т.б.); 
-  зерделенетін жер телімінің шекараларына (ондағы нүктелердің 
географиялық  және  тік  бұрышты  мекен-жайлары)  және  геодезиялық 
негізіне (тректік пункттер, олардың түрі мен саны) түсініктеме; 
-  жер  аймағына  жалпы  сипаттама  (жер  бедерінің  кейпі,  басты 
елді мекендер, торапты жол қатынастары, орман тоғайлығы т.б.); 
-  жер  телімінің  бет  бедері  (жер  бедерінің  тұрпаттары, 
ауқымдылығы,  ұзына  бойы,  абсолюттік  және  салыстырмалық 
биіктіктердің  мәндері,  басты  суайрықтар,  баурайлардың  пішіні  мен 
еңістігі,  жыралардың,  құлама  жарлардың,  су  қазындыларының  бар 
болуы,  олардың  ұзына  бойы  мен  тереңдігі,  жер  бедерінің  жасанды 
тұрпаттары т.б.); 


 
17 
-  гидрография  (жеке  объектілердің  аттары,  ұзына  бойы,  ені, 
тереңдігі,  өзен  ағысының  бағыты  мен  жылдамдығы,  көлбеулігі, 
жағалаулардың 
сипаты, 
жайылмалар, 
тасымалдық 
маңызы, 
гидротехникалық  құрылыстар  т.б.;  жағалау  жиектерінің  сипаты, 
ауқымы,  судың  сапасы  мен  өзендердің  басқадай  сипаттамалары; 
суарналар, бұлақ көздері, құдықтар мен олардың сипаттамалары); 
-  өсімдік    дүниесі  (жыныстардың  кейіпі  мен  құрамы,  алып 
жатқан ауданы, жайғасуы); 
-  елді  мекендер  (аты,  кейпі,  қоныстанғандығы,  әкімшілік 
маңызы,  құрылымы,  тұлғалануы,  өнеркәсіптік,  коммунальды  
шаруашылық, байланыс объектілері т.б.); 
-  жол  желілері  (кейпі,  автокөлік  жолдары  –  жолдың  аты  немесе 
онымен қатынастырылатын пункттер, жамылғы сипаты, ені т.б., темір 
жолдар  –  саны,  тарту  күші,  станциялар  мен  вокзалдардың  аты  т.б., 
жол бойындағы құрылыстар және т.б.); 
-  жер  телімінің  басқадай  элементтері:  шекаралар,  топырақтар 
және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет