Топографиялық картаның (планның) басты қасиеті – оның
масштабтылығы. Масштаб – картадағы, пландағы немесе профильдегі
кесінді ұзындығының (ℓ) жер бетінде өлшенген қашықтықтың (D)
салынды ұзындығына (d) қатысы, яғни
ℓ = 1 = 1
d d: ℓ М
мұнда М – салынды ұзындықтың кішірейтілуінің дәрежесі.
Топогеодезиялық құжаттарда (карта, план, профиль) міндетті
түрде сандық, атаулық және сызбалық масштабтар көрсетіледі.
Сандық масштаб – алымы 1 санына тең тұрпайы бөлшек 1:М.
Атаулық масштаб – сандық масштабқа қатысты 1 см кесінді
ұзындығына жер бетінде неше метр салынды ұзындық сәйкес
келетіндігінің есебі.
Сызбалық масштаб – бұл сандық пен атаулық масштабтардың
ұштастырылғын түрі. Ол бойлық немесе көлденең бейнелі болып
келеді.
Топокарталар мен пландар үшін жалпы қабылданған сандық және
атаулық масштабтар мынадай:
Сандық
масштабтар
Атаулық масштабтар
Топокарталар үшін
1:1000000
1 см – 10000 м немесе 1 мм – 1000м
1:500000
1 см – 5000м « 1 мм – 200м
1:200000
1 см – 2000 м « 1 мм – 200 м
1:100000
1 см – 1000 м « 1 мм – 100 м
1:50000
1 см – 500 м « 1 мм – 50 м
1:25000
1 см – 250 м « 1 мм – 25 м
Топопландар үшін
1: 10000
1 см – 100 м « 1 мм – 10 м
1:5000
1 см – 50 м « 1 мм – 5 м
1:2000
1 см – 20 м « 1 мм – 2 м
1: 1000
1 см – 10 м « 1 мм – 1 м
1: 500
1 см – 5 м « 1 мм – 0,5 м
Ескерту. Профиль үшін пайдаланылатын масштаб 10 есе іріленеді.
Масштаб бойынша есеп (тура және кері есептер) шығару оның
атаулануынан басталады. Сондықтан атаулау іс-әрекетіне өте зерек
болу керек.